Главная страница

Әйел жыныс мүше. Organa genitalia feminine


Скачать 27.66 Kb.
НазваниеOrgana genitalia feminine
Дата28.04.2021
Размер27.66 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаӘйел жыныс мүше.docx
ТипДокументы
#199809

Әйелдердің жыныс мүшелері – organa genitalia feminine 2 бөліктен тұрады:

  1. Жамбас астауында орналасқан ішкі жыныс ағзалары- анабездер, жатыр түтікшелері, жатыр, қынап

  2. Сыртқы жыныс ағзалары(pudendum femininum)- үлкен және кіші жыныс ернеулері, деліткі, қыздық перде

Әйелдердің жыныс мүшелеріне аналық без және оның қосалқысы, жатыр, жатыр түтігі, қынап, деліткі және жыныс аймағы жатады.

Олардың орналасуына байланысты ішкі және сыртқы жыныс мүшелері деп бөледі.

Әйелдердің ішкі жыныс мүшелері

Аналық без

Аналық безovarium ,(гр.oophoron) жамбас астау қуысында орналасқан жұп без. Аналық безде аналық жыныс жасушалары дамып жетіледі және қан мен лимфаға әйел жыныс гормондарын бөледі. Аналық без сопақша пішінді, алдынан-артынан кішкене жалпиған. Аналық бездің түсі ақ-қызғылт.Туған әйелдердің аналық бездерінің бетінде ұңғылдар мн сары денелердің қайтадан дамыған және овуляция іздері көрінеді. Аналық без салмағы 5-8г, ұзындығы-2,5см,ені-1,5см,қалыңдығы-1см. Аналық бездің 2 бос бетін: Жамбас астау қуысына қараған медиалдіfacies medialis және жамбас астау қабырғасында жатқан жатқан латералді – facies lateralis ажыратылады. Аналық без беттері шығыңқы бос(артқы) жиекке(margo liber), алдынан – аналық бездің шажырқайына бекитін шажырқайлық жиекке(margo mesovaricus) өтеді. Шажырқайлық жиекте науашықтәрізді ұңғыл – аналық без қақпасы – hilus ovarii орналасқан. Ол арқылы аналық безге артерия мен нервтер кіріп, вена мен лимфа тамырлары шығады. Аналық бездің ұзыны вертикалді орналасқан, соған байланысты жатыр түтігіне қараған жоғарғы түтіктік шетін – extremitas tubaria және жатырлық шетін – extremitas uterine ажыратады. Ол жатырмен аналық бездің меншікті байламымен – lig.ovarii proprium байланысқан. Бұл жалғама дөңгелек жіп түрінде аналық бездің жатырлық шетінен жатырдың латералді бұрышына дейін, жатырдың жалпақ байламының екі табағының аралығында орналасқан. Аналық бездің байламдық аппаратына – lig.suspensorium ovarii жатады, құрамында аналық бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар будалары орналасқан, ол кіші жамбас астау қабырғасынан аналық безге өтетін ішастардың қатпары. Аналық без ішастармен жабылмайды. Аналық бездің түтіктік шетіне жатыр түтігінің аналық без шашағы бекиді. Аналық бездің топографиясы жатырдың орналасуына, оның ұлғаюына(жүктілік кезінде) байланысты. Аналық без кіші жамбас астау қуысында орналасатын ең қозғалмалы мүшелерге жатады.

Аналық без қабырғаларының құрылысы:

