Главная страница

Киіз үй. Орталы жне Орта Азия халытарыны негізгі баспанасы Орталы жне Орта Азия халытарыны кшпелі трын йі


Скачать 35.91 Kb.
НазваниеОрталы жне Орта Азия халытарыны негізгі баспанасы Орталы жне Орта Азия халытарыны кшпелі трын йі
Дата23.02.2023
Размер35.91 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКиіз үй.docx
ТипДокументы
#952171

Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.

Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.

Оның бірі кең көзді кереге «желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.

Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.

Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады.

Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.

Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан, жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.

Тарихы

Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақынрақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шаменен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған.

Этимологиясы мен синонимі

Жалпытүрік тіліндегі «jurt» («юрта» - орыс тілінде ) деген сөзі «жұрт» деген мағынаны басымрақ білдіріп және де – «жайылымжайлау» деген мағынаны да білдерді. Қырғыз және қазақ тілдерінде «Ата-Жұрт» сөзі «атамекен» - синонимі «Отан», сөзбе-сөз айтқанында: «Әке үйі» дегенді білдіреді.

  • Гэр (транслитерациясы: ger) – Моңғолша жай ғана «үй» мағынасын бідіреді.

  • Тирмә (транслитерациясы: tirmä) – бұл Башқұрт тіліндегі «киіз үй» термині.

  • Боз үй (транслитерациясы: boz üy) – Қырғыз терминінде киіздің түсіне байланысты, «боз, сұр үй» дегенді білдіреді.

  • Аk öý және gara öý – Түркімен тілінде сән салтанатына не әсемділігіне сай сөзбе-сөз «ақ үй» және « қара үй» дегенді білдіреді.

  • "Kherga"/"Jirga" - деп атайды, Африкандықтар.

  • Kheymah (خیمه) (урду тілінен (және парсы): خیمه) – Пакистан тұрғындары үшін, бұл «шатыр» не «киіз үй» деген мағынаны білдіреді.

  • Чадра (چادر) – Парсы тілінде

  • Хona-я siyoh , xayma (киіз үй, хонаи сиёҳ, хайма). –Тәжік тілінде 

Киіз үй түрлері

Киіз үйлер қазақы және қалмқы деп екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болды. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді. 

  • Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

  • Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.

  • Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

  • Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй.

  • Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй.

  • Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

  • Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.

  • Боз үйқоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.

  • Қараша үй – кедей үйі.

  • Отау – жас жұбайлар үйі.

  • Жолым үйабылайшажаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

  • Күрекқос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.

  • Ақтағыр - 2 қанатты, 2 үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

  • Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

  • Ұрыңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.



  • Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері.

  • Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.

  • Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.

  • Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.

  • Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.

  • Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.

  • Уық– шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.

  • Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы.

  • Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы.

  • Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).

  • Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы.

  • Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы.

  • Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)

  • Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері.

  • Желі– керегені құрайтын ағаштар.

  • Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.

  • Сағанақбалашық – ағаштардың қысқасы.

  • Қары– уақтың иініне дейінгі бойы.

  • Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.

  • Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.

  • Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.

  • Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.

  • Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.

  • Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.

  • Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш.







написать администратору сайта