Главная страница
Навигация по странице:

  • Анализ 1.Мән мәтін

  • 4.Қолдану аймағы

  • Анализ 1. Мән мәтін

  • 5. Сұрақтың типі

  • Анализ Мән мәтін

  • Мән- мәтін

  • Иә \Жоқ Темірді тіршілік элементі деп айтуға болама Иә \Жоқ

  • Иә \Жоқ Мән- мәтін

  • Орындаан Найманбаева Д. С. Петропавл 2017 жыл Зат алмасу ( 8 сынып)


    Скачать 248.22 Kb.
    НазваниеОрындаан Найманбаева Д. С. Петропавл 2017 жыл Зат алмасу ( 8 сынып)
    Дата22.02.2022
    Размер248.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла_sabaq-kz_attachment_pisa-formatynday-himiya-biologiya-pndernen-.docx
    ТипАнализ
    #369795

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

    PISA форматындағы тапсырмалар биология 8,11 сынып

    Химия 8-9 сынып

    Орындаған:Найманбаева Д. С.

    Петропавл 2017 жыл

    Зат алмасу ( 8 сынып)

    Зат және энергия алмасу – қоршаған ортамен зат алмасу барлықтірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп, басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар асқорыту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды.

    Тапсырма 1 Әр түрлі мамандықта жұмыс жасайтын адамдар әр түрлі энергия жұмсайды. Мысалы, ойлау қызметімен жұмыс істейтіндер, бір күнде 3000 килокаллорий энергия жұмсайды. Дене еңбегімен шұғылданатындар 2- есе көп энергия жұмсайды екен. Ауыр жұмыс істегенде жұмсалатын энергия мөлшері ПӘК ( пайдалы әсер коэффиценті) арқылы анықталады. Пайдалы әсер коэффицентінің орташа мөлшері 20-25 % . Спортшыларда бұл көрсеткіш жоғары. 1г аққуыз тотыққанда – 4,1 ккал, 1г май – 9,3, көмірсулар – 4,1 ккал болып есептелінеді. Азық – түліктердің құрамындағы көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың мөлшерін біле отыра, олардың құнарлығын анықтауға болады.

    Егер адам тәулігіне 3000 ккал энергия жұмсаса, онда ағзаның знергетикалық қажеттілігін 1 тәулік ішінде пайдалана отыра, толық қанағаттандыруға болады.

    А 732 г көмірсулар

    В. 732 г майлар

    С. 150 г аққуыздар

    Д. 732 г аққуыздар мен 732 г көмірсулар

    Анализ

    1.Мән мәтін: Жеке ,денсаулық

    2.Мазмұны: ғылым туралы білім, ғылыми жаратылыстану зерттеу

    3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру

    4.Қолдану аймағы: медицина, спорт

    5. Сұрақтың типі: нақты бір жауапты таңдау

    6. тапсырма деңгейі: 3

    Тапсырма 2

    Бұлшықет қызметі, белсенді қозғалыс режимі, дене шынықтыру жаттығулары және спорт көп энергия жұмсауды қажет етеді. Қоректік заттарды олардың каллориялық құндылығын есепке ала отыра ауыстыруға болады.

    Мына тұжырымдар дұрыс па ?

    1. Энергетикалық құндылығы бойынша 1г көмірсу 1г ақуызға тең

    ( иә /жоқ )

    1. Спортшылардың тамақ рационын құрғанда, жаттығулардың көлемі мен қарқындылығы жоғары болатын күндері энергия жұмсалуының артуы байланысты есептеу керек ( иа/ жоқ)

    2. Егер тамаққа аққуызды көп қолдансақ, арттық салмақ қосудан қорықпау керек ( иа/ жоқ)

    3. Ағзаға тамақтың жалпы құндылығы ғана маңызды ( иа / жоқ)

    Анализ

    1.Мән мәтін: Жеке ,денсаулық

    2.Мазмұны: ғылым туралы білім, ғылыми жаратылыстану зерттеу

    3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру

    4.Қолдану аймағы: медицина, спорт

    5. Сұрақтың типі: иә /жоқ қысқа жауапты таңдау

    6. тапсырма деңгейі: 3

    Адам эволюциясы 11 сынып

    Адамның тікелей даму барысында негізгі 3 кезеңді ажыратады. Оларға ежелгі адамдар( архантроптар), ертедегі адамдар( палеонтроптар) және осы заманғы адамдар (неонтроптар) жатады.Ғалымдардың айтуы бойынша адам эволюциясы адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түседі.



