Главная страница
Навигация по странице:

  • Қозғалыстар мен дағдылар Орташа мерзім Мерзім шекаралары

  • хир. БаП 1 Дилдабекова Акбота 305 А. Орталы жйке жйесіні афе нрестелерді шартсыз рефлекстері


    Скачать 18.41 Kb.
    НазваниеОрталы жйке жйесіні афе нрестелерді шартсыз рефлекстері
    Дата07.09.2022
    Размер18.41 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБаП 1 Дилдабекова Акбота 305 А.docx
    ТипДокументы
    #665930

    Орталық жүйке жүйесінің АФЕ
    2. Нәрестелердің шартсыз рефлекстері
    3. Нәрестелердің психомоторлық дамуының ерекшеліктері
    4. 1-3 ай аралығындағы балалардың нерв-психикалық дамуы
    5. 3-6 ай аралығындағы балалардың нерв-психикалық дамуы
    6. 6-9 ай аралығындағы балалардың нерв-психикалық дамуы
    7. 9-12 ай аралығындағы балалардың нерв-психикалық дамуы
    8. 1 жастан асқан балалардың нерв-психикалық дамуы
    9. Баланың қимыл-қозғалыс белсенділігінің қалыптасуының заңдылықтары
    10. Туылғанннан кейінгі шартты рефлекторлық әрекеттердің дамуы
    11. Сөйлеудің дамуының кезеңдері
    12. Түрлі жастағы дені сау балалардың жұлын сұйықтығының құрамы
    13. Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының клиникалық көріністері
    (менингеалдық симптомдар және т.б.).


    Жауабы 1,2,3

    Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі.
    а) Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама.

    Сопақша ми. Сопақша ми ми сауытында орналасқан. Төменгі жағы жұлынмен, жоғары жағы ми көпіршесімен жалғасады. Онда жұйке клеткалары шоғырланып, ядролар құрайды. Сопақша мидың атқаратын қызметі жұлынға ұқсас, ал бірақ бұның реттеу қызметінің әсері күрделірек. Мұнда тіршілік әрекетіне өте қажетті көптеген орталықтар бар. Мысалы, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту т.б. Тыныс алу орталығынан импульстер жұлынға барып, қабырға аралық еттер мен диафрагманы (көк ет) қозғалтады. Соның нәтижесінде тыныс алу еттерінің жұмысы бір қалыпты жүзеге асып, өкпе ырғақты тарылып, кеңейіп тұрады. Жүрек рефлексі де ядромен байланысты. Бұл рефлекс жүректің жұмысын өзгертеді.

    Сопақша мида еттің тонусын реттейтін орталықтар бар. Тонус рефлексі балалар дүниеге келген күннен пайда болып, жас жоғарылаған сайын жетіле түседі. Балаларда тері рефлексі де жасалады. Мысалы, санның ішкі жағынан тітіркендірсе, аяқ бүгіледі. Тұжырымдап айтқанда, сопақша мида жоғарыда айтылғаннан басқа да рефлекстер туғызатын жұйке орталықтары бар.

    Ортаңғы ми. Ортаңғы ми көпіршенің алдыңғы жағында орналасқан. Ортаңғы ми төрт төмпешіктен, қызыл ядродан және субстанциядан тұрады. Ортаңғы мидың жақсы дамуы бала өмірінің жасөспірім кезеңінде (16 жаста) байқалады. Мидың бұл бөлімі құрылысының күрделі болуына байланысты рефлекторлық қызметі де күрделі болып келеді.

    Төрт төмпешіктің екі жұп төмпешіктері болады. Төрт төмпешіктің алдыңғы екі төбешігінде көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы бар. Артқы жұп төбешігі естудің алғашқы рефлекторлық орталығы болып есептеледі. Төрт төмпешік зақымдалса, адамның көру және есту қабілеті бұзылады.

    Қызыл ядро-сұр заттың жиынтығы. Бұның негізгі қызметі-еттің тонусын тарату және қозғалту рефлокторлық реакцияның өзара бірлесуін жүзеге асыру. Қызыл ядро статикалық жұмыстың, тұру жағдайдың, жүрудің және автоматтық қозғалыстардың орындалуын реттейді. Осы ядро арқылы импульстер мишықтан жұлынға және миға барады.

