Главная страница

Та_ырыбы_ К_сіби маманны_ ерік _асиеттеріні_ дамуы. ожа Ахмет Яссауи атындаы азаТрік Университеті


Скачать 51.5 Kb.
Названиеожа Ахмет Яссауи атындаы азаТрік Университеті
Дата31.03.2021
Размер51.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаТа_ырыбы_ К_сіби маманны_ ерік _асиеттеріні_ дамуы.doc
ТипДокументы
#189914



Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы

Дайындаған: Мамидова Малика

Тобы: ЖМК-911.

Түркістан 2020

Кәсіби маманның ерік қасиетінің дамуы

ЖОСПАР

Кіріспе:

Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы.

Негізгі бөлім:

Тұлғаның кәсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Бүгін біз тұлғада , яғни кәсіби маманда ерік қасиеттердің дамуы туралы әңмелесеміз. Негізі ерік деген ұғымға тоқталатын болсақ. Мысалы ,Нургул апай бізге сіз ерік дегенде не түсінесіз деген сұрақ қойды. Біз барлығымыз өз ойымызды айттық. Біз ойымызды нақты түсіндіре алмадық. Бірақ апай нақты әрі түсінікті тілде түсіндіріп берді.

Меніңше өз еркісіз өмір сүретін адамның өмірінің мәні болмаса керек. Ойлап қараңызшы бір алманыда жегісі кеп тұрып , сұрауға ұялғанының өзі, оны ерксіз етеді. Әр бір адам өз ерік қалауымен өмір сүруі керек. Адамның еріксіз өмір сүргенінен ешқандай мән мағынасы болмайды . Сол үшінде орыстар "живи по своей воле" деп балдарын кішкентай кездерінен қалаған үйірмелеріне беріп , қалағандарын орындайды. Өз күнін өзі көрсін деп өз еркіне жіберіп қояды.

Дұрыс, өз еркіне жібергенде де шекарасы болады. Егер ол жаман жолға түсіп кетсе ше деген сұрақ туындайды .

Сол үшінде, ақыл бастан, бала жастан деп бекерге айтпаған. Егер сіздің балаңыз дұрыс тәрбие алған болса , оның ешқандай қорқатын түгі жоқ деп ойлаймын.

Ерік дегеніміз – адамның ішкі және сыртқы бөгеттерді жеңумен байланысты адамның әрекет қылықтары мен қызметін саналы түрде реттейді. Ерік саналықтың сипаты ретінде қоғамның еңбек әрекетінің пайда болуымен қалыптасты. Ерік адам психологиясының маңызды компоненті және ол танымалдың және эмоцияналдық процестермен тығыз бацланысты. Адамның барлық әрекеттерін екі категорияға бөлуге болады: 1.ырықты және ырықсыз, 2. шартты немесе шартсыз.

Ырықсыз әрекеттер, саналы емес немесе нақты емес, саналы емес қозу нәтижесінде жүзеге асырылады. Мысалы: аффект қалпындағы қорқыныш ашу немесе т.б. адам әрекеттерін айтуға болады. Ырықты әрекеттер, нақты мақсат, түрлі тәсілдерді жоспарлау негізінде жасалынады. Ендеше ырықты әрекеттер саналы түрде жасалынса, ол әрине адам еркімен шарттас болады. Адам өмірінде ерік мақсат таңдауда, шешім қабылдауда, түрлі бөгеттерді жеңуде қажет.Ерік – адамның физикалық, интелектуалдық және моральдік күшін жинақтаушы жүгіле – психикалық қысымның ерекше қалны. Адамның ішкі дүниесін күрделілігімен сыртқы қиындық деңгейіне қарай еріктің көрінілуінің төрт нұсқасын қарастыруға болады. Басқа психиқалақ әрекеттер сияқты еріктің қызмет атқаруы мидың қызмет етуімен байланысты. Күрделі еріктік әрекеттер келесі этаптардан тұрады:

мақсатты түсіну.

