Инфек Фтизиатрия СӨЖ ЖМ-19-09-1. Орындаандар Трынбаева Е. Абекова С
Скачать 1.72 Mb.
|
Манту сынамасы.Диаскинтест Алматы 2022 год Орындағандар : Тұрғынбаева Е. Абекова С. Сайлау Г. Тобы: ЖМ 19-009-01k « КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА Жоспары:
Манту сынамасын жүргізу мақсаты: 1) МТБ алғаш рет жұқтырғандарды және туберкулинге гиперергиялық реакциясы бар балалар мен жасөспірімдерді анықтау; 2) БЦЖ вакцинасы мен ревакцинасына контингентті іріктеу; 3) ауруды ерте анықтау үшін. •Манту сынамасын жүргізуге 1 грамдық туберкулин шприцтері қолданылады. •Тексерілетін әрбір адам үшін бір мәртелік шприц немесе стерилденген жеке шприц, жеке ине пайдаланылады. •Туберкулин ампуласын 70% - дық спиртке малынған дәкемен сүртеді, ампуланың мойнын арнаулы егеумен егеп, қиып сындырады. •Шприцке 0,1 мл (2 ТБ) ертіндіні қалдырып, артығын шприцтен шығарады. Өйткені ағзаға жіберілетін препараттың мөлшері 0,1 мл (2 ТБ) болу керек. • Білектің ішкі жағының білезік тұсынан сәл жоғары орта тұсының 1/3 бөлігінің терісін 70%-тік этил спиртімен сүртіп, мақтамен құрғатады. •Иненің кесілген жағын жоғары қаратып терінің бет қабатына инені қуалай ендіріп 0,1 мл туберкулин ертіндісін, яғни бір дозасын жібереді. Сынаманы дұрыс жасағанда, теріде ақшылдау түсті, диаметрі 7-8 мм папула пайда болады. Манту сынамасының нәтижелері:•1) теріс – инфильтрат (папула) не гиперемия тіпті болмаған жағдайда немесе егу реакциясы ғана болса (0-1 мм);•2) күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе инфильтратсыз кез-келген көлемді гиперемия ғана болса;•3) оң (нормергия) – 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат анықталса;•4) гиперергия – балаларда диаметрі 15 мм және одан астам даметрлі инфильтрат немесе инфильтрат көлемі байланыссыз везикуло-некроздық өзгерістер немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбайды.2 ТБ Манту сынамасы жүргізілетін балалар: «қауіп» тобындағы балалар, туберкулез ошақтарындағы балалар мен жасөспірімдер вакцинация және ревакцинация алдындағы 2 айдан асқан балалар. Туберкулез ауруы бойынша «қауіп» тобына жататын балалар: 1) әлеуметтік тұрмыстары нашар отбастарынан (аз қамтылған және көп балалылар, жұмыс істемейтін, бас бостандығынан айырылған, алкоголизмнен, нашақорлықтан зардап шектін, АИТВ жұқтырған, тұрақты мекенжайы жоқ ата - аналар, мигранттар); 2) ұзақ уақыт жөтеліп (2 аптадан астам), улану белгілері (субфебрилитет, тершеңдік, асқа тәбетінің төмендеуі және жүдеу, ызаланғыштық, әлсіздік және т.с.с.) күшейіп жатқан амбулаториялық не стационарда ем қабылдап жүрген балалар; 3) әр түрлі аурулардың болуына байланысты педиатрда диспансерлік есепте тұрған балалар; 4) жабық оқу орындарының контингенті (мектеп-интернаттар, мүгедек балалар мен жастайынан қылмыс жасаған балаларға арналған арнайы мектептер); 5) БЦЖ вакцинасы егілмеген және вакцинациядан кейінгі тыртық пайда болмаған балалар; 6) гормондармен ем қабылдаушы балалар. Жас және мектепке дейінгі ұйымдастырылмаған балаларға 2 ППД-Л ТБ Манту сынамасын БМСК ұйымында арнайы даярланған медицина қызметкерлері жүргізеді. Вираж немесе гиперергиялық реакция анықталған жағдайда басқа алдын ала егулер бақылау химиопрофилактика курсы аяқталғаннан кейін бірден жасалады, әрі кетсе – үш ай өткеннен кейін. Манту сынамасына ТҚҰ фтизиатр-дәрігерді әдістемелік басшылық етеді. Манту сынамасын жүргізудің қарсы көрсеткіштері: 1) тері аурулары, жедел және созылмалы жұқпалы және соматикалық аурулардың (эпилепсияны қоса) өршу кезеңі. Манту сынамасын аурудың барлық клиникалық белгілері басылғаннан соң екі айдан кейін жүргізуге болады; 2) аллергиялық жағдайлар, жедел және жеделдеу фазадағы ревматизм, бронхиалді астма, терілік көріністері айқын өршу кезеңіндегі идиосинкразия. Манту сынамасын аурудың барлық клиникалық белгілері басылғаннан соң екі айдан кейін жүргізуге болады.
Диаскинтесттің қасиеттеріжоғары спецификалы - сау және БЦЖ-вакцинацинасы салынған адамдарда туберкулинге қарағанда оң реакциялар туғызбайды; Туберкулинде бұл жағдайларда жиі оң реакция тудырады;жоғары сезімтал – активті туберкулезбен ауыратын барлық науқастар және туберкулезге жоғары қаупі бар науқастарда препаратқа оң реакция туады ; процестің белсенділігін бағалауға және туберкулезді емдеудің тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді; туберкулезден айыққан адамдарда (балаларды қоса алғанда) - теріс реакциялар туады. Иммунологиялық қасиеттері ДИАСКИНТЕСТ® препаратының әсері Mycobacterium tuberculosis антигендеріне тән жасушалық иммуннды жауапты айқындауға негізделген. Тері ішіне енгізгенде ДИАСКИНТЕСТ® туберкулез инфекциясы бар адамдарда баяу типті аса жоғары сезімталдықтың білінуі болып табылатын өзіндік ерекше тері реакциясын туғызады. Қолданылуы
Жағымсыз әсерлері
ҚОЛДАНУ ТЕХНИКАСЫ:Бір дозасы 0,1 мл. Бәлек аймағына тері астына жіберіледі. Теріде «Лимон қабығы» секілді папула түріндегі түйін (ақшыл түсті, диаметрі 5-10 мм) пайда болады.Нәтижелер есебіНәтижелер есебі
Назар қойғандарыңызға рахмет!!!! |