    1А Мына суретте берілген ақпаратқа сүйене отырып, адамның эволюциясы осы кезеңдердің бәрінен өтті деуге бола ма ? ( иа/ жоқ)
    1.Б Ми сауытының көлемінің ұлғаюы эволюция нәтижесі ( иа/ жоқ)

    2А. Адамның тіршілік әрекетінің өзгеруінің дәлелдемесі

    (өз ойларыңды жинақтаңдар)

    __________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    __________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    _______________________________________________________________
    Анализ
    1. Мән мәтін: ғылымның алдыңғы шебі- ғаламдық

    2.Мазмұны: ғылым туралы білім, ғылыми жаратылыстану зерттеу

    3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру

    4.Қолдану аймағы:жаратылыстану

    5. Сұрақтың типі: иә /жоқ қысқа жауапты таңдау, еркін жауап

    6. тапсырма деңгейі: 3

    Тапсырма 3

    Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар болады. Бұл заттар сілекейде еріп, асқазанға түседі де, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды. Темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын қабындырады. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ бронхиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз ете алмай газ алмасу бұзылады.

    Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. Темекіні көп шеккен адамның өкпесі қатерлі ісікке көбірек шалдығады. Темекі құрамындағы улы зат – никотин. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Көп мөлшерде болса, адам үшін өте қауіпті, өліп кетуі де мүмкін. Темекі, әсіресе жас ағзаны тез уландырады.

    1АТемекі шегу көптеген аурулардың және өкпенің қатерлі ісігіне алып келеді. Сіздер оны жақсы білесіздер.

    Мына аурулар темекі шегуден бе ?

    «Иә» немесе«Жоқ» деп белгілеңіз.

    Бронхит

    Иә / жоқ

    АИВ-инфекция немесе ЖҚТБ

    Иә / жоқ

    Туберкулез

    Иә / жоқ

    Шешек ауруы

    Иә / жоқ


    2. Мына суреттердегі өкпелердің бір – бірінен айырмашылығы неде ?

    _________________________________

    ________________________________

    ________________________________


    Анализ
    1. Мән мәтін: ғаламдық

    2.Мазмұны: ғылым туралы білім

    3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру,

    4.Қолдану аймағы:медицина

    5. Сұрақтың типі: иә /жоқ қысқа жауапты таңдау, еркін жауап

    6. тапсырма деңгейі: 4

    Тапсырма 4

    Тамырдың соғуы (пульс) жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған сайын артериялардың қабырғасы оқтын-оқтын серіппелі кеңейеді (латынша «pulsus» – соғу, итеру). Жүрек қарыншалары жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларына күшпен айдайды. Күшпен айдалған қан ары қарай артерия қантамырларының қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады. Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі – тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып, мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Тамырдың соғуына қарап 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70–75 рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді. Мектепте салауатты өмір салтына арналған іс – шара жүріп жатыр.Барлық оқушылар өз орындарында отыр. Жүргізуші 3 оқушыны шақырып, әрқайсысына тапсырма берді. Диана сол орында отырды. Марат 10 рет отырып тұрды. Индира бір орында тұрып жүгіру қозғалысын жасады. Осы жаттығулардың барлығы бір минутта жасалды.Олардың тамырларының соғуы жаттығуға дейін, жаттығудан кейін өлшенді.

    1А. Қалай ойлайсыңдар қай оқушының жүрек соғысы жиіледі ? Неге ?

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Анализ

    Мән мәтін: жеке, денсаулық

    2.Мазмұны: әлемді тану

    3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру,

    4.Қолдану аймағы:медицина

    5. Сұрақтың типі: еркін жауап

    6. тапсырма деңгейі: 3

    Тапсырма 5

    Аргентина (ис. Argentina), толық атауы Аргентина Республикасы (ис. República Argentina - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет.16 ғасырда испандықтар Онтүстік Американы жаулап ала бастады. Бұларды жат жерден алтын мен күміс табыла ма деген үміт қызықтырған еді. Сондықтан олар құрлықтың оңтүстігіндегі елді – Аргентина – ‘күмісті’ деп атады.

