Главная страница

Зертханалық жұмыс. Зерт.Жұмыс5. Орындаан Бишер Сабина практикалы саба 5 Таырыбы Арнайы зерттеу дістері ылыми зерттеулер


Скачать 150.24 Kb.
НазваниеОрындаан Бишер Сабина практикалы саба 5 Таырыбы Арнайы зерттеу дістері ылыми зерттеулер
АнкорЗертханалық жұмыс
Дата30.11.2021
Размер150.24 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЗерт.Жұмыс5.docx
ТипДокументы
#286943

Орындаған: Бишер Сабина

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 5

Тақырыбы: Арнайы зерттеу әдістері

Ғылыми зерттеулер - бұл ғылымның болуы мен дамуының формасы. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың құрылымын төрт компонент түрінде ұсынған жөн.

- бірінші - ғылыми зерттеулердің жалпы мәселелері (теория, әдіснамалар және әдістер);

- екіншісі - ғылыми зерттеулердің процестері (формалар, әдістер мен құралдар);

- үшіншісі - ғылыми зерттеулердің әдістемесі (тиісті ғылым саласы немесе кәсіби қызмет саласы үшін тиімді нақты формаларды, әдістер мен құралдарды таңдау);

- төртіншісі - ғылыми зерттеулердің технологиясы (ғылыми зерттеулердің процестері және оларды жүзеге асыру әдістері туралы білім жиынтығы)

  • Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады

  • Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.

  • Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы

Ғылыми әдіс

  • Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс.

  • Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.
    Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.

  • Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады: қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;
    экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.

Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. 

  • Әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.



  • Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Ғылыми әдістер

1. Эмпирикалық

1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

2. Теориялық  

1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;

2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Сондай-ақ олар:

  • жеке,

  • жалпы ғылыми және

  • жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді.



Жеке арнайы әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. 

Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады.

Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек.

Жеке әдістер - белгілі бір білім жүйесіне тән нақты әлемнің белгілі бір аймақтарын танып-білудің және түрлендірудің ерекше тәсілдері (әлеуметтану - социометрия; психология - психодиагностика).

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ғылыми зерттеудің жүйелік әдісінің мәні мен сипаттамасы;

Жүйелік әдіс — әлеуметтік тәжірибе мен ғылыми таным методологиясындағы кандай да бір нысанды белгілі бір жүйе ретінде қарастыратын әдіс. Жүйелік әдіс принциптері нақтылы ғылымдардағы ұқсас мәселелерді дайын үлгімен зерттеуге және оларды зерттеу үшін тиімді бағытты алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар арнаулы зерттеулерді күрделі нысандардың тұтастығы мен оны қамтамасыз ететін тетіктердің сондай-ақ, олардың құрамдас бөліктерінің көптүрлі типтік байланыстарының кейпін теориялык тұрғыдан қарастырады.

  1. «Модель» және «модельдеу» түсінігі;

Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. 
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру. 

  1. Модельдеу процесінің негізгі кезеңдері;

Модельдеудің негізгі кезеңдері: есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау.

  1. Құқықтану, экономика, менеджмент саласындағы зерттеу әдістері.

Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістіктің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын.Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдык өнім, ұлттық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады.

Бірақ, бұлардың айырмашылықтары да бар. Біріншіден, ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді. Мұндағы басты мәселе — қоғамдық өндірістердің бірінші және екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Ал осыдан темптер шығарылады. Экономикалық өсу темптері бастапқы деп және пропорцияларды белгілейді деп тұжырымдалады. Осының объективтік негізін қоғамдық қажеттілік құрайды. Сөйтіп, экономикалық өсу теориясында себепті-салдарлы байланыстардың керісінше сипаты болады.

Екіншіден, болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Міне, осылай бір жылдық циклда жасалған игіліктердің сомасы ретінде жиынтық қоғамдық өнім белгіленеді. Экономикалық өсуді есептеудің негізін "ұзын толқындар" құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан тұрады. Осы мерзімде темптердің жалпы тенденциясының сипаты бұрынғыдай, немесе, одан төмен тұрақтылықта болады.

Үшінші айырмашылық — экономикалық өсу жүйесінде бос уақыт өсудің резерві, өсу потенциалының құрамдас бөлігі болып табылады. Бос уақыт — бұл адам капиталы дамуы үшін қажет кеңістік болып табылады. Ұдайы өндірісті талдауда бос уақытты еленбейді, бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді қанау дәрежесі жоғары деп есептеледі. Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді. Пәннің ерекшелігі зерттеудің методологиясы мен методтарының ерекшелігін тудырады. Методология дегеніміз экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс, белгілі философиялық көзқарастар тұрғысынан қарағанда ол субъективтік, диалектикалық-материалистік, эмпирикалық, рационалистік және т.б. бағыттарды қолдануды талап етеді. Бұл методология адамдардың таптық құрамына қарамастан, экономикалық жүйені тұтас зерттеп, осының негізінде экономикалық өркениеттің объективтік рационалистік заңдар ашып зерттеуді талап етеді. Құрал ретінде математикалық эконометрика, кибернетика пайдаланылады. Зерттеу нәтижесі экономикалық үлгілер, схемаларграфиктер пайда болады. Рационалистік әдіс объективтік шындықты талдаудың тұрақты динамикада жүргізілуін тілейді. Бұған өндіріс, болу, айырбас және тұтынушыдың ішкі байланыстары мен заңдарын зерттеу тәсілі жатады.