Аналық без беті бірқабатты ұрықтық эпителиймен жабылған. Оның астында дәнекер тінді ақ қабық – tunica albuginea орналасады. Аналық бездің дәнекер тіні эластикалық талшықтарға бай негізін – stroma ovarii құрайды. Аналық без паренхимасы сыртқы және ішкі қабаттарға бөлінеді. Аналық без орталығында, оның қақпасына жақын ішкі қабатын – милы зат – medulla ovarii деп атайды. Бұл қабатта көптеген лимфа және қан тамырлар орналасқан. Аналық бездің сыртқы қабаты, оның қыртыс заты – cortex ovarii өте тығыз. Оның дәнекер тінінде жетілген аналық түйіншелері(графов түйіншелері) – folliculi ovarici maturis және алғашқы аналық без түйіншелері – folliculi ovarici primarii орналасқан. Жетілген аналық без түйіншелерінің диаметрі 1см-ге жетеді, оның дәнекер тінді қабығы – theca folliculi болады. Теканың тығыз дәнекер тіннен тұратын сыртқы қабығы және қан мен лимфа капиллярлары, интерстициалді жасушалар орналасатын ішкі қабығы ажыратылады. Ішку қабығына түйіршікті қабат – stratum granulosum жанасады. Бұл қабаттың бір жері қалыңдап, аналық жыныс жасушасы, овоцит – ovocytos орналасатын аналық без төмпесін – cumulus oophorus құрайды. Жетілген түйіншенің ішінде фолликулярлық сұйықтығы – liquor follicularis бар қуыс болады. Аналық жыныс жасушасы – zona pellucida мен corona radiata қоршалып аналық без төмпесінде орналасады. Аналық бездің жетілген түйіншелері біртіндеп аналық бездің беткей қабатына шығады. Овуляция кезінде пісіп жетілген түйінше жарылып, аналық жыныс жасушасы фолликулярлық сұйықтықпен бірге ішастар қуысына түседі, кейін түтіктің шашақтары арқылы жатыр түтігінің іштік тесігіне өтеді.

Жарылған түйіншенің орнында қанға толы үңғыл қалады, кейін онда сары дене – corpus luteum қалыптасады. Егер аналық без ұрықтанбаса, оның көлемі кішкентай 1,0-1,5см, көп тұрмайды, сондықтан циклдік сары дене - corpus luteum ciclicum menstruationis деп аталады. Ол болашақта дәнекер тінмен алмасып, ақ дене – corpus albicans атауын алады. Егер аналық жыныс жасушасы ұрықтанып, жүктілік пайда болса, жүктіліктің сары денесі – corpus luteum graviditatis қалыңдап, диаметрі 1,5-2,0см-ге іріленіп, жүктілік кезеңде өмір сүріп, ішкі секреторлық қызмет атқарады.Кейін ол да дәнекер тінді ақ денемен алмасады. Аналық бездің жарылған түйіншелерінің орнында қатпар және үңғыл түрінде іздер қалады.

Аналық без қосалқысы

Аналық без жанында рудиментарлық түзілістер – аналық без қосалқысы, аналық без-жаны, сабақты өсінділер, алғашқы бүйректің өзекшелерінің қалдықтары мен оның түтігі орналасқан.

Аналық без қосалқысы – epoophoron жатыр түтігі шажырқайының – mesosalpinx табақтарының аралығында, аналық безден латералді және артында орналасып, аналық без қосалқысының бойлық түтігінен – ductus epoophori longitudinalis және аналық без қақпасына соқыр шеттері қараған көлденең түтіктерден – ductuli transversi тұрады.

Аналық безжаны – paroophoron – жатыр түтігі шажырқайында, аналық бездің түтіктік шетінде орналасқан кішкене көлемді құрылым. Аналық безжаны бірнеше дербес соқыр өзекшелерден тұрады.

Сабақты өсінділер – appendices vesiculosae аналық безден латералді және жатыр түтігінің құйғышынан кішкене төмен орналасқан түйінше. Ол ұзын аяқтарымен бекіп, қуысында мөлдір сұйықтық болады.

Жатыр

Жатыр – uterus (гр. Metra) кіші жамбас қуысының ортаңғы бөлігінде қуық пен тік ішектің аралығында орналасқан қуысты бұлшықетті мүше. Сыртқы пішіні алмұрттәрізді, алдынан артқа бағыты жазықтау. Жатырдың түбі, денесі, мойны ажыратылады.

Жатыр түбіfundus uteri жатырдың жоғарғы шығыңқы бөлігі, төменде жатыр денесіне жалғасады.

Жатыр денесі – corpus uteri бұл мүшенің ортаңғы үлкен бөлігі, сыртқы пішіні конустәрізді. Жатыр денесі төменде жіңішкелеу және жұмырлау келген жатыр мойнына жалғасады.

Жатыр мойны – cervicis uteri ол жатыр денесінің тікелей жалғасы. Денесінің мойнына өткен жері тарылған, ол жатыр қылтасы – isthmus uteri деп аталынады.