мақсатқа жетудің бірнеше мүмкіндіктерін түсіну.

мотивтер күресі.

бұл мүмкіндіктердің нақтылаушы және жоққа шығарушы мотивтердің пайда болуы.

шешім ретінде біреуін қалылдау.

қабылданған шешімді жүзеге асыру.

қабылданған шешімді жүзеге асырудағы сыртқы бөгеттерден жеңу.

Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.

Ш.Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады. Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис – жын-шайтан қуу үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы – тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.

Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек əрекеті ғана, яғни адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек əрекеті арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мəдени ортаға айналдырып өзгертті жəне өзі де өзгерді əрі мəдениленді. Осындай жасампаздық əрекеті арқасында адам қарапайым еңбек əрекетін күрделендірді əрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен жеке-жеке кəсіп түрлері бөлініп шығып, кəсіппен айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тəжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кəсіпке кіріскен.

Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.

Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді. Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас . Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды өмірінде өзара əрекеттесіп, кəсіби өмір сценарийінің кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады.

Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгереді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты кəсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда болады. Тұлғаның кəсіби қалыптасу мəселесін терең зерттеген отандық психологтардың бірі Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- əрекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті:

кəсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы;

кəсіби білім беру жəне кəсіби іс-əрекетке дайындық;

мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру жəне өндірістік ұжымнан өз орнын табу;

кəсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы .

Е.А. Климов төмендегідей кəсіби бағдарланған кезеңді ұсынды:

Оптация кезеңі (12-17 жас) – кəсіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық;

Кəсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) – болашақ кəсіби іс-əрекет икемділігіне үйрену, қажетті білім алу;

Кəсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) – кəсіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру жəне іс- əрекет субьектісінің əрі қарай дамуы.

А.К. Маркова кəсіпқойдың қалыптасуында 5 деңгей мен 9 кезеңді бөліп көрсетті:

Кəсіпқойлыққа дейін мамандықпен алғаш рет танысу кезеңі;

Кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: мамандыққа бейімделу, өзін-өзі таныту жəне шеберлілік түріндегі мамандықты еркін меңгеру;

Жоғары кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: шығармашылық түрде мамандықты еркін меңгеру, əр түрлі мамандықтармен шұғылдану, өзін-өзі тұлға ретінде өзіндік шығармашылық болжау жасау;

Кəсіпқой емес тұлғаның оқшаулануынан еңбектің кəсіби бүлінген нормалары арқылы орындалуы;

Кəсіпқойлықтан кейін кəсіби іс-əрекеттің аяқталуы .

Кəсіби қалыптасу процесіндегі іс-əрекет динамикасын Н.С. Глуханюк зерттеген. Оның айтуынша, кəсіпке дайындық, оған бейімделу, шеберлік т.б. кезеңдерде тұлға іс-əрекеті күрделене жəне кеңейе түседі. Ал, В.Д. Шадриков кəсіби мəнді сапа ретінде іс-əрекет тиімділігіне жəне меңгеру табыстылығына əсер ететін іс-əрекет субъектісінің индивидуалды сапаларын қарастырған .

Н.С. Пряжников кəсіби өзіндік анықталуды зерттей келе, оның келесі түрлерін бөліп қарастырған: нақты еңбек функциясы кезіндегі, нақты еңбек орнындағы, нақты мамандықтағы, нақты кəсіптегі, өмірлік, тұлғалық жəне тұлғаның мəдениеттегі анықталулары . Л.М. Митина кəсіби іс-əрекет қалыптасуының екі моделін бөліп көрсетті. Бейімдік (адаптивті) моделі – адам сана-сезімінде кəсіби еңбектің сыртқы жағдайларға тəуелді болу тенденциясы кəсіби міндеттер, ережелер, нормаларды шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым болады.

