Главная страница
Навигация по странице:

  • Эксперимент есептерін шығарту жолдарының негізгі кезеңдері

  • 4 тапсырма Турғунбаева Дария. Орындаан Турунбаева Дария Химиялы эксперимент есептерін шыарту жолдарыны негізгі кезедері


    Скачать 19.49 Kb.
    НазваниеОрындаан Турунбаева Дария Химиялы эксперимент есептерін шыарту жолдарыны негізгі кезедері
    Дата03.04.2021
    Размер19.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4 тапсырма Турғунбаева Дария.docx
    ТипДокументы
    #190886

    Орындаған:Турғунбаева Дария

    Химиялық эксперимент есептерін шығарту жолдарының

    негізгі кезеңдері.

    Сөз – көрнекі және сөз – көрнекі – сарамандық әдістерді оқытудың ең маңыздысы химиялық эксперимент болып табылады. Ол химияны оқытуда ең маңызды рөлді атқарады. Химиялық эксперимент оқушыларға тек атаулармен ғана емес, сонымен қатар, химия ғылымының әдістерімен таныстырады. Химиялық экспериментке үлкен үлестерін қосқан ғалымдар: В.Н.Верховский, В.В.Фельдт, К.Я.Парменов, В.В.Левченко, В.С.Полосин, Д.М.Кирюшкин, Л.А.Цветков және тағы басқалар .

    Химияны меңгеруде химиялық эксперимент оқу процесінің құрамды бөлігі ретінде маңызды роль атқарады. Әрбір ғылыми түсінік қойылған міндеттен қисынды (логический) шығуы керек және практика жүзінде орнығуы керек, сонда ғана химияның эксперименттік сипаты танылады .

    Химия пәні бойынша оқу тәрбие процесінде оқушыларда терең сапалы білім қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек .
    Химиялық эксперимент:

    • тәрбиенің қалыптасуына көмектеседі (еңбектік, мәдениеттілік, үнемдік, этикалық, эстетикалық, танымдық, экологиялық және басқалар);


    • дамытушылыққа үйретеді (есте сақтау, ойлау, елестету, сезіну, қажеттілік мотивтері, шыгармашылығы т.б,).


    • танымдық қасиетін дамытуда маңызы зор әдіс функциясын орындайды (химиялық объектілерді тану, оқу проблемасын шешу, оқу гипотездерін тексеру).


    • оқу құралдар функциясын орындайды (көрнекіліктер, зерттеулер, жетістіктер, қорытындылар, білім және дағдыны қолдану, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту құралдары) .


    Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады.
     Эксперимент есептерін шығарту жолдарының негізгі кезеңдері:

    • І кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім әңгімелесе отырып жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді.

    • ІІ кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер демонстрация түрінде көрсетіледі.

    • ІІІ кезеңде арнайы практикалық сабақтарда оқушылар эксперименттік есептерін өздігінен орындайды.



    Экспериментті есептердің типтері

    • химиялық формулалар мен заттың молекулалық массасын қатынасын есептеу.

    • реагенттер мен өнімнің белгілі бір санымен химиялық теңдестіруді пайдаланып массасын есептеу.

    • реагенттер мен өнімдердің белгілі бір санымен газ көлемін анықтау.

    • ерітіндідегі заттың массалық бөлігі мен заттың массасын есептеу.


    Химия пәнін оқу барысында оқығанда маңызды орынды экспериментті есептер алады. Эксперименттік есептер шарты мен талабы бойынша екіге бөлінеді. Экспериментті есептерді шыгару оқушылардан терең білімді, теорияны, химия заңдары мен түсініктерді, нақты материалды (құрамы жөнінде қасиеті, алынуы) игеруді және химия ғылымдарының әдістерін білуді талап етеді .

    Ой эксперименті оқушылардың танымдық іс – әрекеттерін блсендіру әдіс ретінде ұмыт болған эксперимент түрінің бірі. Оны көптеген химия пәні мұғалімдері қолданбайды да, себебі, бұл эксперимент түрі туралы оқу құралдарында, әдістемелік құралдарда және басқа да ақпарат көздеріндегі мәліметтердің өте аздығынан. Ой эксперименті өзінің аты айтып тұрғандай теория жүзінде жүргізіледі. Оған уақытта салыстырмалы аз жұмсалады. Тіпті қаржылық (экономика) тұрғысынан да тиімді. Аз уақыт ішінде белсенді ой іс – әрекеті іске асырылады:

    • сабақтың тақырыбына сәйкес эксперименттің мақсаты қойылады;

    • шешілетін міндеттер анықталынады;

    • проблема туындайды;

    • гипотеза (болжам) сыналынады;

    • проблеманы шешу жолдары қарастырылады;

    • экспериментті жүргізу жоспары қарастырылады;

    • жоспар бойынша эксперимент ойша жүргізіледі;

    • нәтижесі де теория жүзінде талқыланады;

    • қажетті есептеулер жүргізіледі;

    • реакция теңдеулері және қорытынды жазылады.

    Химия кабинетінде экспериментті жүргізуге қажетті құрал – жабдықтар реактивтер бар болған жағдайда, оқушылар өздерінің теориялық ой экспериментін практика жүзінде жүргізуге болады.


    написать администратору сайта