Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәрбиелілігі

  • 1-жүргізуші

  • Ән, би

  • Балалар

  • 2-жүргізуші

  • Жалқаубек

  • "Жаса қазақ тілім"

  • Көрніс

  • Апасы

  • Әкесі

  • Әпкесі

  • Бектөре

  • Барлығы бірге

  • (Балабақша түлектеріне диплом табыстау)

  • утренник. Ертеңгілік _Балабақшамен қоштасу_ (Балалабқша). ош бол, балабашамыз! Масаты Мерекені сезіндіру. Білімділігі


    Скачать 30.95 Kb.
    Названиеош бол, балабашамыз! Масаты Мерекені сезіндіру. Білімділігі
    Анкорутренник
    Дата24.07.2022
    Размер30.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЕртеңгілік _Балабақшамен қоштасу_ (Балалабқша).docx
    ТипДокументы
    #635609

    Қош бол, балабақшамыз!

    Мақсаты: Мерекені сезіндіру.

    Білімділігі: Балалардың мектепке, білімге деген қызығушулықтарын оятып, сүйіспеншілігін, ынтасын талабын жетілдіру.

    Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, сыйластыққа , ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке,әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

    Топ безендірілуі:, кілемдер төселу, орындықтар қою, балалардың суреттерінен көрме жасау, ширма ілу, шар ілу, гүлдер қойып тастау алаңды толығымен безендіру.

    1-жүргізуші:

    Құрметті ата-аналар, ұстаздар бүгінгі «Ерке» тобында өткізіліп отырған "Қош бол, балабақшам" атты мерекемізге қош келдіңіздер.

    2-жүргізуші:

    Қоштасу кеші!

    Біз бәрін шақырдық мерекеге.

    1-жүргізуші: Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба?

    2-жүргізуші: Жоқ.

    1-жүргізуші: Біздің балабақшаның әдемі қуыршақтарын ұмыттық. Кәне көңілді қуыршақтарды ортаға шақырайық.

    Ән, би: «Көңілді қуыршақтар»

    Рақмет сендерге қуыршақтар.

    1-жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

    Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

    Бізден ұшып, қанат қағып, есейіп,

    Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

    Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

    Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

    Құтты болсын қадамдарың аттаған,

    Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

    Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

    Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да.

    Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

    Бүлдіршін түлектерді ортамызға.

    Қарсы алыңыздар 2017 жылдың жас түлектері!

    • Қайсарұлы Ерсұлтан

    • Жорабек Аяжан

    • Батырбек Арсен

    • Сүлеймен Нурикамал

    • Имаматдин Нұрасыл

    • Талғат Інжу

    • Мұхтар Бақдәулет

    • Ай-Атар Бақдәулет



    Балалар: Жақсылыққа құмармыз,

    Жақсы адам болып шығамыз.

    Таза сәби жүректен,

    Қабылдаңыз мың алғыс. (хормен)

    1-жүргізуші: Алдындағы балалар,

    Мектепке кетіп барады.

    Тақпақ айтып бір-бірден,

    Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.

    Аяжан: Балабақша есігін,

    Үшке тола ашқанбыз.

    Едік аппақ нәресте

    Көп-көп бөбек көргенде

    Жұбанғаным есімде.

    Нұрасыл: Оқимыз білім аламыз,

    Болашақ жолын саламыз.

    Бақшаменен қоштасып,

    Біріншіге барамыз.

    Арсен: Балабақша базарлы үй,

    Көшедегі ажарлы үй.

    Шаттығы бар шуақта,

    Өз үйіміз сияқты.

    Мектепке енді барамыз,

    Үлгілі оқушы боламыз.

    Жақсы оқып сабақты,

    Кілең бестік аламыз.

    Ерсұлтан: Сен үйреттің сөйлеуді,

    Сенде ойым есейді.

    Мен мектепке барамын,

    Балабақшам қош енді.

    2-жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады,

    Ән айтып, би де билеп жан салады.

    Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

    Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

    Ән: "Біз мектепке барамыз"

    1-жүргізуші: Тәрбиеші, ата-ана,

    Сеніммен үміт артады.

    Бөбектері есейіп,

    Мектепке енді барады- дей отырып ортаға балаларымызды тақпақ айтуға шақырамыз.

    Бағдаулет: Ана тілін ардақтап,

    Ата салтын біз көрдік.

    Сурет салып ән жаттап,

    Жазуды да үйрендік.

    Арсен: Қызық күндер өткіздік,

    Балабақша бағында.

    Көп ойнадық, көп білдік,

    Ел мен Отан жайында.