    Бірақ Аргентинада алтын да, күміс те жоқ болып шықты. Бірнеше ғасыр бойы ол Испанияның Америкадағы иесіз қалған отарларының шет аймағы күйінде қала берді.

    Осыдан бір ғасырдан аз-ақ бұрын бұл өңір өзгеріп сала берді. Бұл кезде теңіз жолдары құрлықтарды бір-бірімен жалғастырып жібірген еді. Еуропада өнеркәсіп қауырт дамып, қалалар тез өсті. Осыған байланысты Аргентинада ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы шұғыл дами бастады. Аргентина еті Еуропаға жөнелтіліп жатты.

    1814-1817 генерал Жозе Сан Мартин, Испаниямен тәуелсіздік үшін соғыс бастады. Оның арқасында Аргентина, Чили және Перу өздерінің тәуелсіздігін жариялады.

    1.А Күмістің химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    1Б. Күміс оксидінің атомдық массалары мен молекулярлық массаларын есептеп табыңдар.

    2А. Күміс оксиді, күміс нитратының массалық үлестерін табыңдар
    Анализ

    1.Мән мәтін: ғаламдық

    2.Мазмұны: әлемді тану

    3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру,

    4.Қолдану аймағы:география, саясаттану ,тарих, химия

    5. Сұрақтың типі: еркін жауап

    6. тапсырма деңгейі: 4

    Металдардың адам өміріндегі және табиғи ортадағы маңызы.

    1.тапсырма

    Бұл элементті 1808 жылы ағылшын химигі Хэмфри Дэви ашты. Қосылыстарында +2 тотығу дәрежесін және ІІ валенттілік көрсетеді. Бұлщық ет жұмысына қажет фермент қызметі мен қан ұю жүйесі үшін . Ол кейбір фермент жұмысын жеделдетеді, адам және мал сүйектері мен тістері құрамына кіреді. Адам және мал азығында мөлшері жетіспесе, мал рахит ауруына шалдығады, жүрек жұмысы әлсірейді,қанның сапасы кемиді. Минералдарының қоры Қаратау өнірінде.Мәрмәрдің,бордың,әктастың негізгі құраушысы.

    рақ: Бұл қай элемент? Бұл элемент жайында не білеміз?_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Мән- мәтін : Әлеуметтік. Мазмұны: Әлем туралы білім Құзыреттілік: ғылыми тұрғыдан бағалау Қолдану аясы: денсаулық Cұрақтың типі: Еркін құрастырылған сұрақ. Білім деңгейі: 3

    2.тапсырма Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә»немесе «жоқ»деп айналдыра сызыңыз.

    Магний жүрек, қан тамыр жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамассыз етуге қатысады

    Иә \Жоқ

    Темірді тіршілік элементі деп айтуға болама?

    Иә \Жоқ

    Металдар адамзат тарихында өте маңызды рөл атқарады

    Иә \Жоқ

    Мән- мәтін : тұлғалық Мазмұны: білім туралы, физикалық жүйе Құзыреттілік: ғылыми тұрғыдан бағалау Қолдану аясы: табиғи ресурстар Cұрақтың типі: иә/жоқ жауаптарын таңдау Білім деңгейі: 1

    3. тапсырма

    Металдар тірішілік үшін зиян келтіретін жағдайлары бола ма? Оны болдырмау шаралары жөнінде не білесіздер?

    _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Мән- мәтін : тұлғалық Мазмұны: ғылым туралы Құзыреттілік: ғылыми тұрғыдан бағалау Қолдану аясы: табиғи ресурстар Cұрақтың типі:еркін құрылымды жауап Білім деңгейі: 2

    Қолданған әдебиеттер тізімі:

    1. Биология: Оқулық Е. Очкур, Л. Аманжолова, Р. Жұмабаева Алматы : Мектеп, 2012жыл

    2. Биология: Дидактикалық материалдар Е. Очкур, Л. Аманжолова Алматы: Мектеп, 2012жыл


    написать администратору сайта