Главная страница

Жара аурулары. Жара_ХалиуллаС_501Б. Орындаан Халиулла Самал 501 Б


Скачать 15.86 Kb.
НазваниеОрындаан Халиулла Самал 501 Б
АнкорЖара аурулары
Дата10.02.2022
Размер15.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖара_ХалиуллаС_501Б.docx
ТипДокументы
#357916

Орындаған: Халиулла Самал 501 Б

Жаралар. Себептері, патогенезі, түрлері, клиникасы, диагностика алгоритмі және жедел жәрдем көрсету принциптері.

Жара – тіндер мен мүшелердің механикалық зақымдалуы нәтижесінде тері мен кілегей қабықтың бүтіндігі бұзылуы.

Себебі: ең жиі себебі тұрмыстық жарақат, одан сирек автомобильді авария, спортпен шұғылдану кезінде, өндірістік жарақаттар мен биіктіктен құлау, криминалды жағдайлар жатады.

Патогенезі: жараның төрт аймағын алып қарастырады: өзіндік жара, соққы алу орны(контузия), шайқалу аймағы (коммоция) және физиологиялық механизмдер бұзылу аймағы. Жара дефектісі беткей, қуыс немесе терең каналды болуы мүскін. Дефекті қабырғалары некрозды тіндерден құралған, қабырғалары аралығында ұйыған қан, тін бөліктері, сыныш болған жағдайда сүйек фрагменттері мен бөгде денелер болуы мүмкін.

Жіктелуі: 1. Түйрелген (шаншылған) - өткір заттардың əсерінен болады.

2. Кесілген - өткір, ұзын заттың əсерінен болады, мөлшері 0,5 см-ден кем емес.

3. Соғылған - үлкен салмақты немесе жоғары жылдамдықтағы заттардың əсерінен болған.

4. Тістелген - жануарлардың, сирек адамның тістеуінен болады.

5. Сыпырылған - терінің жəне тері асты шелмайының астындағы тіндерден сыпырылып түсуінен болады.

6. Оқ жарақат - қарумен атылған оқтан болады.

Клиникасы: алғашқы симптомдары ауырсыну, қан кету, қызметінің бұзылу, жара шеттерінің ажырауы (зияние).

Ауырсыну: бұл жара орнында нерв рецепторлары зақымдалуына байланысты пайда болады, интенсивтілігі жараның орнына, тереңдігіне және науқастың жағдайына байланысты.

Қан кету: жара маңындағы қан тамырларының зақымдалуына байланысты, магистральды қан тамырлары зақымдалуы науқас үшін үлкен қауіп тудыруы мүмкін.

Жара шеттері ажырауы: терінің эластикалық қабілетіне байланысты

Қызметі бұзылуы: жергілікті, аймақтық және жалпы болып бөлінеді.

Диагностика алгоритмі:

  1. Жара белгілері болуы

  2. Жараның түрін анықтау

  3. Қызметі бұзылу дәрежесін анықтау

  4. Науқасты клиникалық тексеру

Жедел жәрдем:

  1. Қан кетуді тоқтату : тампонада жасау, қысып тұратын байлам жасау, ірі қан тамырлары зақымдалса жгут салу

  2. Ашық жарақатты өңдеу ( жараға инфекция түсуінің алдын алу) жара орнын йод ерітіндісімен өңдеу

  3. Жара аяқ немесе қолда болса мүшені иммобилизациялау

  4. Ауырсынуды басу ( аналгин, трамадол таблетка түрінде )


написать администратору сайта