    Қара субстанцияның қызметі бұлшық еттердің тонусын және әртүрлі нәзік қозғалыстарды реттеп отырады. Мысалы, қол саусақтарының, шайнау және жүру сияқты күрделі рефлокторлық әрекеттердің бірқалыпты байқалуын жүзеге асыру. Ортаңғы мидың басқа ядроларына қарағанда, бұл баяу жетіледі, сондықтан реттеу қызметіне біртіндеп қосылады. Оның баяу жетілуіне меланин пигментінің жиналуы себеп болады. Жаңа туған баланың субстанциясында мұндай пигмент болмайды. Алғашқы рет ол баланың 2-4 жасында пайда болады да, 15-16 жастарында толық байқалады.

    Аралық ми. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан. Ол көру төмпешегінен (таламус) және төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Мидың бұл бөлімі, әсіресе, адамда жақсы жетілген.

    Аралық мидың негізгі массасы-көру төмпешігі. Бұл қабаттала келіп, бірнеше ядроға бөлінеді (алдыңғы, ішкі, сыртқы және артқы). Көру төмпешігі арқылы ми қыртыстарына баратын афференттік импульстер өтеді.

    Гипоталамус көру бөлімінен, емізік тәрізді денеден және меншікті аймақтан тұрады. Көру бөліміне зат алмасу мен дене температурасын реттеуге байланысты сұр төбешік жатады. Сұр төбешік клеткаларының дифференциялануы және пісіп жетілуі ертерек басталып, 6 жаста аяқталады. Клеткалары мен өткізгіш жолдары содан кейін де, әсіресе, жыныстық жетілу кезінде өседі. Емізік тәрізді денеде екі төбешік болады және ол мидың төменгі бет жағында орналасқан. 2-3 жастан жоғары кездерінде олардың ядролары баяу дамиды, сондықтан дифференциялау 7-8 жасқа дейін созылады. Ал 14-16 жаста ересек адамның ядроларынан айырмашылығы болмайды.

    Гипоталамус әртүрлі және күрделі қызмет атқарады. Дене температурасының өзгеруі, зат алмасу процесі, қан тамырларының және клетка аралық кеңістігінің өткізгіштігі, ас қорыту жолдары және несеп бөлу гипоталмустың жұмысына байланысты.
    б) Мишық қыртысының құрылысы.

    Мишық. Мишық мидың шүйде бөлімінде орналасқан. Мишықтың алғашқы бастамасы баланың эмбриональды даму кезеңінің екінші айында пайда болады. Бала дүниеге келгенде мишықтың салмағы 20г болады да, ұл балалардың салмағы жоғарылау келеді. Алғашқы 2-3 жылдарда бала жүре бастағанда мишық күшті өседі. Содан кейін өсу қарқыны төмендейді. Бала 15 жасқа келгенде мишықтың мөлшері ересек адамдарға теңеседі.

    Мишық екі ми сыңарларынан және құрт тәрізді бөлімнен тұрады.Үстіңгі жағы сұр затпен қапталып, қыртысты болып келеді.Бала дүниеге келген кезде қыртыс сайлары әлсіздеу болып, бет қабы кішілеу болады. Мишықтың ішкі жағы талшықты келген ақ заттан тұрады. Сұр және ақ заттардың өсуі баланың жасына тәуелді болады.Баланың 8-10 жас аралығында сұр зат бояу, ал ақ зат тез дамиды. Ақ затта төрт жұп ядролар орналасқан. Ең ірі ядросы тіс тәрізді ядро болып есептеледі. Мишық оргганизмнің әртүрлі қозғалыстары мен вегетативтік қызметтеріне әсер етеді. Мишық зақымдалған жағдайда адамның қалыпты қозғалыстары бұзылып, жүргенде аяқтарын шалыс басып, ары-бері теңселеді.

    Үлкен ми сыңарлары. Ми сыңарлары екі бөлімнен тұрады: оң жақ және сол жақ. Ол ақ және сұр заттан құралған. Сұр заттан мидың сыртқы қабаты-қыртыстары түзіледі. Ақ зат ми қыртыстарының астында болады. Ақ заттың ішінде жүйке клеткалары топтасып орналасқан. Олар- ядролар.

    Әрбір ми сыңарлары маңдай, төбе, самай және шүйде бөлімдеріне бөлі неді. Ми сыңарларының үстіңгі ж ағында ми қатпарлары, олардың арасында терең сайлар жатады. Ми қыртысының шүйде жақ бөлімі үлкендеу болып келеді, онда терең сайлар жатады. Ми қыртыстары клеткаларының тез өсіп-жетілуі бала өмірінің алғашқы үш жылында байқалады. Содан кеиін олардың өсіп-жетілуі баулайдыда, 5 жаста сыртқы ұқсастығы оның ішкі құрылысының күрделі жағдайына байланысты сипатталмайды. Ми қыртысының толық дәрежесінде дамуы 12 жаста байқалады.