    Нұрасыл: Тәрбие берген ұямыз,

    Тәртіпті бала боламыз.

    Қоштасып балабақшамен,

    Мектепке енді барамыз.

    2-жүргізуші: Ұл-қыздарды көңілді,

    Шақырамыз ортаға.

    Тойымызға сән беріп,

    Би билесін шаттана.

    Би. "Гүлдер биі"

    Ортаға музыка әуенімен "Білгішбек" келеді.

    Білгішбек: Балалар сәлеметсіңдер ме? Мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын деп айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар, бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

    Жалқаубек музыка әуенімен келеді.

    Жалқаубек:Ой, мында не болып жатыр. Кеттік балалар, ойнауға. Не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік.

    1-жүргізуші:Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой.Қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емеспе?

    Жалқаубек: Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз, әжелеріміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.

    2-жүргізуші: Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр.Сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, кәне отыршы көресін.

    Балалар қане бәріміз «ия», «жоқ» ойынын ойнап көрейікші.

    1. Мектепке біз барамыз ба?

    2. Кілең бестік аламыз ба?

    3. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

    4. Таңертен ерте тұрамыз ба?

    5. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

    Олай болса, ата-аналармен де «ия», «жоқ» ойынын ойнайық.

    1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

    2. Тамағын уақытылы бересіз бе?

    3. Сериал көріп жатасыз ба?

    4. Сен оқыт, мен оқыт, деп ұрысуға дайынсыз ба?

    5. Бала үшін асулардан асасыз ба?

    1-жүргізуші: Көп, көп, рахмет.

    Балаларымыз көңілді.

    Шақырамыз ортаға,

    Тойымызға сән беріп,

    Би билейік тамаша, -дей отырып алдарыңызда ортанғы тобының орындауында

    « » биімен бүлдіршіндеріміздің тартуын қабыл алыңыздар.

    2-жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той,

    Біздер үшін біліп қой.

    Әнге салып би билеп,

    Жалғастырсын ойды ой.

    Ән: « »

    1-жүргізуші: Талай-талай баспалдақты аттармыз,

    Ата-ананың үмітін де ақтармыз.

    Тәрбиеші апайлар, сізден алған ақылды,

    Есімізде өмір бойы сақтармыз.

    2-жүргізуші: Жадыраған жаздай жылы, жаны бар,

    Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

    Қадірлі ұстаздар, гүлмен бірге жолдаған,

    Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал-дей отырып шәкірттеріміздің шын жүректен ризашылықтарын қабыл алыңыздар.

    Ерсұлтан: Бақшамыздың тірегі

    Ұлы-қызы сүйеді

    Қарсы алады келгенде

    Жылы жүзбен күледі.

    Меңгеруші бақшамызда

    Ранай апайға мың алғыс.

    Аяжан: Ұстаздардың ұстазы

    Маманы оның әдіскер

    Бұл апайға қарасақ

    Ақылына көркі сай

    Мақтан етем әрдайым

    Жанна апайға мың алғыс.

    Ерсұлтан: Санамақты жаттатып

    Санауды бізге үйреткен

    Жақсы болсақ қуанған,

    Қате болса кешірген

    Ләзат, Гульвира апайларға

    Айтамыз біз мың алғыс!

    Арсен: Денсаулыққа болаттай

    Ауруларды жолатпай

    Күнде болған әбдігер,

    Қамқоршымыз дәрігер.

    Абылай ағайға мың алғыс.

    Інжу: Жайдары жүз ай-қабақ

    Жүреді бізді аймалап

    Тобымызға жиі кеп

    Білгеніңді сұрайды

    Орыс тілін үйретер

    Улжан апайға мың алғыс.

    Гульфикар: Ойыншық та, кесе де,

    Шанышқы мен тәрелке

    Орындық, шкаф, төсек те

    Бәрі өзі келе ме?

    Бәрін таза ұстайтын

    Зыр жүгіріп жүретін

    Дина апайға мың алғыс!

    Нурикамал: Үйретіп әнді, билерді

    Тақпақтар мен күйлерді

    Өткізуді кештерді

    Дайындайтын біздерді

    Фатима апайға мың алғыс.

    Аяжан: Тәтті тағам пісірген

    Айран сүтін ішкізген

    Әрдайым мерекеде

    Сайқымазақ ойының ойнатып

    Бізді әбден күлдірген

    Мая апай сізге мың алғыс

    Нұрасыл: Жаттығулар жасатып,

    Шынықтырар біздерді

    Денемізді тік ұстап

    Мықты болып өстік біз.

