Главная страница

СРСП 11. Орындаан Елеуберген Жанболат втипо102


Скачать 17.16 Kb.
НазваниеОрындаан Елеуберген Жанболат втипо102
Дата10.12.2022
Размер17.16 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСРСП 11.docx
ТипДокументы
#837909

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

ОСӨЖ №11

Тақырыбы: Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы мен жазбаша тарихнамасы

Орындаған: Елеуберген Жанболат ВТиПО-102


2022 ж.

Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрдің алатын орыны аса маңызды. Ақселеу ағамыздың «ауызша тарих» дегені ең алдымен Қазақтың және Ұлы дала белдеуін қазаққа дейін мекендеген қыр халықтарының ауызша тарихи шығармашылығы. Әдеби шығармашылықтың бір саласы және тарихи жадының қоры есебінде бұл білімдер кӛбінесе бір ұрпақтан екіншісіне ауызша беріліп отырған. Ауызша шығармашылықтың жалпы нобайы тарихи аңыздар мен әңгімелердің тұтас циклдарын, кӛпшілікке танымал эпикалық жырларды, мақалдар мен мәтелдерді, ал кейде тарихи оқиғалар мен оған қатысушылар туралы орынды айтылған қанатты сӛздерді де қамтиды. Ауызша дәстүрдің әр түрлі ескерткіштерінде сақталған аса құнды  мағлұматтардың тарихи ӛткен шақты қайта қалпына келтіру мүкіндігі шексіз. Жоғарыда аттары аталған түрлі ауызша дәстүр деректерінің ішінде қазақ қоғамының ӛткен жолын жазуға Шежіре аса маңызды қызмет жасайды. Тым алыс емес заманда бір жағынан марксизм-ленинизмнің методологиялық ережелерінің үстемдігіне, екінші жағынан біздің ерекше отаршылдық жағдайымыз, «кіші туыс» болғанымыз себепті, ұлттық дәстүрлерге деген нигилизм жайлап, ұлттық тарихымыздың қайнар кӛзі шежіре «кертартпа –клерикалды білім» ретінде ғылыми мәселе қатарынан шығарылды. Күні бүгінге дейін Қазақстан тарих ғылымында Шежіренің теориялық-методологиялық  мәселелеріне арналған зерттеулер жоқ. Алыс қашықтықтан байқастау, кейбір тақырыптар игермек ниет, насаб-нама, яғни ата тарату сызба-схемаларын ғана бар. Осы себепті қазақ шежіресінің шынайы мәнін түсінуге, ӛзіне дейін және ӛз кезеңінде пайда болған сан қилы ғылыми тұжырымдарды қорытындылап, шежіретануға қажетті ұғымдар мен терминдерді жүйелі түрде қалыптастыруға күш салған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегі ерекше.  Бүгінгі күні біздің Ақаң жеткен биіктен әрі баруымыз керек екені заңды. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» деген сӛз бар. Біздің ойымызша ендігі асыл мақсаттардың бірі қазақ шежіресінің деректерін ғылыми айналымға қосу, ал ол осыған дейін батыстық әдебиетте қалыптасқан ауызша дәстүрді зерттеу тәжірибесінде, сонымен бірге қазақ тілінің алтын қорына, Ұлы даланың тарихы мен этнографиясы туралы шынайы білімдерге иек артқаны жөн. Еуропалық ғылымда ауызша тарихи дәстүрді ғылыми сараптау және оны жазба  дәстүрлері жоқ халықтардың тарихын жазуда қайнар кӛз ретінде қолдану талпыныстары ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл әрекеттер ӛз кезегінде тарихтың осыған дейін даму нәтижелеріне сүйенді, тарих қашанда жеке ғылым саласы ретінде тарихи аңыздарды, эпикалық немесе лиро-эпостық жырларды, мифтер мен әртүрлі әңгімелерді белсене пайдалануға негізделді. Бұған кӛз жеткізу үшін Геродоттың «Тоғыз кітапты