Главная страница
Навигация по странице:

  • «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

  • Педиатрия мектебінің 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау Сабақ тақырыбы

  • 1 – нұсқа 1 тапсырма.

  • 3 тапсырма. Жағдайлық есептерді шығару. Есепті дұрыс шығарған жағдайда - 20 балл

  • Анатомия 14 нұсқа 1 нұсқа. 1 нұсқа 14 сабақ (копия). ол айматары. ол артериялары топографиясы, проекциясы, тарматары, андандыру айматары. олды беткей жне тере веналары. олды лимфа тамырлары мен тйіндері


    Скачать 190.13 Kb.
    Названиеол айматары. ол артериялары топографиясы, проекциясы, тарматары, андандыру айматары. олды беткей жне тере веналары. олды лимфа тамырлары мен тйіндері
    АнкорАнатомия 14 нұсқа 1 нұсқа
    Дата26.04.2022
    Размер190.13 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 нұсқа 14 сабақ (копия).docx
    ТипДокументы
    #497028





    «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
    НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»


    Анатомия кафедрасы

    Әдістемелік нұсқау

    Редакция: 1

    12 беттің 1





    Педиатрия мектебінің 1 курс студенттеріне арналған

    әдістемелік нұсқау
    Сабақ тақырыбы: Қол аймақтары. Қол артериялары: топографиясы, проекциясы, тармақтары, қандандыру аймақтары. Қолдың беткей және терең веналары. Қолдың лимфа тамырлары мен түйіндері. Иық өрімі: топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

    1 – нұсқа
    1 тапсырма. Тест түріндегі сұрақтар (бір және бірнеше дұрыс жауаппен). Әр сұраққа – 3 балл.
    1. Хирург қолтық аймағының қантамыр-нерв шоғырын ашқан кезде ең бірінші кездесетін анатомиялық түзіліс:

    1. қолтық артериясы

    2. қолтық венасы

    3. қолтық нерві

    4. иық өрімі

    5. шынтақ нерві

    2.Иық аймағында орналастын екі шандырлы құндақты атаңыз:

    1. артқы

    2. Латералді

    3. алдыңғы

    4. Медиалді

    5. Бүйір

    3.Тоқпан жіліктіің хирургиялық мойны сынған науқаста, жарақттану аймағында жайылған гематома түзілді, гематома қай артерияның зақымдануы нәтижесінде пайда болды:

    1. тоқпан жілікті коректендіретін артерияның

    2. иықтың терең артериясының

    3. тоқпан жіліктің артқы айналма артериясының

    4. иық артериясының

    5. қолтық артериясының

    4. Қандай екі магистралды артерия бір -бірімен жауырын артериалды шеңбері арқылы анастомозданады:


    1. бұғанаасты артериясы (a. subclavia)

    2. иық артериясы (a. brachialis)

    3. қолтық артериясы (a. axillaris)

    4. иықбас сабауы (tr. brachiocephalicus)

    5. омыртқа артериясы (a. vertebralis)

    5.Бұлшықет-терілік нерв нервтендіретін бұлшықеттер:


    1. білектің алдыңғы тобы

    2. иықтың алдыңғы тобы

    3. иықтың артқы тобы

    4. білектің артқы тобы

    5. қол басы

    6.Қолтық шұңқырынан (fossa axillaris) ірің қандай аймақтарға таралуы мүмкін:


    1. бастың шүйде аймағына (regio capitis occipitalis)

    2. мойын аймағына (regio colli)

    3. иықтың артқы аймағына (regio brachii posterior)

    4. дельтаасты майлы кеңістігіне (spatium subdeltoideum)

    5. иықтың алдыңғы аймағына (regio brachii anterior)

    7. Қолдың медиалды тері астылық венасы құйылады

    1. иық венасына

    2. қолтық венасына

    3. бұғана асты венасына

    4. сыртқы мойындырық венаға

    5. қолдың латералды тері астылық венасына



    8.Иық артериясының тармағы

    1. беткей алақандық тармақ

    2. иықтың терең артериясы

    3. сүйекаралық артерия

    4. жауырын астылық артерия

    5. кәрі жіліктік қайырылма артерия


    9.Тоқпан жіліктің хирургиялық мойны (collum chirurgicum) сынған кезде қандай нерв зақымдануы мүмкін?


    1. шынтақ жілік нерві (n. ulnaris)

    2. кәріжілік нерві (n. radialis)

    3. ортаңғы нерв (n. medianus)

    4. қолтық нерві (n. axillaris)

    5. қабырғаасты нерві (n. subcostalis)

    10. Иық буыны (art. humeri) артқы бөлігін ашқан кезде қандай нерв зақымдануы мүмкін?


    1. кәріжілік нерві (n. radialis)

    2. шынтақ жілік нерві (n. ulnaris)

    3. ортаңғы нерв (n. medianus)

    4. қолтық нерві (n. axillaris)

    5. қабырғааралық нерв (n. intercostalis)

    11.Қолтық нерві (n. axillaris) зақымданған кезде қандай симптомдарды байқауға болады?


    1. делта аймағының сезімталдығының бұзылуы (regio deltoidea)

    2. білектің бүйір бетінің сезімталдығының бұзылуы

    3. білектің латералді бетінің сезімталдығының бұзылуы

    4. саусақ ұшы буындарының сезімталдығының бұзылуы

    5. саусақтардың сезімталдығының бұзылуы

    12.Білектің алдыңғы топ бұлшықеттерін қандандырады

    1. кәрі жілік артериясы

    2. иық артериясы

    3. сүйекаралық артқы артерия

    4. шынтақ жілік артериясы

    5. алақандық беткей доға

    13. Білектің алдыңғы тобының бұлшықеттерін нервтендіреді

    1. кәрі жілік нерві

    2. ортаңғы нерв

    3. бұлшықет – терілік нерв

    4. шынтақ жілік нерві

    5. қылқан үстілік нерв


    14. Иық сүйегі (humerus) сынған кезде қандай нервтер зақымдануы мүмкін:


    1. ортаңғы нерв (n. medianus)

    2. кәріжілік нерві (n. radialis)

    3. бұлшықет-тері нерві (n. musculocutaneus)

    4. қолтық нерві (n. axillaris)

    5. шынтақ жілік нерві (n. ulnaris)

    15.Иықтың артқы аймағында (reg. humeri posterior) кәріжілік нервімен (n. radialis) бірге қандай артерия жатады?

    1. иық артериясы (a. brachialis)

    2. иықтың терең артериясы (a. profunda brachii)

    3. кәріжілік артериясы (a. radialis)

    4. кәріжілік артериясының тармақтары (rr. a. radialis)

    5. кеуденің латералды артериясы (a. thoracica lateralis)

    2 тапсырма. Кестеде 5 қадам. 1 қадам -7 балл.
    Тапсырма- 2




    №1 артерияны атаңыз



    №2 артерияны атаңыз



    №3 артерияны атаңыз



    №4 артерияны атаңыз



    №5 артерияны атаңыз




    3 тапсырма. Жағдайлық есептерді шығару. Есепті дұрыс шығарған жағдайда - 20 балл

    Есеп 1.

    Аденофлегмона хирургиялық ауруы кезінде, іріңнің жайылмалы кезеңінде қолтық қуысынан ірің қандай көрші аймақтарға таралуы мүмкін. Қолтық аймағынан іріңнің мүмкін болатын алғашқы ағу жолдарына анатомиялық негіздеме беріңіз.
    Жауап:

    Құрастырған: лектор Сейфульдинова М.А.


    написать администратору сайта