    Нұрбақыт ағайға мың алғыс.

    Ендігі кезекті әнге берейік. орындауында "Жаса қазақ тілім" әнін қабыл алыңыздар.

    Жалқаубек: Жарайсыңдар балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер, мен ұялып тұрмын.Мен сендер сияқты білімді болғым келеді. Мен де үйге барып мектепке дайындалайын.Балалар, сау болыңдар. Күзде мектепте кездесеміз.

    Көрніс: Жалқаубектің алғашқы мектепке барған кезі. Ұстазы үй тапсырмасын береді. Жалқаубек үйіне сөмкесін әрен көтеріп келіп. Үй тапсырмасын орындамақ болып........
    Жалқаубек: Апа, апа маған үй тапсырмасын орындауға көмек тесші.
    Апасы: Көрмей тұрсын ба менің қолым тимей жатыр ғой. Мен тырнағымды бояп отырмын.

    Жалқаубек: Әке, әке маған үй тапсырмасын орындауға көмек тесші.

    Әкесі: Көрмей тұрсын ба мен газет оқып отырмын.

    Жалқаубек: Әпке, әпке маған үй тапсырмасын орындауға көмек тесші.

    Әпкесі: Көрмей тұрсын ба мен ойнап отырмын ғой.

    Жалқаубек: Әже, әже маған үй тапсырмасын орындауға көмек тесші.

    Әжесі: Әкел ботам сен ұйықтап ал таң ертең барлығы да дайын болады. –деп өзі жазып қояды.

    (Таң ертен Жалқаубек мектепке барып келеді).

    Жалқаубек: Қарандаршы, қарандаршы мен 5 деген баға алдым. – деп қуанып күнделігін көрсетеді.

    Анасы: Қане,қане.

    Әкесі: Қане, қане.

    Әпкесі: Қане, қане.

    Әжесі: Қане, қане. –деп ортаға жинала қарайды.

    (Күнделігінде Әжесіне 5 деп жазып жіберіпті)

    1-жүргізуші: Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилер тобынан балалар келіп тұр. Қане, қарсы алайық.

    Бекнұр: Мектепке кетіп барады ,

    Ағамыз бен әпкеміз.

    Ақ жол тілеп бәріне,

    Біз бақшада қаламыз.
    Бектөре Бірге ойнап,бірге жүрген,

    Күндерімізді қимаймыз

    Естелік болсын біздерден

    Дәптер қалам сыйлаймыз
    Гульфикар:Қош ағалар, әпкелер,

    Үлгілі бәрін болыңдар.

    Жақсы оқып әрқашан,

    Тек «5» тікті алыңдар.
    Өздеріңді ұмытпай

    Есімізге аламыз

    Ұмытпасын деп әр қашан

    Бимен шығарып саламыз.

    1-жүргізуші: Жаңа өмір басталсын,

    Үміт сенім ақталсын.

    Ұмытылмай балабақша вальсі,

    Көңілде мәңгі сақталсын.

    Би: "Қоштасу вальсі"

    2-жүргізуші: Сән салтанат жасайық

    Күй сандықты ашайық

    Бұл мереке, бұл тойға

    Әнмен шашу шашайық-деп, орындауындағы " " әнін қабыл алыңыздар.

    Барлығы бірге:

    Қуанышымыз біздің мол,

    Мектепке біз тартық жол!

    Ұмытпаймыз өзіңді,

    Балабақшам қош-сау бол!

    Хор: "Қош балалар бақшасы"

    1-жүргізуші: Қош, балалар, сәт сапар,

    Үлгілі бәрің болыңдар.

    Жақсы оқып әрқашан,

    Тек -"5 тікті" алыңдар.

    1-жүргізуші: Келесі сөз кезегін «Жанерке» балабақшасының меңгерушісі Р.Темирхановнаға беріледі.

    (Балабақша түлектеріне диплом табыстау)

    1-жүргізуші: Құтты болсын тойларың,

    Сәтті болсын жолдарың.

    Айналайын гүлдерім,

    Ақшуақты күндерім.

    Ерекше қызық тілдерің,

    Естен кетпес үндерің.

    Озат болып оқыңдар,

    Ойға білім тоқыңдар.

    Біз сіздерге тілейміз,

    Сәтті сапар ақ жолды!

    Келесі сөз кезегі ата-аналарға берілсін.

    1-жүргізуші: Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін ортаға салды. Балабақша түлектерінің қадамына гүл бітсін деген игі тілекпен мерекемізді аяқтаймыз.


    написать администратору сайта