Гандбол. Гандбол Тошанова Т. кШИ 20-11. ол добы (аылш Handball орыс Гандбол) спортты доп ойыны. Гандбол добы 7ге 7 ойыншыдан ойналатын топты ойын, допты олмен ана ойнайды. Ойынны басты масаты ммкіндігінше арсылас топты апасына кбірек доп латыру. Шыу тарихы
Скачать 222.44 Kb.
|
Қол добы (ағылш: Handball; орыс: Гандбол) — спорттық доп ойыны. Гандбол добы 7-ге 7 ойыншыдан ойналатын топтық ойын, допты қолмен ғана ойнайды. Ойынның басты мақсаты - мүмкіндігінше қарсылас топтың қақпасына көбірек доп лақтыру. Шығу тарихы Ежелгі гректер гандбол ойнаптұр Бұл спорт түрінің пайда болу уақыты 1898 жыл деп есептеледі, бұл спорт ойының Германияда дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап тапты. Халықаралық қол добы федерациясы 1928 жылы құрылды. 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиялық ойындарбағдарламасына енді. 1946 жылы Халықарлық қол добы федерациясының ережелері өзгертіліп қайта құрылды. Қазақстанда қол добынан алғашқы жарыстар 1925 жылдан бастап өтіп келеді. Ал ресми жарыстар 1959 жылдан бастап өтуде. Қол добының әр командада 7 немесе 11 адам ойнайтын екі түрі бар. Алғашқысы 40x20 м алаңда ойналады. Доптың салмағы 425–475 грамм, диаметрі 54–56 сантиметр, қақпаның ені 3 метр, биіктігі 2 метр. Ойыншылардың қақпа алдындағы 6 метрлік алаңға енуіне болмайды. Ойын 30 минуттық (әйелдер үшін 25 минут) екі таймнан тұрады. Қол добынан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасы 2002 жылы Азиячемпионы және 14 - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ойын ережелері Ойын жабық алаңда өтеді, бұл алаң тіктөртбұрыш секілді болып келеді, және де бұл аланның ұзындығы 40м ал ені болса 20м. Доп Гандбол добы таза теріден және синтетикалық материалдан жасалады. Ол домалақ және тайғанамайтын, жылтырап тұратын болмау қажет. Гандбол добының 3 өлшемі бар: 1) 8-12 жастағы балаларға арналған. Салмағы 290-330 г. 2) 12-16 жастағы балаларға арналған. Салмағы 325-375 г. 3) 16 жастан асқан адамдарға арналған. Салмағы 425-475 г.[ Гандбол тарихы Гандбол спортын Дат футболшылары ХІХ-ХХ ғасырдың басында ойлап тапты. Қыс мезгілінде ойыншылар футбол ойынының орнына қолмен ойнайтын спорт түрін ойлап табуға кірісті. Нақтырақ айтсақ Гандболдың тарихы 1898 жылы дүниеге келді. Дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен оқушыларға допты қолмен ойнауды ұсынды. Сонымен қоса «handball» деп атады. Команда 11 адамнан тұрды. (10 ойыншы және 1 қақпашы). Допты тек қана қолмен өткізуге рұқсат берілді (голкипер үшін ерекше жағдай жасалған). Ойыншылар қарсылас команданың қақпасына кішкентай допты салу керек болды. Гандбол ойындары ашық ауада өтті. Уақыт өте келе ойын ережелері өзгерді. 1954 жылы екінші гандболдан әлем чемпионатында жарыстар ауа-райына байланысты залға ауыстырылды. Алғашқы матч Командадағы ойыншылардың саны азайып, жеті ойыншы болып өзгертілді. (ерлер үшін — 1938 жылы, әйелдер үшін — 1957 жылы). Оған қарамастан 30 жыл бойы команда арасындағы бәсекелестік екі схема бойынша өткізілді. (7-ден 7 немесе 11-ден 11-ге дейін). Алғашқы матч 1920 жылы Берлин қаласында Германия чемпионаты өткізілді. 1923 жылы ойын ережелері түзетілді. Доптың өлшемін төмендетіп, «үш секунд» және «үш қадам» ережелерін енгізді. Бұл ойынның техникасын айтарлықтай арттырды. 1925 жылы неміс командасы мен австриялық команда арасында бірінші халықаралық кездесу өтті. Матч 5: 6 есебімен аяқталды. 1926 жылы гандбол халықаралық спорт түрінде енді. Ол спорттың бірнеше елдің дамуына серпін берді. Спорт клубтары Люксембургте, Испанияда, Швейцарияда пайда болды. Ал 1928 жылы Амстердамда Халықаралық әуесқой гандбол федерациясы құрылды. 1936 жылы гандбол алғаш рет Берлинде өткен Олимпиада ойындарына енгізілді. sputnik-georgia.ru 1946 жылы гандбол дамуға жаңа серпін алды. Халықаралық гандбол федерациясы (IHF) құрылды. Ол спорт түрінің әлемдік жаңғыртуға бағытталған бағдарламаны бекітті. Сондай-ақ әлем чемпионаттарын өткізу жоспарын бекітті (11х11 форматта). 1966 жылдан бастап гандбол командасында 7 адам болды. Гандбол ережесі Алаң өлшемі (40 х 20 м) және қақпа (3 х 2 м) құрайды. Ерлер жарыстарында доптың өлшемі 58-60 см-ге дейін, салмағы 425-ден 475 г-қа дейін (әйелдердің тиісінше 54-56 см және 325-400 г) қолданылады. Ойыншылар екі тайм ойнады: ерлер — 30 минут, әйелдер — 25 минут. Гандбол ережелерін төреші қадағалайды. Қарсыласқа қатысты өрескел ойын үшін судьялар 2 минутқа ойыннан шығартады және жеті метрлік еркін атуды тағайындайды. |