Чро. сро 5. Орындалан жмысты таырыбы рамында полисахаридтер бар Р дрілік сімдіктері мен шикізаты
Скачать 16.43 Kb.
|
Рецензия Орындалған жұмыстың тақырыбы: Құрамында полисахаридтер бар ҚР дәрілік өсімдіктері мен шикізаты Жұмысты орындаған: Маратқызы Назерке. Жұмыстың жоспары кіріспеден, негізгі бөлім қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Негізгі бөлімі полисахаридтер туралы түсініктен, полисахаридтердің және полисахаридтер құрамдық дәрілік өсімдіктердің жіктелуінен, екінші полисахаридтердің алыну жолдары, өсімдік әлеміне таралуы, медицинада қолданылуы, үшінші полисахаридті дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар мен полисахарид құрамды дәрілік өсімдіктерден дәрі дайындау және қолдануынан тұрады.Жалпы жұмыс 18 беттен құралған. Бірінші бөлім кіріспе. Мұнда полисахаридтер жайлы түсінік беріп, оған химиялық құрылысына байланысты екі топқа жататын полисахаридтерге мысал келтіріп, тоқталған. Олардың сапалық реакцияарын жазып келтірген. Полисахаридтер деп гидролизденгенде n - молекула моносахаридтерге ыдырайтын жоғары молекулалық көмірсуларды атайды. Полисахаридтердің маңызды өкілдеріне крахмал, гликоген, клетчатка жатады. Жалпы формуласы (С6Н10О5)n. Полисахаридтер үлкен молекулалы қосылыстар, суда ерімейді. Қорытынды бөлімде автор полисахаридтердің адам организмдегі рөлі және табиғатта қолданылуы мен пайдасы туралы жазған. Мысалы, организмде крахмал ас қорытатын жолдарда ферменттердің әсерінен гидролизденіп глюкоза мен мальтозаға ыдырайды. Соңғы бетте пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер көрсеткен. Менің ойымша жұмыс жақсы жазылған айтарлықтай қателер жоқ. Презентацияның безендірілуі жақсы. Алайда тақырыптың қорытындысында артық мәлімет көп, негізгі бөлімнің жалғасы секілді. Сондықтанда тақырып толықтай қорытынды жасалынды деп айта алмаймын. Рецензент:Сейданова Диана |