Главная страница

Ортопедиялық стоматология иелігінде силикондық. Ортопедиялы стоматология иелігінде силиконды, алгинатты массаларды жне гипс сиякты материалдарды олданбай алыпты виртуальді алып алып, моделін 3D принтермен басып шыаруды заманауи дістері пайда болды


Скачать 13.9 Kb.
НазваниеОртопедиялы стоматология иелігінде силиконды, алгинатты массаларды жне гипс сиякты материалдарды олданбай алыпты виртуальді алып алып, моделін 3D принтермен басып шыаруды заманауи дістері пайда болды
Дата03.08.2020
Размер13.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаОртопедиялық стоматология иелігінде силикондық.docx
ТипДокументы
#135123

Ортопедиялық стоматология иелігінде силикондық, алгинатты массаларды және гипс сиякты материалдарды қолданбай қалыпты виртуальді қалып алып, моделін 3D принтермен басып шығарудың заманауи әдістері пайда болды. Дәстүрлі әдісте қалып алуда пайдаланылатын металл қасық пен силикон массалары жұмыс барысында науқаста ыңғайсыздық туғызып, құсу рефлексіне дейін алып келеді. Бүгінгі таңда бұндай асқыну алдын алуға болады, оған қазір арнайы цифрлы технологиялы СEREC аппаратын қолдану көш бастап келеді. Ол аппарат бізге сауытқа егелген тістің бейнесін 3D арнайы фотокамера көмегімен түсіреді. Осы аппарат көмегімен науқастың тіс қатарын сканерлеп, кесіндіні зертханаға құрылымын (конструкциясын) жасауға жібереді. Бұл әрине науқас үшін ыңғайлы, әрі қауіпсіз болып кееді.

Сонымен қатар қазір ауыз қуысының жай-күйін виртуалды баспа (слепок) түрде электронды пошта немесе сервер арқылы зертханаға жібереді. Онда науқастың бетінің жұмсақ тіндерінің, тістің, қызыл иектің жағдайдын іс жүзінде модельдеуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар бар. Мысалы, беттің 3D фотосуреті түсіріліп, тікелей шайнау ағзасымен салыстырылған кезде, тіпті күлімсірегенде белгілі бір жағдайда науқас үшін ең қолайлы қалыпты нұсқасын қолдануға тиімді.

Сонымен қатар Sirona Connect бағдарламасы пациенттің жаңа картасын ашып, интуитивті интерфейсті қолдануға мүмкіндік береді. Бұл құрал тез жұмыс істейді, дәрігер зертхана ақпаратына өтіп, ол сканер арқылы тапсырысты толтырады. Науқасқа конструкция түрін және қандай көлемде, яғни жалғыз не көпіртәрізді протез жасататыны көрсетіледі. Осындай цифрлы технология дәрігер жұмысын жеңілдетеді және медициналық қызметтің сапасын жақсартады.


написать администратору сайта