Жатыр мойнынң төменгі бөлігі қынаптың ішіне кіріп орналасқандықтан, қынаптық бөлікті – portio vaginalis және жатыр мойнының қынаптан жоғары орналасқан бөлігін, қынапүсті бөлігін – portio supravaginalis(cervicis) ажыратады. Жатыр мойнының қынаптық бөлігінде жатыр тесігі – ostium uteri айқын байқалады. Тесік қынаптан жатыр мойнының өзегіне және оның тесігіне жалғасады. Бұл тесік тумаған әйелдерде дөңгелек немесе сопақша пішінді, көп босанған әйелдерде – көлденең саңылау пішінді. Жатыр тесігі – ostium uteri алдыңғы және артқы еріндермен – labium anterius et posterius шектелген. Жатыр тесігінің артқы ерні – labium posterius uteri жұқа қынап қабырғасы оған алдыңғы ерінге қарағанда жоғары бекиді.

Жатырдың алдыңғы және артқы беттері ажыратылады. Жатырдың алдыңғы беті несепқуыққа қараған, оны қуықтық бетfacies vesicalis артқы беті тік ішекке қараған, оны ішектік бет – facies intestinalis деп атайды. Жатырдың қуықтық және ішектік беттері бір-бірінен жатырдың оң және сол қырлары – margo uteri dexter et sinister арқылы шектелген. Жатырдың көлемі мен салмағы жасының ерекшелігіне байланысты өзгермелі келеді. Ересек әйелдерде жатырдың ұзындығы 7-8см, ені 4см, қалыңдығы 2-3см. Салмағы тумаған әйелдерде 40-50г, көп босанғандарда 80-90г. Жатыр қуысының сыйымдылығы 4-6см3.

Жатыр қабырғаларының құрылысы

Жатыр қабырғалары 3 қабықтан тұрады:

  • Жатырдың шырышты қабығыtunica mucosa немесе эндометрий – endometrium. Шырышты қабықтың ішкі беті жылтыр, тегіс, қалыңдығы 3мм. Жатыр мойны өзегінде бір бойлық қатпар орналасқан, одан ұсақ пальматәрізді қатпарлар – plica palmatae тарайды. Қатпарлар жатыр мойны өзегінің алдыңғы және артқы қабырғаларында орналасқан. Қатпарлар өзара жанасаып, қынап құрамының жатыр қуысына өтпеуіне кедергі жасайды. Шырышты қабықтың терең қабаты қарапайы түтіктәрізді бездерге өте бай.

  • Жатырдың бұлшықеттік қабығы – tunica muscularis немесе миометриум – myometrium, құрылысы өте күрделі бірыңғай салалы бұлшықеттер мен эластикалық дәнекер тіндерден құралған.Бұлшықеттік қабығы орналасуына қарай сыртқы, ішкі бойлық және ортаңғы ең жақсы дамыған дөңгелек қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабаттың құрамында көп мөлшерде қан, лимфа тамырлары, әсіресе веналар орналасқан. Дөңгелек қабат жатыр мойнының маңында жақсы дамыған.

  • Жатырдың сірлі қабығы – tunica serosa немесе периметриум – жатырды жабатын ішастар табағы. Сірліасты негізі жатырдың бүйір қабырғасы мен мойны аймағында ғана бар, бұл жерде жатырды жабатын ішастар, жатырдың жалпақ байламына – lig.latum uteri жалғасады.

Жатырдың топографиясы

Жатыр кіші жамбас астау қуысында, оның орны мен қозғалмалы болуы көршілес мүшелердің жағдайына байланысты. Қуық бос болғанда жатыр түбі – fundus uteri алға бағытталған, мұндай жағдайда жатырдың алға қарап орналасуын – anteversion деп, жатыр денесі алға бүгіліп мойнымен бұрыш құрап, алға қарап орналасуы – anteflexio деп аталады. Несепқуық несеппен толған жағдайда жатыр түбі артқа иіліп, жатырдың артқа қарап шалқаюын – retroversio деп, немесе артқа бүгілуін – retroflexio деп атайды.