    Мидың әртүрлі жеке бөлімдерінің байланысын өткізгіш жолдары жүзеге асырады. Ақ зат үш түрлі жүйке талшықтарынан тұрады: комируссуральдық, ассоциативтік және проекцилық. Комируссуральдық ташықтар ми сыңарларын өзара байланыстырып, ассоциативтік талшықтар бір ми сыңарының ішіндегі жеке болімдерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Бұлар өткізгіш жолдар болып есептеледі.

    Онтагенез процесінде өткізгіш жолдар белгілі бір реттілікпен қалыптасады. Алдымен проекциалық, содан кейн комируссуральдық, сңында ассоциативтік. Баланың жасы жоғарылаған сайын жалғастыру немесе байланыс саны артып қана қоймай, сонымен бірге олар күрделене түседі. Соған байланысты ми қыртысының қызметі де күрделенеді.

    Жауабы 4,5,6,7,9,10,11


    Қозғалыстар мен дағдылар

    Орташа мерзім

    Мерзім шекаралары

    Езу тарту,жымю

    5 апта

    3-8 апта

    Үілдеу

    7 апта

    4-11 апта

    Бас ұстау,мойын қатаюы

    3 ай

    2-4 ай

    Қолдың бағытталған қозғалысы

    4 ай

    2,5-5,5 ай

    Аунау

    5ай

    3,5-6,5 ай

    Отыру

    6 ай

    4,8-8 ай

    Еңбектеу

    7 ай

    5-9 ай

    Еркін шап беру,ұстап алу

    8 ай

    5,5-10,5 ай

    Түрегелу

    9ай

    6,5-12,5 ай

    Қол ұстап жүру

    9,5 ай

    6,5-12,5 ай

    Өз бетінше тұру

    10,5 ай

    8-13 ай

    Өз бетінше жүру

    11,5 ай

    9-14 ай


    Жауабы 8
    1 жасқа дейінгі баланың нерв - психикалық

    дамуының көрсеткіштері
    1.Қозғалыс дағдылары (жалпы қозғалыстар,статикалық функиялар,локомоторлық дағдылар, заттармен әрекеттену,жүру)

    2.Сенсорлық даму (көру және есту бағдарлау реакциялары,эмоциялар және әлеуметтік мінез-тәртіп)

    3.Сөйлеудің дамуы (сөйлеудің бастапқы сатысы,сөз түсіну,белсенді сөйлеу)

    4.Тамақтандыру кезіндегі дағдылар
    Жауабы 12
    Сана сезімнің бұзылуы (есеңгіреушілік,сопор,кома,сомноленция)

    Дизэмбриогенез стигмалары.

    Баланың эмоционалды тонусы,мінез-құлқысы,қарап тексеруге реакциясы.

    Әр түрлі дәрежеде ақыл-ойдың артта қалуы.

    Қозғалыс сферасының бұзылуы:гиперкинез,кординацияның бұзылуы.

    Бұлшық ет тонусының бұзылуы (гипертония,гипотония)

    Жаңа туған баланың физиологиялық рефлексттері бар болуы немесе жоқтығы, симметриялығы,пайда болуы мерзімі,жауап күші,жасына сәйкестігі.

    Бас иннервациясының бұзылуы.

    Менингеалды белгілердің болуы (гиперстезия,ригидтілігі,Керниг,Брудзинский,Лесаж,Мендель симптомдары).

    Жауабы 13
    Шүйде бұлшық еттерінің жиырлыуы – тегіс жерде жатқан баланың басын дәрігер сол қолымен кеудеге қарай еңкейтіп,оң қолымен төс сүйегін басып тұрады.Симптом теріс болып есептеледі,егер баланың иегі төске тиеді.

    Брудзинский симптомы :жоғары,ортаңғы,төменгі.

    Жоғарғы – арқасынан жатқан баланың басын еңкейткенде,екі аяғы еріксіз жамбас пен тізе буында бүгіледі;

    Ортаңғы - арқасынан жатқан баланың шат сүйегін жұдырықпен басып қойғанда, екі аяғы еріксіз бүгіледі;

    Төменгі - арқасынан жатқан баланың бір аяғын жамбас буында бүгіп,ал тізе буынын жазып қойса,екінші аяғы еріксіз бүгіледі;

    Керниг симптомы – баланың жамбас сүйегі мен тізе буынын бүккен жағдайда тізе буынын жазылуы мүмкін емес;

    Лесаж симптомы – баланы қолтығынан көтергенде,екі аяғы еріксіз бүгіледі;


    написать администратору сайта