Главная страница

Қазақстанның өзен-көлдерінің экологиялық проблемалары. Сейсенбек С 312 ЭК. ОрындаАН сейсенбек с. Алматы, 2022 жыл су оймаларынОРАУ


Скачать 2.36 Mb.
НазваниеОрындаАН сейсенбек с. Алматы, 2022 жыл су оймаларынОРАУ
АнкорҚазақстанның өзен-көлдерінің экологиялық проблемалары
Дата02.05.2022
Размер2.36 Mb.
Формат файлаpptx
Имя файлаСейсенбек С 312 ЭК.pptx
ТипДокументы
#508192

ОРЫНДАҒАН: СЕЙСЕНБЕК С. АЛМАТЫ, 2022 жыл

СУ ҚОЙМАЛАРЫНҚОРҒАУ

Жоспар:


I.КІРІСПЕ

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
  • Су қоймаларына шолу
  • Су қоймаларының ластану көздері

  • III.Қорытынды

    IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Су қоймасы - суды тоқтатуға, жинақтауға және суды сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды бөген. Адамдардың ұқыпсыздығынан өнеркәсіп қалдықтарының сарқынды сулары, егістікке пайдаланылатын тыңайтқыш ерітінділері жер бетіндегі суларға қосылып, ластанғандықтан, жер бетіндегі суы таза өзен,  көлдер азайып жатыр. Өзен, көлдердің суларын ластанудан сақтау үшін тұрмыста пайдаланылған суларды, өндірістен шыққан сарқынды суларды толық тазартудан өткізу керек.

Су көздерінің тыңайтқыштардан ластануын болдырмау үшін олардың суға қосылуына жол бермей, белгілі мөлшермен пайдалану керек. Суды сарқылудан сақтау үшін оны ұқыпты пайдалану қажет.

Қазақстан Республикасының «Су туралы кодексінде» өзен-көлдердің суын қорғауға ерекше көңіл бөлінген.

Су қоймасы

Орны

Пайдалануға берілген жылы

Ауданы км2

Ұзындығы

Ені

Тереңдігі

жалпы көлемі км2

Бұқтырма

Ертіс өзені ШҚО

1967

5500

600

40

80

50,0

Қапшағай

Іле өзені Алматы обл.

1970

1847

187

23

43

28,0

Шардара

Сырдария өзені ОҚО

1966

900

48

20

26

5,7

Көксарай

Сырдария өзені ОҚО

2011

460

-

-

-

3,0

Сергеев

Есіл өзені СҚО

1969

117

75

7

20

0,693

Қаратомар

Тобыл өзені Қостанай обл.

1965

92

72

4

16

0,586

Самарқан (Теміртау бөгені, Нұра бөгені)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1941

82

25

7

12

0,260

Бөген

Бөген өзені ОҚО

1967

65

13

6

15

0,370

Астана

Есіл өзені Ақмола обл.

1969

61

11

10

25

0,411

Киров

Көшім өзені БҚО

1967

39

22

4

7

0,063

Топар (Шерубайнұра)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1960

39

13

4,2

24

0,274

Кеңгір

Кеңгір өзені Қарағанды обл.

1952

37

33

1,6

25

0,319

Өскемен

Ертіс өзені ШҚО

1963

37

85

1,2

45

0,650

Тасөткел

Шу өзені Жамбыл обл.

1974

77

18

8,5

23

0,620

Барлығы

87,946

Бұқтырма су қоймасы


Ауданыкм2 : 5500

Пайдалануға берілген жылы: 1967

Ұзындығы: 600 км

Ені: 40 км

Тереңдігі: 80 м
Бұқтырма бөгені - Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, Қалба, Нарын, Күршім жоталары аралығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі бөген. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айында басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң біртұтас су айдынына айналды. Суының көлемі 49,6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі (бастауынан Серебрянск қаласына дейін), Бұқтырма, Нарын өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді. Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5,0 м-ге жетсе, маусымдық тербелісі – 1,3 – 3,8 м аралығында болады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,05 – 0,14 г/л, жұмсақ, химиялық құрамы – гидрокарбонатты кальцийлі. Бөгенде фитопланктонның 280, зоопланктонның 260 түрі кездеседі. Сазан, Табан балық, көксерке, түрке балық (омуль), шармай, ақ амур, бақтақ, т.б. балықтар өседі. Жылына орта есеппен 8 – 9 мың т балық ауланады. Бұқтырма бөгеніндегі Өскемен, Бұқтырма су электр станциялары Шығыс Қазақстан облысының аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Көктемде бөгеннен жіберілген су Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жүздеген мың га егісі мен шабындықтарын суландырады.

Қапшағай су қоймасы


Ауданы км2 : 1847

Пайдалануға берілген жылы: 1970

Ұзындығы: 187

Ені:23

Тереңдігі: 43


Қапшағай бөгені — Іле бойында, Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 жылы басталды. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км3. Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Бөгенде балықтың 26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т.б.) кездеседі, олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қапшағай қаласының кәсіпорындары пайдаланады.

Шардара бөгені


Ауданы км2 : 900

Пайдалануға берілген жылы: 1968

Ұзындығы: 48

Ені: 20

Тереңдігі:26
Шардара бөгені — Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Сырдария өзеннің арнасына салынған. 1968 ж. бөген шарасы суға толтырылды. Суының мөлшелері 5200 млн. м3, су жиналатын алабы 174 мың км2. Бөген Сырдария өзеннің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Шардара бөгені арқылы жалпы 394,0 мың га жер суарылады (оның ішінде 105 мың га күріш егістігі).