Жатыр ішастармен үш жағынан, яғни мезоперитонеалді жабылған. Жатырдың алдыңғы бетінің ішастар табағы қуыққа өтіп, қуық-жатыр ұңғылын – excavatio vesicouterina құрап, артқы бетінің ішастар табағы тік ішекке өтіп, тік ішек-жатыр ұңғылын – excavatio rectouterine немесе дуглас атты ұңғылды құрайды. Бұл ұңғыл оңнан және солдан жатыр мойнынан тік ішекке қарай бағытталған ішастардың тік тік ішек-жатыр қатпарымен – plica rectouterine шектелген.

Жатыр байламдары

  • Жатырдың жалпақ байламы – lig.latae uteri ішастардың алдыңғы және артқы табақтарынан құралған, құрылысы бойынша жатырдың шажырқайы – mesometrium болып саналады. Оң және сол жатырдың жалпақ байламдары кіші жамбас астаудың бүйір қабырғасына бағытталып, ішастардың париеталді табағына жалғасады. Жатырдың жалпақ байламының бос жоғарғы жиегінде, оның табақтарының аралығында жатыр түтігі орналасады. Жалпақ байламның жатыр түтігіне жанасқан бөлігі, жатыр түтігінің шажырқайы – mesosalpinx деп аталынады.

  • Жатырдың жұмыр байламы – lig.teres uteri дөңгелек пішінді, құрамында бұлшықеттік талшықтар бар тығыз фиброзды жіп, қалыңдығы 3-5мм. Жұмыр байлам жатырдың алдыңғы бүйір бетінен басталып, жалпақ байламның табақтарының аралығында орналасып, төмен және алдынан шап өзегінің терең сақинасына бағытталады. Жатырдың жалпақ байламының артқы табағына аналық без өзінің шажырқайымен – mesovarium бекиді. Жатыр мойнының айналасында, әсіресе бүйірінде, ішастардың астында қоймалжың дәнекер тін – жатыр маңындағы шелмай – parametrium орналасқан.

  • Кардиналді байлам – ligg.cardinalia жатырдың жалпақ байламы негізінде, жатыр мен жамбас астау қабырғаснда орналасады. Кардиналді байлам өзінің төменгі жиектерімен несеп-жыныс көкетінің шандырымен байланысып, жатырды бүйір ауытқулардан сақтайды.

Жатырдың функционалді өзгерістері

Жатыр қабырғасы құрылыстарындағы өзгерістер жүктілік кез бен етеккір келген кезде байқалады. Еттекір, аналық жасушаның жетілу кезі мен ұрықтану кезіндегі жатырдың шырышты қабығының мезгіл-мезгіл өзгеріп, қансырап, қанның қынап арқылы сыртқа шығу кезеңі. Бұл кезең шамамен 28 кун аралығында өтеді. Еттекір мезгілі: еттекір және еттекір келгеннен кейінгі кезеңдерге бөлінеді.

  1. Еттекірдің бастапқы кезеңі, аналық жасуша аталық жасушасымен ұрықтанбаған жағдайда өтеді. Бұл кезеңде жатырдың белдеуленіп ісінген, шырышты қабығының функционалді қабаты шытынап жарылып, қынап арқылы еттекір,қан сыртқа шығады. Еттекір 3-5 күн аралығында өтеді. Бұл кезеңнің алғашқы күні жалған сары дененің – corpus luteum spurium seu ciclicum menstruationis кері дамып, жаңа түйіншелердің өмірге келуімен сәйкес келеді.

  2. Етеккір келгеннен кейінгі кезең, етеккірден кейін келіп, етеккір басталған куннен басталып 11-14 күнге созылады. Бұл кезеңде аналық безде түйіншелердің дамуы мен жетілуімен бірге бір мезгілде жатырдың шырышты қабығының базалді қабаты орнына келеді. Кезеңнің басында аналық безде тек сары дене қалыптасқан мезгілде, қысқа тыныштық 2-3 күн, кезееңі ажыратылады. Кейін секреция кезінде (етеккір алды) жатырдың шырышты қабығы қалыңдап, ұрықтанған жасушаның енуіне дайындалады. Осы мезгілде аналық безде сары дененің құлпыруы, белсенді кезеңі жүреді. Егер жасуша ұрықтанса, ұрық жатырдың шырышты қабығына кіріп, жүктілік пайда болады. Жүктілік кезінде жатыр үлкейіп, көлемі өзгереді.

