Главная страница
Навигация по странице:

  • Ситуациялық есеп

  • Анамнезінде

  • Обективті қарау

  • Зертханалық және аспаптық зерттеулерде келесі мәліметтер анықталды.

  • Медикаментозды емес ем: -Диета сақтау майлы тұзды тағамдарды шектеу-Артық салмақтан арылу5) Медикаментозды ем

  • Кардиалогия БӨЖ ӘСЕЛ. ожа Ахмет Яссауи атындаы халыаралы азатрік университеті


    Скачать 346.83 Kb.
    Названиеожа Ахмет Яссауи атындаы халыаралы азатрік университеті
    Дата18.12.2021
    Размер346.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКардиалогия БӨЖ ӘСЕЛ.docx
    ТипДокументы
    #307668

    Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

    Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы

    БӨЖ

    Ситуациялық есеп

    Орындаған: Пернебаева Әсел

    Қабылдаған: Даулетова М.Д

    Топ: ЖМ-807

    Түркістан: 2021 ж

    Ситуациялық есеп
    Науқас 57 жаста жедел жәрдеммен мына шағымдар бойынша түсті жүрек соғысының бұзылуымен, жалпы әлсіздік, басының айналуы мен ауырсынуына, тез шаршау, қатты жүргенде ентігу.
    Анамнезінде: 13 жыл ішінде артериялық қан қысымы максимальді АҚ 190/120 мм.сын.бағ дейін көтерілген. Адаптациялық қан қысымы 130/90 мм.сын.бағ. Күнделікті энаприл 10 мг 1 реттен және амлодипин 5 мг кешке қолданады. Кеуде тұсында ауырсынулар болмаған. Жағдайы 3 күн ішінде нашарлағандықтан жедел жәрдем шақарған.
    Обективті қарау: Жалпы жағдайы орташа есі анық. Ісіктер жоқ. Тері жамылғыларында бөрітпелер жоқ. Бойы-178 см, салмағы-107 кг. Жамбас, сан және іш аймағында май жиналған. Терінің ылғалдылығы жоғары. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары ритмді емес. Жүрек соғу жиілігі минутына 121 рет. АҚ тыныштықта отырғанда-170/110 мм.сын.бағ.
    Зертханалық және аспаптық зерттеулерде келесі мәліметтер анықталды.

    Липидограмма: жалпы ХС-5,9 ммоль / л( нормасы 5,0 ммоль/л-ден кем), ХС ЛНП-3,5 ммоль /л (нормасы- 3,0-ден кем ммоль/л), ХС ЛВП - 0,9 ммоль/л (нормасы - 1,0 ммоль/л - ден астам), ТГ - 2,0 ммоль/л (нормасы-1,7 ммоль / л-ден кем).

    ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығы-1,3 см (норма - 0,8-1,1 см), ФВ ЛЖ - 53% (норма - 55-75%).
    Сұрақтар:

    1. Синдромдарды анықтаңыз

    2. Диагнозды құрастырыңыз

    3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

    4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу




    Жауабы


      1. Ырғақ бұзылысы синдромы

    Метаболикалық синдром

    Артериялық гипертензия синдромы

      1. Артериялық гипертензия III дәреже, этиологиясы анықталмаған. Атриальды фибрилляцияның пароксизмальды тахисистолалық түрі.

    I дәрежелі семіздік (ИМТ= 33,77 кг/м2).

      1. ЭКГ

    ЭхоКГ

      1. Медикаментозды емес ем:

    -Диета сақтау майлы тұзды тағамдарды шектеу

    -Артық салмақтан арылу

    5) Медикаментозды ем:

    1. Пароксизмнің 48 сағаттан астам уақытқа созылуына байланысты антикоагулянттарды тағайындау керек: Варфарин 5 мг

    Кордарон 600-1200 мг/тәулік ішінде

    Егер синус ырғағын қалпына келтіруге қарсы көрсетілімдер болса,

    Варфарин немесе Дабигатран 150 мг күніне 2 рет немесе Апиксабан 5 мг күніне 2 рет немесе Ривароксабан 20 мг тәулігіне 1 рет

    өмір бойы.

    Гипертензияға қарсы терапияны күшейту қажет, мысалы, эналаприлді күніне 2 рет 10-20 мг диуретиктермен біріктіріп (таңертең 1,5 мг баяу босап шығатын Индапамид немесе Гидрохлортиазид

    Таңертең 12,5-100 мг) немесе ИПФ-ны Азилсартан медоксомилімен таңертең 40 мг алмастыруға болады. Жүрек жиырылуының ырғағын бақылау үшін - Метопролол 12,5 мг күніне 2 реттен, ЖСЖ бақылыуымен.


    написать администратору сайта