Көксарай су қоймасы


Ауданы км2 : 460

Пайдалануға берілген жылы: 2011
Көксарай су қоймасы — Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, Шардара су қоймасынан 160 километр төмен, Көксарай ауылының оңтүстігінде орналасқан су қоймасы. 2008—2011 жылдары салынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерді су алу қауіпінен қорғауға және қыс айларында Шардара СЭС да өндірілетін электр энергиясы қуатын 20-25 %-ға арттыруға ықпал ететін нысан.

Сергеев бөгені


Ауданы км2 : 117

Пайдалануға берілген жылы: 1969

Ұзындығы: 75

Ені: 7

Тереңдігі: 20
Сергеев бөгені— Солтүстік Қазақстан облысындағы бөген. Есілдің абсолюттік биіктігі 125—150 м-лік жазық өңірден өтетін орта бөлігіндегі аңғарында, 1969 жылы іске қосылған. Сергеевка қаласынан бастап, оңтүстікке қарай 75 км-ге созылған, сыйымдылығы - 695 млн. м3. Жағасының ұзындығы 264 км. Бөгенге Иманбұрлық өзені құяды. Есіл суын тиімді пайдалану мақсатымен салынған. Облыстағы негізгі астықты өңірлердің экономикасында бөгеннің маңызы зор.

Қаратомыр бөгені


Ауданы км2 : 92

Пайдалануға берілген жылы: 1965

Ұзындығы: 72

Ені: 4

Тереңдігі: 16

Қаратомар бөгені - Қостанай облысы Қашар ауданында орналасқан. Бөген Соколов, Сарыбай, Қашар, т.б. темір кентас орындарын игеру кезінде іргесі қаланған. Рудный қаласын сумен қамтамасыз ету мақсатында 1966 жылы салынған.

Самарқан бөгені


Ауданы км2 :       82

Пайдалануға берілген жылы: 1941

Ұзындығы: 25

Ені: 7

Тереңдігі: 12

Самарқан бөгені (Теміртау бөгені, Нұра бөгені) — Нұра өзен аңғарында, Қарағанды облысы Осакаров аудан жерінде. 1941 ж. іске қосылған. Бөгеннің су жинайтын алабы 11500 км2. Шарасы қалың құмды-малтатасты шөгінділерден, саз және саздақтан түзілген. Түбі тегіс, батыс жағына қарай еңкіштеу келеді. Солт-нің көк желекті жағасы демалыс орнына айналдырылған. Батыс жағалауы Теміртау қаласының шетіне тиіп жатыр. Солт. жағалауында Сарымсақ, Қарабұйрат қоныстары жайласқан. Бөгенге Ертіс — Қарағанды каналының суы Нұра өз. арқылы ауық-ауық қосылып отырады. Бөген деңгейінің жылдық өзгерісі 2 м шамасында. Суы мөлдір, минералдылығы 0,7 — 1 г/л. Бөген суын Қарағанды, Теміртау қалаларының өндірістік кәсіпорындары пайдаланады.

Су қоймалары

үшін

санитарлық-

гигиеналық

ШРК әр түрлі

қауіптілік

көрсеткішіне

байланысты

органолептикалық

токсикологиялық

жалпы санитарлық

Бентос – бұл су қоймасының түбінде өмір сүретін организмдер жиынтығы

Су қоймаларының эвтрофикациялану нәтижесі


Биогенді заттардың келіп түсуі (азот,

фосфор және т.б.)

Эвтрофтану

Судың сапасының

нашарлауы

Экожүйенің тұрақтылығының бұзылуы

Ортаның анаэробиозы

Гидробионттар құрамының өзгеруі

Адам

денсаулығы

Қорытынды


Жасанды су қоймаларын біздің заманымызға дейін 3000 жыл бұрын египеттіктер жасаған. Бөгендер өзен аңғарларына су ағынын реттейтін бөгеттер салу арқылы жасалады. Бөгендерде қөктемде еріген қар суы жиналып, жазда тиісінше жіберіліп отырады. Бөген сулары халықтың суға деген сұранысын қамтамасыз етеді, егістік суаруға, электр қуатын алуға, жол қатынасына пайдаланылады. Каналдар салу арқылы бір өзен екінші өзенмен жалғасады, аймақтар арасын байланыстыратын су жолдары пайда болады. Сумен жабдықтау жақсарып, адамдардың суға деген сұранысы қанағаттандырылады. Шөлді аймақтар егіншілікпен айналысу мүмкіндігіне ие болады.

Ал батпақты аймақтарда каналдар жерді құрғату мақсатында пайдаланылады. Өнеркәсіпті дамытуға да су керек, суы тапшы аймақтарда каналдар салу негізінде өнеркәсіпті өркендетуге болады. Мысалы, елімізде слынған Ертіс-Қарағанды каналы су тапшылығы мәселесін шешуге, өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік берді. Өзендер суының жыл бойы мол бола бермейтінін білесіңдер. Өзен суын реттеп, оны тиімді пайдалану үшін бөгендер салынады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаев// Экология және табиғатты тиімді пайдалану// Алматы, 2004 ж.
  • А. Нұрғызарынов, Ж. Шілдебаев// Экология және тұрақты даму// Астана, 2014 ж.
  • А. Т. Қуатбаев// Жалпы экология// Алматы, 2012 ж.


написать администратору сайта