Главная страница
Навигация по странице:

  • Жіктемесі

  • Диагностика

  • Негізгі диагностикалық шаралар тізімі

  • Емдеу тактикасы

  • Госпитализация

  • Профилактика

  • Кеңейген вена түйіндерінің сыртқа түсу дәрежесіне қарай: 1 дәрежелі

  • 3 дәрежелі

  • Оперативті

  • Орындаан Аманжолова д р жм801 топ студенті


    Скачать 1.69 Mb.
    НазваниеОрындаан Аманжолова д р жм801 топ студенті
    Дата01.11.2022
    Размер1.69 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файла2509.pptx
    ТипДокументы
    #765002

    СРС

    Тақырыбы:Анальдық сызат

    Орындаған: Аманжолова Д Р

    ЖМ-801 топ студенті.

    Тексерген: Сейдинов Ш М

    Анықтамасы


    Артқы өтістің сызаты (аналдық сызат) – дефекация кезінде жəне одан кейінгі айқын ауыру сезімімен, кейде нəжісте аз мөлшерде қанның болуымен көрініс табатын артқы өтістік аймақ терісінің көлденең дефекті. Артқы өтіс пен тік ішектен қан кетулер артқы өтістің сызатын, геморрой, дивертикулез, ангиодисплазиялар, ішектің қабыну ауруларында, ісіктер мен ишемиялық колит кезінде дамиды.


    Жіктемесі: клиникалық ағымның сипаты бойынша жедел жəне созылмалы (сызат 2 айдан ұзақ жазылмаса).
    Қауіп-қатерлі факторлар: жиі іш қатулар, диарея кезінде жиі үлкен дəрет, тағамдық талшықтарды аз мөлшерде қабылдау.

    Диагностика


    Шағымдар мен анамнез: үлкен дəретке барған кезде ауыру, қан кетулер пайда болады. Ауырсынулар үлкен дəреттен соң ашытып, қадалып бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға дейін созылады, олардың интенсивтілігі өте маңызды.
    Физикалық тексеру: артқы өтістік өзек қабырғасының дефекті сызықтық немесе пішіні үшбұрышты, ұзындығы 1-2 см, Хилтон сызығынан жоғары ауыспалы қатпарға жақын орналасқан жəне тікішек - артқы өтістік сызыққа дейін немесе одан жоғары жайылған сызат; дефекация актінің қиындауы, артқы өтістік қысқыштың спазмы; қан кетулер. Егер сызат орталық сызық бойынша орналаспаса, онда Крон ауруына күдік туады.

    Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:


    1. Қанның жалпы талдауы (гематокрит, гемоглобин, ЭТЖ).
    2. Мерез жəне АИВ қан талдауы.
    3. Нəжістің құрамында жасырын қанды анықтау.
    4. Ректоскопия.
    5. Ректороманоскопия.
    6. Тоқішектік эндоскопия.
    7. Тік жəне жиек ішетерді қатар констрасттау.
    8. Іш қуысының төменгі жағының рентгенографиясы.
    9. Ирригоскопия.
    10. Тоқ ішекті рентгеноконтрастты зерттеу.

    Емдеу тактикасы


    Емдеу тактикасы: Ісік, ішек аурулары, дивертикулез, көтеу кезінде спецификалық ем қажет.
    Ем мақсаты: ауыру сезімін басу, ішектің қызметін қалпына келтіру, ішкі қысқыш спазмын жою, артқы өтіс сызаты жəне геморроидалдық өрім аймағында микроциркуляцияны жақсарты, емдеудің жанама əсерлерін азайту.

    Дəрі дəрмексіз ем:


    Консервативті емге диета, басым жағдайда ащы, тұзды тамақтарды шектеумен, қышқылды сүтті-өсімдікті диета. Əлсіз антисептикалық ерітінділермен жылы отырушы ванналар (түймедақ, шалфей, перманганат калий, метилурацилді свеча, проктоседилді, облепиха майымен микроклизма.