Кəсіби даму моделі – тұлғаның қалыптасқан практика шектерінен шығу, өз іс-əрекетін практикалық қалыптасу затына айналдыру жəне сол арқылы өзінің кəсіби мүмкіндіктерінің шектерін жеңе алу қабілеттіліктерімен сипатталады . Тұлғаны сана атрибуты ретінде қарастыратын болсақ, онда ол өзінің қажеттілігін бойындағы белсенділікпен көрсете алады. Бұл арада тұлға алдындағы құндылық пен сол құндылыққа жету мүмкіндігі орын алуы үшін тұлғаның ішкі рухани қабілеті жұмсалып, оның əрекеті белсенді сипатта болуы керектігін айтып кетсек болады. Əлбетте, белсенділік дара емес əлеумет, ұжым ішінде көрінеді. Сондықтан біз студенттердің де іс-əрекетін қоғамдық іс- əрекеттерден бөлу мүмкін еместігін, олармен қатар кəсіби, педагогикалық жəне т.б. іс-əрекеттердің жүретіні жайлы айтқымыз келеді. Л.С. Выготский бұл мəселені яғни, тұлғаны əлеуметтік орта мен қоғамнан бөліп қарастыру мүмкін еместігін қарастыра келе, психологияда дамудың əлеуметтік жағдайлары деген түсінікті енгізген. Оның айтуынша, тұлғаның дамуы индивидтің мəдени құндылықтарды меңгеруімен ұйғарылады. Адамдық мазмұн жəне мəн адам қатынастары нəтижесінде туындайды, яғни баланың баламен, үлкендермен тікелей əлеуметтік байланысы кезінде туындап, интериоризация арқылы адам санасында дамиды. Сонда бұл жерде адам қоғаммен жəне басқа адамдармен біріккен іс-əрекет жасау арқасында қалыптасады, дамиды жəне өзгереді десек те болады .

Тұлғаны белгілі-бір іс-əрекет тəсіліне дайындық күйлерін реттейтін функциялар өте көп. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, əлеуметтік бағдарларды, субъективтік қатынастарды, жетекші түрткіні қарастыруға болады. Отандық психологияда индивидпен саналанатын жəне мойындалатын барлық əлеуметтік құндылықтар оның өмірі барысында ассимиляцияланып, даралық құндылықтарға айналатыны жөнінде пікір айтылған. Адамның кəсіпке бейімделуі басталғанда ол көптеген бейтаныс адамдармен байланысқа түседі. Ол тұлғаны тұрақты қалыптастыратын фактордың ең негізгісі кəсіптік қызмет процесінде, оң мотивация ретінде кəсіптік қажеттілік қалыптасқанда болады дейді. Климовтың ойынша, əрбір кəсіптік топ үшін өз қызметтерінің мəні, құндылықтары бар. Егер таңдалған кəсіп, өмірлік мəн, субъекті бірлессе, онда кəсіптік қызмет мəнді, өмірлік сипатқа тең болады.

Э. Эриксонның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер рөлін қабылдауымен байланыста болады. Тұлға қалыптасуының алғашқы кезеңі мектепке дейінгі жас. Тұлғаның əлеуметтену процесі адам өмірінің алғашқы сағаттарынан басталады. Бірақ алғашқы үш жыл өмірдің тарих алды, яғни оның дамуына қажетті жағдай туғызу кезеңі болып табылады. Элькониннің жіктемесі бойынша бұл нəрестелік кезең делінеді. Мектепке дейінгі кезең - (3-7 жас) алғашқы этикалық нормалар қабылданатын кезең. Баланың негізгі қызмет түрі рөлдік ойын. Осы кезеңде бала идентификация арқылы ережелерді, нормаларды, критерийлерді қабылдайды. Бұл процесс дəнекер үлкен адам арқылы жəне құрбысы арқылы жүзеге асады. Балалардың жүріс-тұрысына үлкен адамдар, олардың қимыл- қозғалысы, қарым-қатынасы үлгі болады. Жасөспірімдік кезең (10-11, 13-14 жас). Бұл жастағы балалардың негізгі қызметі айналасына айрықша назар аудару. Сонымен қатар, бұл жаста араласудың ерекше нысаны – құштарлық (интимдік) қатынас пайда болады. Жасөспірімдік шақтың алғашқы кезеңінде құрбыларға деген бағдарда бұрылыс болады. Құрбылармен сөйлесу жəне мұндай қатынастардағы жақсылық жасөспірім үшін үлкен құндылық. Кольбергтің жіктемесі бойынша, бұл кездегі құндылықтың қалыптасуындағы негізгі рөл эмоцияға беріледі. Оның ойынша, дəл осы жасөспірімдік кезде эмоция дамуының психологиялық сатысы басталады. Жастық кезде (15-18 жас) тұлғаның негізгі компоненттері қалыптасады. Олар мінез, жалпы жəне арнайы қабілеттер. Тұлғаны қалыптастыратын қиын компоненттер үлкен өмір табалдырығын аттаудың алғышарттары болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі, өзіндік рефлексияның күшеюі, яғни өзінің тұлғасын тану, өз қабілеттерін бағалау.

