Главная страница
Навигация по странице:

  • Көмекші уақыт (Т

  • Қосымша уақыт (Т

  • Дайындау – қорытындылау уақыты (Т

  • Тәжірибелік жұмыс. Тәжірибелік жұмыс 5 ТСХМ. Операцияларды техникалы нормалары


    Скачать 125.17 Kb.
    НазваниеОперацияларды техникалы нормалары
    АнкорТәжірибелік жұмыс
    Дата28.05.2021
    Размер125.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТәжірибелік жұмыс 5 ТСХМ.docx
    ТипДокументы
    #210948

    Тәжірибелік жұмыс 5

    Операцияларды техникалық нормалары
    Бөлшекті жасау технологиялық процесінде әр – түрлі операциялар орындалады. Бөлек операцияны орындау үшін жұмсалатын техникалық уақыт нормасы келесі формуламен есептеледі:
    (8)
    мұнда: То – негізгі уақыт, мин;

    Тв – көмекші уақыт, мин;

    Тдоп – қосымша уақыт, мин;

    Тп-з – дайындау – қорытындылау уақыты, мин;

    n – бір партиядағы бөлшектердің саны, дана.

    Негізгі уақыт (To) – операция ішіндегі өтулердің белгілі жұмысты орындауға жұмсалатын уақыт. Бұл уақыт бөлшектің формасын және өлшемдерін өзгертуіне жұмсалатын уақыт. Негізгі уақыт келесі формуламен есептелінеді:
    (9)
    мұнда: L – өңделетін беттің есептеген ұзындығы, мм;

    і – жүрістердің саны;

    n – бөлшектің немесе сайманның айналымы, айн/мин;

    S – сайманның немесе бөлшектің берілісі, мм/айн.

    Өнделетін беттің есептелген ұзындығын келесі формуламен есептейміз:
    L = l + y = l + y1 + y2 (10)
    мұнда: l – сызу бойынша өңделетін беттің ұзындығы, мм;

    у1 – сайманың кіруі, (38 кесте [3]) мм;

    у2 – сайманның шығуы, мм.
    Айналмалы кескіштермен (құйынды әдіспен) бұранда кесудегі негізгі уақыт келесі формуламен анықталады:


    ,


    (11)


    мұндағы lo – бұранда ұзындығы, мм;

    lвр – бұранданы кірекесу көлемі, мм (бұранда қадамы lвр=1÷2, мм);

    lп – бұранданың асыпкеткіштік көлемі, мм (бұранда қадамы lп=1÷2, мм);

    s – кесілетін бұранданың қадамы, мм;

    n – бір минуттағы тетіктің айналу саны; DН – бұранданың сыртқы диаметрі, мм;

    soкескішті бастиектің бір айналымындағы бір кескішке тетіктің шеңберлі берілісі, мм;
    ; (12)
    np – бір минуттағы кескішті бастиектің айналымдар саны;
    ; (13)
    - кесу жылдамдығы, м/мин;

    Dp– кескішті бастиектің диаметрі, мм;

    zp– кескішті бастиекте бекітілген тістер саны (zp=1÷2); i – жүрістер саны (i=1; бұранда әдетте бір жүрісте кесіледі).
    Плашкамен бұранда кесу кезінде негізгі уақыт келесі формула бойынша анықталады:


    ,


    (14)


    мұндағы lo – кесілетін бұранда ұзындығы, мм;

    lвр – плашканың кірекесу өлшемі, мм;

    lп – плашканың асыпкеткіштік өлшемі, мм (lвр=lп=1÷2 бұранда қадамы,мм);

    s – кесілетін бұранда қадамы, мм;

    n – жұмыс жүрісі кезінде бір минуттағы айналым саны (бұранда кесу кезінде);

    no – кері жүріс кезінде бір минуттағы айналым саны (бұрап шығару кезінде).
    Өздігінен ашылатын бұранда кескіш бастиектермен бұранда кесу кезінде негізгі уақыт келесі формула бойынша анықталады:


    .