Рационалистік және аналитикалық әдістердің өзара байланыстары әсіресе ұдайы өндіріс пен экономикалық өсу процестері талдауда толық байқалады. Позитивтік әдіс экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды, экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактілеу суреттеп баяндау және жүйеге келтіру негізінде экономикалық ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибе қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Демек, экономикалық ғылымның философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және эволюциясы туралы ілімді, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы туралы ілімді қалыптастырады.

Танып білудің нормативтік әдісі адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Бұл әдістің басты принципі шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан бұл әдісті қолдану үшін, неғұрлым жоғары дәрежені талдап, қорытынды шығару дәрежесіне көтеруді тілейді. Экономикалық құбылыстарды талдау экономикалық құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп және әр элементті тұтас құбылыстын қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылуымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.

Экономикалық теорияда қолданылатын әдістердің ішінде эксперимент пен экономикалық реформа елеулі рөл атқарады. Олардың зерттеудегі орны ерекше болады және жан-жақты дайындықты, терең болжауды дәлелдеуді, ғылыми сынақ өткізуді тілейді. Міне, ғылыми талдауды және экономикалық мәселелердің оптималдық шешімдерін іздестіруді ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдері осындай болады

Тақырып бойынша практикалық тапсырмалар:

Тапсырма 1. Ұғымдардың анықтамасын жазыңыз.

Кесте 1


1.Құрам

Тар мамандандырылған облыстағы біртекті объектілердің жиынтығы; Жүйе компоненттерінің сандық немесе сапалық сипаттамасы.

2. Құрылымы

Құрылым (лат. structura — түзіліс, орналасу, тәртіп) — объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты. Оны жүйенің (объектінің) элементтері арасындағы мәнді және қажетті байланыстар мен қатынастардың біртұтас жиынтығы деп қарастыруға болады. Құрылым мен элементтер құрамы жүйенің өзіндік сапасын айқындайды. Жүйенің түрленуі кезінде салыстырмалы түрде сақталатын, өзгермейтін, тұтас сапалық ерекшелігін білдіретін арқауы іспеттес. Құрылым мен элементтер құрамы арасында бір мәнді сәйкестік жоқ.

3. Функции

Функция ұғымы негізгі математикалық ұғымдардың бірі. Бұл ұғым екі жиынның элементтері арасындағы тәуелділікті (байланысты) орнатумен байланысты.

4. Мақсат

Мақсат — белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат — іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету.

Тапсырма 2. Ссұрақтарға жауап беріңіз

  1. Оқушының зерттеу жұмысының ерекшелігі неде? Ол қандай ғылыми формаларда жүзеге асады?

Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Белсенділікке оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады. Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.

Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.


  1. Ғылыми зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.

Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

  1. «Әдіс» және «әдістеме» терминдеріне анықтама беріңіз.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Әдіс - 1. (Грек methodos-зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.

2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.

3. (Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.

Әдістеме дегеніміз –белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін әдіс –тәсілдердің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді.


  1. Зерттеу әдістемесі дегеніміз не.

Ғылыми-зерттеу – бұл мақсатты білім, ұғымдар, заңдар мен теориялар түрінде пайда болатын оның нәтижелері. Ғылыми-зерттеулерді сипаттай отырып, оның келесі мүмкіндіктерін көрсетуге болады:

  • Міндетті, мақсатты процесс, саналы анық белгіленген мақсаттарға осы мақсатқа қол жеткізу;

  • Шығармашылық, мәселелерді жаңа төсем үшін бастапқы идеяларды ұсыну, белгісіз әрекеттерді ашу, жаңа іздестірулерге бағытталған процесс.

Ғылыми-зерттеу жүйелілік түрде сипатталады: онда орналасқан, жүйе мен ғылыми-зерттеу процесінде және оның тізімделген нәтижелері; ол аяқталған қорытындылар жасауға қатаң және дәйекті қолдауға тән.

Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.

  • Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.

  • Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.

  • Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен тәсілдері жөніндегі білімнің жиынтығы.

  • Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы. Ғылыми зерттеу пәні теориясы жеке құбылыс ретінде нақты жағдай жиынтығы емес, ұқсас құбылыстар мен жағдайларды тұтас қолдайды.

Ғылыми-теориялық зерттеулер мақсаты құбылыстың осы түрін жетілдіре жеке құбылыстардың бірқатар ортақ заңдарын ашу, табу, жұмыс істеу үшін жасалған дереу міндеттерін пайдалану, яғни, олардың терең мәнін ашу. Ғылыми-теориялық зерттеулердің негізгі құралдарына мыналар қолданылады: ғылыми әдістер жүйесінің жиынтығы, толық және негізделген деректер; бір-бірімен байланысты қатаң терминдер және ғылым ерекше тілін қалыптастыруда анықталған ұғымдардың жиынтығы. Зерттеу нәтижелері - ғылыми еңбектер көрінісінен кейін тәжірибеде қолданылатын кешенді бағалауда енгізілген кейін танымдық процесін қорытындылауда ескерілетін ережелер.


  1. Ғылыми зерттеудің жалпы ғылыми әдістерін тізіп, олардың әрқайсысына жалпы сипаттама беріңіз.

Ғылыми әдістер 2 түрге бөлінеді:

  1. Эмпирикалық

1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

2. Теориялық

1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;

2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.


написать администратору сайта