Жатыр түтігі

Жатыр түтігі, tuba uterine, жатыр қуысына аналық безде түзілген аналық жыныс жасушасын өткізетін жұп мүше. Жатыр түтіктері кіші жамбас астауында орналасқан,жатырдан аналық безге өтетін цилиндр тәрізді түтіктер. Әрбір түтік жатырдың жалпақ байламының жоғарғы жиегінде орналасқан,оның шажырақайы mesosalpinx, жоғарыдан жатыр түтігімен,төменнен аналық безбен,латералді аналық без шашағымен шектеледі. Жатыр түтігінің қуысы бір жағынан тар жатыр тесігі, ostium uterinae tubae,арқылы жатыр қуысымен,екінші жағынан іштік тесік, ostium abdominale tubae uterinae ,арқылы жатыр қуысымен байланысады.

Жатыр түтігінде келесі бөліктерді ажыратады:

жатыр қабырғасының қалыңдығында орналасқан жатыр бөліг,pars uterine; жатырға жақын бөлігі жатыр түтігінің қылқасы, isthmus tubae uterinae,бұл бөлік өте тар және ең қалың қабырғалы,жатырдың жалпақ байламы табақтарының аралығында орналасқан. Келесі бөлігі жатыр түтігінің кең жері, ampulla tubae uterinae, жатыр түтігі ұзындығының жартысы осы бөлікке келеді,оның диаметрі біртіндеп үлкейіп, келесі жатыр түтігінің құйғышына infundibulum tubae uterinae жалғасады, ол ұзын және жіңішке түтік шашақтарымен, fimbriae tubae аяқталады. Шашақтардың ішіндегі ең ұзын шашақты аналық без шашағы, fimbria ovarica деп атайды. Аналық без шашағының қызметі,аналық жыныс жасушасының қимылынын жатыр түтігі құйғышынав бағыттау.

Жатыр түтігі қабырғасының құрылысы:

  1. Ішкі қабығы,шырышты қабық tunica muscosa, жатыр түтігінің барлық деңгейінде қатпарларға жиналады. Жатыр түтігінің іштік тесігінің тұсында шырышты қабық қалыңдап,өте көп қатпар түзеді. Әсіресе қатпарлар жатыр түтігі құйғышында көптеп кездеседі.

  2. Ортаңғы бұлшықетті қабық tunica muscularis сыртқы бойлық және ішкі дөңгелек қабаттардан тұрады.

  3. Сыртқы сірлі қабық tunica serosa оның астында сірлі асты негізі tela subserosa орналасады.

Қынап

Қынап vagina түтік пішінді тақ қуысты мүше,кіші жамбас астау қуысында,жатырдан жыныс саңлауына дейінгі аралықта орналасады.

Төменнен қынап несеп жыныс көкеті арқылы өтеді.қынап кішкене артқа иілген,оның бойлық білігі жатырмен бірге алға қараған тұйық бұрыш құрайды.қынап өзінің жоғарғы шетімен жатыр мойнынан басталып,төмен жүреді,төменгі қынап тесігімен ostium vaginae кіреберіске ашылады.ол қыздық пердемен жабыған. қыздық перде жартылай ай немесе тесіктелген табақ,жыныс қатынасы кезінде қыздық перде жарылып,қыздық перде қалдықтары carunculae hymenales құрайды.

Қынаптың алдыңғы қабырғасы paries anterior, жоғарғы үштен бірінде несеп қуықтан түбіне , ал қалған бөлігі әйел несеп шығаратын өзек қабырғасымен бітісіп кеткен. артқы қабырғасының paries posterior жоғарғы бөлігі ішастарымен жабылған,ал қалған төменгі бөлігі тік ішектің алдыңғы қабырғасында жатады.Қынап қабырғалары жатыр мойының қынап бөлігін қапсырып оның айналасына тар саңлау қынап күмбезін fornix vaginae түзеді.Қынаптың артқы қабырғасы алдыңғы қабырғасына қарағанда жоғары жңне ұзын,жатыр мойнына бекейді,сондықтан күмбедздің артқы бөлігі терең алдыңғыға қарағанда .

Қынап қабырғасының құрылысы

Қынап қабырғасы үш қабықтан тұрады.