    (15)


    Бұранда фрезерлеу білдектерінде дискті фрезамен бұранда кесудің негізгі уақыты келесі формула бойынша анықталады:


    ,

    (16)


    мұндағы t1 – бірінші өтпе кезіндегі кесу уақыты;

    t2 – екінші өтпе кезіндегі кесу уақыты;

    t3 – үшінші өтпе кезіндегі кесу уақыты.
    Әрбір өтпедегі кесу уақыты жеке анықталады, себебі минуттық беріліс және әрқайсысына кірекесу әртүрлі.

    Әрбір өтпенің кесу уақыты ti келесі формула бойынша анықталады:


    ,


    (17)


    мұндағы lо – бұранда ұзындығы, мм;

    lвр– дискті фрезаның кірекесу өлшемі, мм;

    lп – дискті фрезаның асыпкеткіштік өлшемі, мм (өтпеге бұранда үшін lп=1÷3 бұранда қадамы; тірелетін бұранда үшін lп=0);

    d – кесілетін бұрандаманың сыртқы диаметрі, мм;

    st – бұранда қадамы, мм;

    α – бұранда орамының кесілетін тетікке еңістік бұрышы, градуста;

    sм – кесілетін тетіктің сыртқы шеңбері бойынша минуттық беріліс, мм/мин;

    i – жүрістер саны;

    g – бұранданың кірістер саны.
    (18)
    мұндағы sz – бұрандалы фрезаның бір тісіне беріліс, мм; z – бұрандалы фрезаның тістер саны; nф – бір минутта бұрандалы фрезаның айналымдар саны;
    ,
    мұндағы - кесу жылдамдығы, м/мин; D – фреза диаметрі, мм.
    Дискті фрезаның кірекесу өлшемін формуламен анықтауға болады:
    , (19)
    мұндағы t – бұранда тереңдігі, мм.
    Бұранда фрезерлеу білдектерінде топты фрезамен бұранда кесу үшін негізгі уақыт төменде келтірілген формуламен анықталады; тетік бір айналым жасайды және кірекесу коэффициенті 1,2 тең деп қабылданған; өтпелер саны және кірістер саны топты фрезамен кесу кезінде бірлікке тең:





    (20)


    Тесікті бұрғымен, ұңғымен, үңгімен, ұңжоңғыменжәне кірекесуші пышақпен өңдеу кезіндегі негізгі уақыт мына формуламен анықталады:





    (21)


    Бұрғылау, ұңғылау және үңгілеу кезінде құралдың өту ұзындығы өңделуші тесік ұзындығы, кіру ұзындығы және құралдың өтіп кету ұзындығының қосындысымен анықталады:. Осы жұмыс түрлері үшін негізгі уақыт формуласы мына түрде болуы мүмкін:




    (22)


    өңделуші тесік ұзындығы, мм; – кіру ұзындығы, мм; – бұрғының өтіп кету ұзындығы, мм.

    Бұрғылау кезіндегі кіру ұзындығы мына формуламен анықталады:





    (23)


    мұнда – бұрғы диаметрі, мм; d – бұрғының көлденең кесуші жиегінің ұзындығы, мм; – бұрғының пландағы басты бұрышы, град.

    Қайта бұрғылау, ұңғылау және үңгілеу кезіндегі кіру ұзындығы мына формуламен анықталады:




    (24)


    мұнда – кесу тереңдігі, мм; – құралдың пландағы басты бұрышы, град.
    Өңдеу кезіндегі бір жүрістегі құралдың өтіп кету ұзындығы 1-3 мм-ге тең қылып қабылданады; үңгілеу кезінде (4.13, г-сурет), К –үңгінің калибрлейтін бөлігінің ұзындығы. Тұйық тесіктерді өңдеген кезде

    Конустық тесікті ұңғылау және үңгілеу кезіндегі негізгі уақыт мына формуламен анықталады:





    (25)


    мұнда





    (26)

    , мм – кесу тереңдігі;

    –пландағы басты бұрышы, құрал конусының ұшындағы бұрыштың жартысына тең: .
    Екі жағынан жабық кілтекті жырашықты бір рет қайта өтумен фрезерлеудегі негізгі уақыт мына формуламен анықталады:





    (27)


    - фреза диаметрі, мм;