Осы кезде венгр философы П. Хайдудың айтуынша білім алу кезінде эмоционалдық бағалау мен уайымдау болмаса, индивидтер позитивтік құндылықтарды тек сөз жүзінде вербалды деңгейде ғана қабылдайтын болады . Сонымен əлеуметтік нормалар мен жалпы қабылданған принциптерді рационалды бағалау, саналы ішкі қабылдаудың негізгі жағдайы болып табылады. Жоғары оқу орындарында кəсіби дайындыққа оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, оқу-тəрбие шаралары т.б. жағдайлар əсер етеді. Бұл ықпалдарды көптеген зерттеушілер жұмысынан байқауға болады. Б.С. Круглов, А.В. Петровскийлердің айтуларынша, оқытуды ұйымдастыру кезіндегі дəстүрлі емес нысандар құндылықтық бағдарлардың қалыптасуына əсер етеді. Сонымен, бұдан көрініп тұрғандай белгілі бір құндылықтың пайда болуы кəсіпке бейімделуге септігін тигізеді. Оқыту процесі кезінде, кəсіптік оқыту кезінде студенттердің бойында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға үлкен əсер тигізетін тұлға ұстаз болып табылады. Ол ұстаздың оқыту процесін ұйымдастыруына жəне оның мазмұнына байланысты.

Сондықтан, кəсіпке бейімделудегі құндылықтың дарытылуын қамтамасыз ету мақсатында оқытушылардың біліктілігі мен тəжірибесіне зор мəн беру қажет.Кəсіпке дайындалу жүйесі адам өмірінде ұзақ жылдар қалыптасып, біртіндеп индивидтің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Индивидтің бойындағы кəсіпке дайындалу қандай деңгейде болса да, ол өзінің маңызы бойынша адамды сипаттап, əлеуметтік жағдайларда адам мінез-құлқын саналы түрде басқарып, реттеп отыратын əрекетте өзінің ерекше орнын көрсетеді. Осылайша, кəсіпке дайындық адамның мақсатына жетудегі барлық іс- əрекетін басқаруға əсер етіп отыратын ерекше сипатымен түсіндіріледі. Сондықтан да, біз студенттердің бойындағы кəсіпке дайындық ерекшеліктерін, оның кəсіпке бейімделуге əсерін қарастыруға ниеттендік. Ал жұмыс қорытындысы болашақта келер ұрпақты оқыту мен тəрбиелеуде өз əсерін тигізеді деген ойдамыз.

Пайданылған әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.

2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.

3. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.

4. Сеченов и.М. Физиология нервных центров: из лекций, чит. В собрании врачей в Москве в 1889-1890 гг. – М Изд. АМН СССР, 1952

5. Симонов П.В. Мотивированный мозг: Высшая нервная деятельность и

естественно – научные основы общей психологии / Отв.Ред. В.С.Русинов – М Наука, 1987

6. Чуприкова А. Психика, сознания как функция мозга. М. 1994г.


написать администратору сайта