  1. Сыртқы дәнеке тінді tunica adventitia адвентициялды, көп мөлшерде иластикалық талшықтар мен бірыңғай салалы талшықтардан тұрады.

  2. Ортаңғы бұлшықетті қабық tunica muscularis бойлық және дөңгелек бағытта орналасқан талшықтардан тұрады.Жоғарыдан бұлшықетті қабық жатыр мускулатурасына , төменнен бұлшықетті қабық қалыңдап, оның будалары шат бұлшықеттерімен байланысады.

  3. Ішкі шырышты қабық tunica mucosa шырыш асты негізі болмағандықтан ,бұлшықетті қабықпен бітіскен.Шырышты қабықтың беті көп қабатты эпителимен көмкерілген,бездер жоқ.Шырышты қабық қалың көптеген көлденең қынаптық қатпарлар тұзеді.Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары ортаңғы сызыққа жақындап ,қатпарлардан бойлық көрсетілген қатпарлар бағаналарын columnae rugarum құрайды.Қынаптың алдыңғы қабырғасында орналасқан алдыңғы қатпарлы бағаналар columna rugarum anterior артқыға қарағанда айқын көрнеді.Төменнен ол қынаптың несеп шығаратын өзекті қырын carina uretharalis vaginae құрайды.Артқы қатпарлы қабырғалар columna rugarum posterior алдыңғыдан оң немесе сол орналасады.Сондықтан қынап жиырылғанда алдыңғы және артқы бағаналары бір біріне басылмайды.

Әйелдің сыртқы жыныс мүшелері

Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне әйелдің жыныстық аймағы , pudendum femininum және деліткі clitoris жатады.Әйелдің жыныстық мүшелеріне қасаға,үлкен және кіші жыныс ернеулері ,қынап кіреберісі жатады.

Қасағаpons pubis үстінен іш аймағынан қасаға жүлдесімен ,саннан жамбас сан жүлгесімен бөлінеді.Қасағс іш аймағына өтпейтін түптермен жабылған.Астыңна қарай түк жамылғысы үлкен жыныс ернеуіне жалғасады.Қасаға аймағында тері асты негіз жақсы дамыған.

Үлкен жыныс ернеулеріlabia majora pudendi сопақша пішіді қос тері қатпары .Ұзындығы жеті сегіз см.Үлкен жыныс ернеулері жыныс саңлауын rima pudendi бүйірлерімен шектейді.Үлкен жыныс ернеулері бір бірімен дәнекер арқылы қосылады кеңдеуі ернеудің алдыңғы дәнекері comissurs labiorum anterior және тарлауы ернеудің артқы дәнекері comissurs labiorum posterior .Ішкі бетімен үлкен жыныс ернеулері бір біріне қарайды,қызғылт түсті және шырышты қабыққа ұқсаған.Үлкен жыныс ернеулерін қаптайтын тері жамылғысы пигменттелген,көптеген май және тері бездері бар.

Кіші жыныс кернеуіlabia minora pudendi ұзыннан келген қос жіңішке тері қатпарлары.Кіші жыныс ернеулері үлкен жыныс ернеулері арасындағы жыныс саңлауында қынап кіреберісін шектеп орналасқан.Үлкен жыныс ернеулерімен сыбайласып жатқан сыртқы бетімен қшку беті бір біріне қараған.Кіші жыныс ернеулерінің қырлары жұқарған жіне бос болдаы.Кіші жыныс ернеулері майлы торсыз дәнекер тіннен құралған.құрамында көптеген эластикалық талшықтар,бұлшықет жасушалары және веналықөрімдер бар.Артқы қырлары бір бірімен қосылып, ұзыннан қатпар жыныс ернеулерінің жүгеншігін frenulum labiorum pudendi құрайды.Жыныс ернеулерінің жүгеншігі қынап кіреберісінің щұңқырын fossa vestibuli шектейді.Әрбір кіші жыныс ернеулерінің жоғарғы шеттері деліткіге бағытталған екі қатпаршаға бөлінеді.Кіші жыныс ернеулігінің латералды аяқшасы деліткінің бүйірінен өтіп.үстініен қоршайды.Латералді аяқшалар бір бірімен қосылып ,делітке күпегін preputium clitoridis түзеді.Кіші жыныс ернеулерінің медиалді аяқшасы қысқалау келген.Кіші жыныс ернеулерінің тері қалыңдығында май бездері жатады.