    -кілтекті жырашық тереңдігі, мм;

    -бойлық беріліс, мм/мин; -кілтекті жырашықтың ұзындығы, мм; -тік беріліс, мм/мин.
    Сегментті кілтектерге арналған жырашықтарды фрезерлеудің негізгі уақытын мына формуламен анықтайды:


    ,


    (28)


    -кілтекті жырашық тереңдігі, мм; -тік беріліс, мм/мин.
    Кілтекті жырашықты тарта жонудағы негізгі уақытты мына формуламен анықтайды:


    ,


    (29)


    мұнда, -тарта жоңғыштың жұмыс бөлігінің ұзындығы, мм;

    -тетіктің тартып жонылып жатқан бөлігінің ұзындығы, мм;

    - тарта жонғыштың жұмыс жүрісінің жылдамдығы, м/мин;

    -қайта өтулер саны.
    Ашық және бір жағынан жабық кілтекті жырашықтарды табақты фрезамен фрезерлеудегі негізгі уақыт мына формуламен анықталады:


    ,


    (30)


    -кілтекті жырашықтың ұзындығы, мм.
    (31)
    -фреза диаметрі, мм;

    -кілтекті жырашық тереңдігі, мм;

    -бойлық беріліс, мм/мин.
    Кішкентай диаметрлі (10 мм дейін) білік оймакілтектерін көбінесе бір рет қайта өту арқылы, үлкен диаметрлі- екі рет қайта өту арқылы фрезерлейді. Оймакілтекті бастапқы фрезерлеуді, әсіресе үлкен диаметрлілерді, бөлгіш механизмдері бар көлденең –фрезерлеу білдегінде фрезамен орындайды.Мұндағы негізгі уақыт мына формуламен анықталады:


    ,


    (32)


    мұнда -кесіпкіру көлемі; -кесілетін оймакілтектің ұзындығы, мм.
    (33)
    мұндағы: -жүріп өтіп кету көлемі; ;

    -оймакілтектер саны;

    -оймакілтектің биіктігі, мм;

    -фреза диаметрі, мм;

    -бойлық минутты беріліс;

    -фрезаның тісіне беріліс, мм;

    -фрезаның тіс саны;

    -1 минуттағы айналым саны.
    Өнімділігі жоғары әдіс болып екі арнайы профильді табақшалы фрезамен бір уақытта екі оймакілтекті жырашықты фрезерлеу табылады. Оймакілтекті табақшалы фрезамен таза фрезерлеу арнайы білдек немесе құрал жоқ болған жағдайда қолданады, өйткені ол оймакілтектің қадамы мен ені бойынша жеткілікті дәлдікті бермейді. Оймакілтекті ең дәл фрезерлеуді оймакілтекке арналған құртты фреза көмегімен домалату әдісімен жүргізеді. Фреза айналмалы қозғалыстан басқа, кесілуші біліктің осі бойымен бойлық қозғалысқа ие болады. Бұл әдіс ең дәл және өнімділігі жоғары болып келеді. Бұл жағдайда негізгі уақытты мына формуламен табады:





    (34)


    мұнда -оймакілтектің кесілетін ұзындығы, мм;

    - кесіпкіру көлемі, мм.
    (35)
    мұнда -оймакілтек биіктігі, мм;

    -жүріп кету көлемі, 2-5 мм-ге тең ;

    q – бұрамалы фрезаның кіріс саны;

    -бірайналымдағы кесілуші білікке фреза берілісі, мм;

    -кесілетін оймакілтектер саны; i - жүріс саны (көбінесе i=1); -фреза диаметрі, мм.
    Бойлық дөңгелек берілісінде ішкі ажарлау кезіндегі негізгі уақыт мына формуламен анықталады:





    (36)


    мұнда а – алынатын әдіп, мм;

    – үстелдің бір минуттағы екілік жүрісінің саны;





    (37)


    бір екілік үстелдің жүрісі кезіндегі көлденең беріліс, мм;

    ажарлау дәлдігін ескеретін коэффициент;

    үстелдің бойлық жүрісінің жылдамдығы, м/мин;





    (38)


    мұнда – тетіктің бір айналымы кезіндегі бойлық беріліс, мм (

    – ажарлау дөңгелегі биіктігінің

    ВКүлесіндегі тетіктің бір айналым кезіндегі бойлық берілісі, мм);

    n – тетіктің бір минуттағы айналым саны;

    L – үстелдің жүріс ұзындығы, мм.
    Үстелдің бойлық жүрісінің ұзындығын мына формуламен анықтайды:

    а) Өту арқылы ажарлау




    (39)


    b) Тіреу арқылы ажарлау




    (40)


    мұнда ажарланушы бет ұзындығы, мм;

    ажарлау дөңгелегінің биіктігі, мм.

