Главная страница
Навигация по странице:

  • Құндылықтарды дарыту адамгершілік, отбасылық құндылықтар Пәнаралық байланыс

  • АКТ қолдану дағдылары презентация жасау Бастапқы білім

  • Тірек сөздер Даналық сөздер, нақыл, өсиет т.б. Қажетті ресур c тар

  • ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ

  • Бағалау критерийлері Дескриптор

  • Тақырып бойынша бұрыннан не білемін Тақырып бойынша бүгін не білдім

  • қорқыт. №8 Қорқыттың нақыл сөздерінің берер тағылымы. орытты наыл сздеріні берер таылымы


    Скачать 70.8 Kb.
    Названиеорытты наыл сздеріні берер таылымы
    Анкорқорқыт
    Дата29.03.2023
    Размер70.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№8 Қорқыттың нақыл сөздерінің берер тағылымы.docx
    ТипДокументы
    #1022690

    Қорқыттың нақыл сөздерінің берер тағылымы



    Оқу мақсаттары

    Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау (8.Б/С1).

    Сабақ мақсаттары

    Қорқыттың нақыл сөздерінің мән-мағынасын қазақтың мақал-мәтелдерімен салыстыра отырып бағалау

    Бағалау критерийлері

    шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстыра алады;

    тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

    Құндылықтарды дарыту

    адамгершілік, отбасылық құндылықтар

    Пәнаралық байланыс

    Қазақстан тарихы

    АКТ қолдану дағдылары

    презентация жасау

    Бастапқы білім

    Қорқыт туралы аңыздар, қазақтың мақал-мәтелдері

    Тірек сөздер

    Даналық сөздер, нақыл, өсиет т.б.

    Қажетті ресурcтар

    Қазақмақал-мәтелдері (құрастырған Ж.Дәуренбеков), Алматы, «Ана тілі» ЖШС, 2001 ж.-192 бет.

    1.6.Сабақтың жүргізілу барысы

    1-тапсырма.Қорқыттың нақыл сөздері мен қазақтың мақал-мәтелдерінің арасында қандай ұқсастық/айырмашылық болуы мүмкін?






    ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ





    2-тапсырма.Қорқыттың нақыл сөздерін қазақтың мақал-мәтелдерімен салыстыр.

    Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді.

    Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді.

    Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас,

    Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас.

    Күңге сары шапан жапқанмен бәйбіше болмас.

    Қар қаншама қалың жауғанмен жазға бармас,

    Гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас.

    Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас.

    Ат қиналмай жол шалмас,

    Қайыспас қара балтасыз жау алынбас.

    Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.

    Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

    Атадан тағылым алмаған ұл жаман.

    Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды.

    Ананың көңілі балада болар.

    Жақсы ана үшін бала - екі көздің сыңары.

    Ұлың өсіп жетілсе, ол отбасының мерейі, бас-көзі.

    Атадан қалған малы болмаса, баланың күні қараң.

    Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.


    3-тапсырма.Сөйлемді жалғастыр.

    Қорқыт ата ел-жұртына бұл өсиетті неге айтқан?

    ...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

    Бағалау критерийлері

    Дескриптор


    шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстыра алады;

    тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

    1. Қорқыттың нақылдары мен қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастығын/айырмашылығын болжайды;

    2.оларды салыстырады;

    3. құндылығын бағалайды.


    4-тапсырма. «Борт журналын» толтыр.

    Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

    Тақырып бойынша бүгін не білдім?

    -мәтіннен;

    -сабақтан;

    -сыныптасымнан;

    -мұғалімнен.




















    написать администратору сайта