СРОП ТОПанатомия. СРОп 7 8 Топан. Орындаан Асанова Арайлым Тобы 305Бом сроп 7
Скачать 17.13 Kb.
|
Орындаған: Асанова Арайлым Тобы: 305Б/ОМ СРОП №7 Науқаста миокард инфарктынан кейін жүректің оң жақ қарыншалық және сол жақ қарыншалық жетіспеушілігі пайда болды. Ентігу, ісіктердің пайда болуын қалай түсіндіруге болады (қан айналымын ескеру) Жауабы: Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. A. соronaria dextra-дан оң жүрекше мен екі қарыншаны қамтамасыз ететін бұтақтар кетеді. Сол жақ тәж артериясы оң жақ тәж артериясына қарағанда ірілеу, бірден екі бұтаққа алдыңғы ұзынша сай бойымен жүретін, алдыңғы төмендейтін (ramus descendens anterior) және тәж сайымен солға жүріп, жүректің артқы бетіне айналып өтетін (ramus circumflexa) бұтақтарға бөлінеді. Сол қарыншалық жетіспеушілік – жүрек астмасы сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің кенет төмендеуіне байлынысты дамиды (оң жақ қарынша қызметі сақталады). Бұл кезде өкпе тамырлары қанға толып, тыныс орталығы тітіркеніп – тұншығу пайда болады. Оң қарыншаның жетіспеушілігінде ісіктерде бейімділік пайда болады. Бастапқы кезде ісіктер жасырын түрде дамиды (дене салмағының үлкеюі, диурездің азаюы, шөлдеу). Кейін ісіктер аяқтарында, сегіз көз аймағында пайда болады, бүкіл денені қамтиды (анасарка). Қуыстарда сұйықтықтың пайда болуы – асцит, гидроторакс, гидроперикард деп аталады. Ішкі мүшелерде қан іркілу белгілері байқалады. СРОП №8 Тапсырма 1№ Пациентте шап жарығы. Жарықтың шығуына қандай анатомиялық ерекшеліктер себеп болады. Анатомды топографиялық тұрғыдан дәлелдеңіз Ішпердемен жабылған құрсақ ағзаларының,құрсақтың алдыңғы қапталындағы бұлшықет — апоневроз қабаттары арасындағы әлсіз жерлері арқылы, тері астына шығуы — жарықтар деп аталады. Бұл кезде, іш қабырғасының әлсіз жерлері арқылы париеталды ішперде сыртқа тері астына шығады. Кейіннен одан жарық кабы құрылады. Егер жарық қабы іш қуысынан тереңдегі шап сақинасы арқылы шықса, ал шап өзегімен жүріп, тері астына беткей шап сақинасы арқылы шығады. Бұл қиғаш жарық деп аталады. Егер жарық медиалды шап шұңқыры арқылы , жолындағы fascia endoabdominalis-ті ыдыратып, тері астындағы майлы ұлпаға беткей шап сақинасы арқылы шықса, бұндай жарық — тік жарық деп аталады. Қиғаш шап жарығының дамуы ішкі тесіктің кеңеюіне байланысты. Тік шап жарығының дамуы шап аралығының биіктігіне байланысты.Үшбүрыш тәрізді шап аралығы жарық дамуына себеп болады. 2. Пациентте бел аймағының жарығы. Жарықтың шығуына қандай анатомиялық ерекшеліктер себеп болады. Анатомды топографиялық тұрғыдан дәлелдеңіз Омыртқалардың арасында шағын, дөңгелек жалпақ дискілер болады. Осы дискілердің жарақаттан, қалыпты тозудан, немесе аурудан зақымдануында олар шығыңқы күйге түседі. Бұл жағдай омыртқа аралық дискінің жарығы аталады. Омыртқа дискілері жас ұлғайған сайын – құрғақ, иілгіш және әлжуаз бола түседі. Жарақат пен ұзақ уақыт бойғы жүктеме дискінің сыртқы жабындысында кішкентай саңылау болуын үдетеді. Әлсіреген дискіге шамадан тыс қысым түскенде дискінің ортасындағы қоймалжың материалдың бөлігі капсуладағы саңылау арқылы ағып кетуі мүмкін, нәтижесінде, диск нерв түбірін немесе омыртқа каналын қоршайтын кеңістікке шығып кетеді. омыртқа аралық дискінің жарығы нервтің қызметіне кедергі келтіреді, әлсіздікке, ұйып қалуға, немесе аяқтағы ауырсынуға апаруы мүмкін. Омыртқаның ортасындағы дисктер қан тамырымен қоректенбейді. Дисктерге омыртқаның диффузиясы, яғни тұрақты қимыл-қозғалыс қорек болады. Қозғалыс болмаған жағдайда фиброз сақина бұзылады. Фиброз сақинаны жарып шыққан дисктің ядросы – омыртқаның жарығы. |