Қынап кіреберісіvestibulum vaginae бүйірінен кіші жыныс ернеулерінің медиалді юеттерімен шектелген тақ ,қайықтәрізді ойық,астында қынап кіреберісінің шұңқыры және үстінде делітке орналасқан.Кіреберіс тереңдігенде тақ қынап тесігі ostium vaginae жатады.Қынап кіреберісіне алдынан деліткі және артынан қынапқа енетін жері арасында әйел несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігі, әйел үрпісі ostium urethrae externum ашылады.Ол қынап кіреберісі мен деліткі арасында орналасып,еміздіше ұшында ашылады.Қынап кіреберісіне үлкен және кіші кіреберісінің өзектері ашылады.

Үлкен кіреберіс безіglandula vestibularis major жұп еркектердің былтық несеп шығаратын өзек юезіне сәйкес келеді.Үлкен кіреберіс бездері кіреберіс былтығының артынды,кіші жыныс ернеулерінің негізінде орналасқан.Ол қынапқа ену жолының қабырғаларын дымқылдататын шырыш бөледі.Бұл сопақша пішінді ұяшықты түтікті бездер.Үлкен кіреберіс өзектерінің бездері кіші жыныс ернеулерінің негізіне ашылады.

Кіші кіреберіс безіglandula vestibularis minores олардың өзектері ашылатынқынп кіреберісі қабырғаларының қалыңдығында орналасқан.

Кіреберіс буылтығы bulbus vestibuli дамуы және құрылысы бойынша еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесімен сәйкес келеді,әйел несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігі мен деліткі арасында орналасқан,пішіні ортасы жұқарған тағатәрізді. Кіреберіс буылтығы сыртынан буылтық кеуекті бұлшықет шоғырларымен қапталған.

Деліткі clitoris еркектің жыныс мүшесінің үңгірлі денесінің гомологы болып табылады және әрқайсысы деліткі аяқшасынан crus clitoridis басталатын деліткінің қос ұңгірлі денесінен, corpus cavernosum құралған. Деліткі аяқшалары цилиндр пішінді және қасаға симфизінің төменгі бөлігінің астында қосылып,деліткі денесін құрайды.

Деліткі денесі сыртынан ақ қабықпен, tunica albuginea corporum cavernosorum dextrum et sinistrum қапталған,ал деліткінің өзі деліткі басымен, glans clitoridis аяқталады. Деліткі үстінен деліткі күпегімен шектелген,астынан деліткі жүкеншігі бар.

Әйел несеп шығаратын өзегі

Әйел несеп шығаратын өзегі, urethra feminina тақ мүше,қуықтан әйел несеп шығаратын сыртқы тесігімен, ostium urethrae internum басталады да,қынап тесігінен жоғары және алға қарай ашылатын сыртқы тесікпен, ostium urethrae externum аяқталады. Әйел несеп шығаратын өзегі ұзындығы см,қысқа,сәл иілген және төмпешігімен сыртқа қараған түтік. Өз жолында әйел несеп шығаратын өзегі қынаптың алдыңғы қабырғасыен бітсе өскен. Төменгі бағыттала отырып, несеп шығаратын өзек қасаға симфизінің төменгі шетін астынан айналып,несепжыныс көкетін тесіп өтеді.

Әйел несеп шығаратын өзегі қабырғаларының құрылысы: Әйел несеп шығаратын өзегінде бұлшықеттік және шырышты қабықтарды ажыратады. Шырышты қабық tunica mucosa беткейінде бойлық қатпарлар мен ұңғырдар әйел несеп шығаратын өзегінің шұңқыршақтары бар. Несеп шығаратын өзектің артқы қабырғасындағы шырышты қабық қатпары ерекше күшті дамыған; ол әйел несеп шығаратын өзегінің қырына crista urethralis ұқсаған. Шырышты қабықтың сыртына қарай ішкі бойлық және сыртқы дөңгелек қабаттардан құралған бұлшықеттік қабық tunica mucularis орналасқан.


написать администратору сайта