    Оймакілтекті ажарлау кезіндегі негізгі уақыт мына формуламен анықталады:





    (41)


    - оймакілтектің кесілетін ұзындығы, мм; -кесіпкіру көлемі, мм.
    (42)
    -ажарлау дөңгелегінің диаметрі, мм;

    - оймакілтек биіктігі, мм;

    -жүріп өтіп кету көлемі,

    5-10 мм-ге тең ;

    -кесілетін оймакілтектер саны.
    (43)
    -тік беріліс, мм;

    -ажарлау кезіндегі әдіп, мм;

    -үстел жылдамдығы, м/мин;

    k-ажарлау кезіндегі түзету коэффициенті;

    i-жүріс саны
    Көмекші уақыт (Тв) – бұл уақыт негізгі жұмысты орындау үшін, әр – түрлі көмекші жұмыстарды орындауға жұмсалады. Көмекші жұмыстарға келесі жұмыстар жатады:

    • бөлшекті станокқа орнату, бекіту және қайта босатып алу;

    • жабдықты анықталған өңдеу тәртіптеріне реттеу;

    • жабдықты басқару;

    • саймандарды ауыстыру;

    • бөлшектін өлшемдерін бақылау;

    • бөлшектерде (дайындамаларды) жұмыс орнына тасымалдау.

    Қосымша уақыт (Тдоп) – бұл уақыт жұмыс орнын ұйымдастыру техникалық қызмет көрсетуге, демалуға және жұмысшының жеке қажеттілігіне жұмсалады.

    Ұйымдастыру – техникалық қызмет көрсету уақыты келесі іс – шараларға жұмсалады:

    • сайманды ауыстыру;

    • саймандарды қайрау;

    • станокты жанқадан тазалау, майлау;

    • жұмыс кезінде станокты қайта реттеу;

    • саймандарды жиыстыру;

    • жабдықты, ауысымды қабылдаған жұмысшыға тапсыру.

    Қосымша уақыт оперативті уақытына байланысты белгілі пайызында беріледі:
    (44)
    мұнда: Топ – оперативті уақыт, мин;

    Кі – қосымша уақыттың оперативті уақыттың мөлшері, %
    Оперативті уақыт – бұл негізгі және көмекші уақыттарының қосындысы:

    Топ = Тов (45)
    Дайындау – қорытындылау уақыты (Тп-з) – бұл уақыт жұмысшымен белгіленген жұмысты орындауға және жұмысты аяқтауға жұмсалатын уақыт. Дайындау – қорытындылау уақыты келесі іс – шаралаға жұмсалады:

    • тапсырма алу;

    • нұсқау алу;

    • жұмыспен танысу;

    • наряд алу;

    • саймандарды, қондырғыларды және материалдарды алу;

    • жұмысты орындау үшін жабдықты, қондырғыларды және саймандарды дайындап реттеу;

    • дайын бұйымдарды (бөлшектерді) тапсыру;

    • жұмыс күннің аяғында саймандарды өткізу және жұмыс орнын жинап – тазалау.

    Дайындау – қорытындылау уақытының ерекшілігі – бұл уақыт жұмысшы бір партия бөлшектерін өңдеу алдында және өңдеуді аяқталған кезде жұмсайды.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Дайындау – қорытындылау уақыты?

    2. Дайындау – қорытындылау уақытының ерекшілігі қандай?

    3. Оперативті уақыт деген не?

    4. Қосымша уақыт (Тдоп) деген не?

    5. Негізгі уақыт (To) деген не?


    написать администратору сайта