    Дəрі-дəрмектік ем


    Ішектің ісіктері, қабыну аурулары, дивертикулез, геморрой кезінде арнайы ем жүргізіледі.
    Артқы өтістік жарықты емдеудің кешеніне келесі шаралар кіреді:
    - асқорыту жолдарының қызметін қалпына келтіру;
    - ауыру сезімін жəне ішкі сифнктердің спазмы жою;
    - зақымдалған тіндердің регенерациясын күшейту.


    Артқы өтістік жарықтар кезінде тиімділігі дəлелденген: А - гемагглютинин ботулотоксинінің инъекциясы, изосорбид динитратын жергілікті қолданумен бірге А-гемагглютинин ботулотоксинінің инъекциясы; артқы өтістің ішкі сфинктерін тілу.
    Тиімділігі болжанады: нитроглицеринді жергілікті қолдану, артқы өтістік сызаттардың пластикасы (орны ауыстырылған тері қиындысымен).
    Абсцесстену (іріңдеу) кезеңінде – абсцессті ашу жəне дренаждау.
    Ангиодисплазиялар кезінде – колоноскопия кезіндегі коагуляция.

    Госпитализация


    Госпитализациялау үшін көрсетімдер: сызаттың қысқыштың айқын спазмымен жүретін, кезекші төмпешігі жəне пектенозы бар тыртықпен қоршалған жазылмайтын жараға айналғандағы созылмалы ағымы.

    Профилактика


    Біріншілік профилактика: колит, проктит, энтероколит, криптит, көтеуді дер кезінде жəне тиімді емдеу.

    Геморрой

    Бұл артқы өтіс жолындағы варикоздық веналар,олардың кішкентай түйіншек немесе ұсақ шар тәрізді шығуы.Геморрой тік ішектің жиі кездесетін ауруы. Ол ересек адамдардың 10%-да байқалады, ал тік ішек ауруларының арасында геморройдың үлесі 40% құрайды.

    Этиологиясы


    Көк тамыр жүйесінің туа біткен жетіспеушілігінен
    Жүктілік кезінде тік ішек веналарының қысылуы
    Іш қату
    Организмнің ауруға деген бейімділігі
    Жүктілік
    Физикалық күштеменің көп болуы


    Кеңейген вена түйіндерінің сыртқа түсу дәрежесіне қарай:

    1 дәрежелі – түйіндер тек үлкен дәретте (дефекация акті) сыртқа қарай шығып, соңынан өздігінен, еш қосымша көмексіз, орнына қайта түседі.

    2 дәрежелі – дәреттен соң немесе ауыр физикалық күш түсуден сыртқа шыққан түйіндер өздігінен орнына түспейді,сондықтан оларды қосымша қимылмен (қолмен) орнына түсіру қажеттілігі туады.

    3 дәрежелі – түйіндер ауру адам тік тұрғанда, жүргенде немесе кішігірім физикалық ауыртпалық түскеннің өзінде шығып, қайта орнына түспейді.


    Клиникасы


    Anus аймағындағы қолайсыз сезімдер
    Ауырсыну
    Қышыма сезімі
    Дефекация процесінің біршама қиындауы
    Anus-тан қан кету

    Емі


    Консервативті-

    Қауіпті асқынулары жоқ және 1-2 дәрежелі геморройды қарсы комплексті консервативті ем тағайындалады.Оған:

    1.Тағам түрі мен оны қолдану кестесін құру.

    2.Гигиеналық кестені сақтау (душ,дефекациядан соң анус аймағын жуып-шаю)

    3.Ішектің кілегей қабаттарын тітіркендіретін тағамдарды қолдануға тиым салу (тұзды,бұрышты,алкоголь)

    4.Ванна, анальгетиктер, балауызшам тәрізді дәрілер, антибактериалды және аналгезия тудыратын арнайы майлар.


    Оперативті


    Оперативті

    3-4 дәрежесінде немесе жиі қанап,кқп мазасыздандыратын жағдайларда геморройдэктомия жасалады.


    Пайдаланған әдебиеттің тізбесі


    Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
      Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации+фармакологический справочник/ Под ред. И.Н. Денисова, Ю.Л. Шевченко. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. (Серия «Доказательная медицина»); 2. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 1. Москва, Медиа Сфера, 2003; 3. Prodigy Guidance – Anal Fissure, 2005; 4. EBM Guidelines. Anal fissure, 2005.



    написать администратору сайта