тарихын» немесе антика дәуірінің кез келген тарихшысының еңбектерін ашып кӛрсек жеткілікті. Бұл дәстүр антика әлемімен және оған кӛршілес региондармен шектелмейді. Шығыстың ерте тарихнамасы да ауызша тарихи дәстүрді пайдалануға құрылды. Алайда уақыт ӛте келе жазба деректер кӛбейді де батыс тарихшылары жазба деректерге негізделмеген тарихи зерттеулердің шынайылығына күмән келтіре бастады. Бұл кӛзқарастар Африка тарихын ауызша деректер арқылы жазбақ болған ғалымдардың еңбектеріне қатысты айтылған ағылшын зертеушісі Хью Тревор-Ропердің: «Мүмкін, болашақта әйтеуір бір Африка тарихы жазылар... Қазір ол жоқ, тек еуропалықтардың Африкадағы тарихы ғана бар. Одан басқасы қараңғылық..., ал қараңғылық тарихтың пәні болып табылмайды» деген пікірінен анық сезіледі. Сыншылардың екінші аргументі дәстүрлі қоғамдарда батыс және шығыс түсінігіндегі кәсіби тарихшылар тобының болмауы. Тарихпен айналысу міндетті түрде жылнамалармен, оқиғаларды және фактілерді қағазға түсірумен, билеуші әулеттің хроникасын жазумен ассоцияцияда қарастырылады. Арнайы атап ӛту керек, тарихты сезіну қабілеті кӛптеген жазбасыз халықтарға тән, әсіресе кӛшпелілерге етене, оны қасиеттеу мен түйсінуді ауызша дәстүрдің қарсыластары есепке алмайды. Ауызша дәстүр қазіргі тарихнамаға тән оқиғаларга таңылу, эмпиризм гегемониясы және бір жазылғанды екінші рет кӛшіру сияқты қағидаларын тіпті де ескермейді. Оқиға және факт –қазіргі тарих ғылымы бірнеше жүз жыл ӛз жұмысына пайдаланып келе жатқан құрылыс материалдары. Алайда еуропалық ғылым ӛзінің аяғындағы шідерден құтылуға тырысатыны байқалады. М.Блок бір еңбегінде «Мәселе Исаның (Иисус пайғамбар-Ж.А.) креске керіп шегеленгенінің болған болмағанын, одан кейін қайта тірілуін анықтау емес. Бізге маңыздысы біздің жан-жағымыздағы осыншама адамның керу мен тірілуге қалайша сенетінін түсіну» (1, с. 21-22).Еуропа ғалымдарының ауызша тарихқа бет бұруы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 1948 жылы Америка Құрама штаттарында Колумбия университетінің профессоры Алан Невинс сейсмологиялық және теңіз геодезиялық жұмыстарының негізін салушы пионерлердің ӛмірін зертеуге арналған «Ауызша тарих проектін» ұйымдастырды. Ауызша тарих зерттеу әдістерін әлеуметтік және жеке бас қарым-қатынастарын қайта қалпына келтіруге қолдану ауызша тарих табиғатының ыңғайлылығына байланысты. Қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, ал кез келген қоғамның ӛмірі қызықты, бұл жолдың  негізгі қағидалары да осында. Қазіргі ауызша тарих ілімінің негізін салушылардың бірі Пол Томпсон атап кӛрсеткендей «қоғам мен тарих арасындағы қарым-қатынас кез келген жағдайда бір жақты болмау керек, бұл дегеніңіз үздіксіз айырбас, ақпаратпен оны тәпсірлеу, оқытушы мен аудитория арасындағы ӛзара диалектикалық байланыс » (10, с. 6.).Бір сӛзбен айтқанда ауызша тарих –бұл адамдарды айнала қоршаған тарих. Ӛзінің табиғаты бойынша ол тарихты нақты ӛмірмен толтыруы керек, яғни ол қаһармандарды тек қана кӛсемдердің арасыннан ғана емес, үнсіз ӛз тіршілігін жасап жатқан қарапайым халықтың арасынан да табуға мүмкіндік береді. Міне осындай тарихтың демократиялық түрі «ауызша тарих» ұғымына мазмұн береді.


написать администратору сайта