Главная страница
Навигация по странице:

  • Қосымша тексеру әдістері

  • дәрістік сабақ. ситуациялық есеп. осымша тексеру дістері Рентгенограммада


    Скачать 14.51 Kb.
    Названиеосымша тексеру дістері Рентгенограммада
    Анкордәрістік саба
    Дата03.10.2022
    Размер14.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласитуациялық есеп.docx
    ТипДокументы
    #710489

    3 айлық бала, боксталған бөлімшеге аурудың 14-ші күні ЖРВИ, пневмония? диагнозымен түсті. 2 апта бұрын қалыпты температура және жалпы жақсы жағдайы фонында жөтел пайда болды, жөтел емге көнбеді, күннен күнге жиілей бастады, әсіресе түнгі уақытта. ЖРВИ диагнозымен дәрігердің қаралуында болды. 1 аптадан кейін жөтел ұстамалы жөтелге ауысты. Ұстамалы жөтел кезінде баланың беті қызарып, тілі шығып тұрады, құсумен аяқталады. Балада ұстамадан кейін жағдайының жақсаруы байқалды. Сонымен қатар балада бетінің ісінуі және тері жабындыларының бозаруы бар.

    Бала бозарған, енжар, мұрын-ерін үшбұрышы цианозы байқалады. Оң көзінің конъюнктивасына қан құйылу бар.

    Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары айқын. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см шығып тұрады. Көкбауыры қабырға доғасы бойымен. Диурез нормада.

    Бөлімшеде балада тәулігіне 25 жөтел ұстамасы байқалды, жөтелден соң құсу болады.

    Қақырығы тұтқыр. Қақырығы сыртқа қиындықпен шығады.

    Баланың атасында 3 апта бойы жөтел байқалған.

    Қосымша тексеру әдістері:

    Рентгенограммада-бронхо-тамырлық суреттің күшеюі, өкпе алаңдары мөлдірлігі күшеюі, оң өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты көлеңке.

    бактериологиялық зерттеу кезінде Haemophilus pertussis таяқшасы табылды.

    ЖҚА: 

    НЬ — 140 г/л,

    Эр — 4,0×1012/л,

    Лейк -30,0×109 /л;

    п/я — 3%,

    с/я — 20%,

    л — 70%,

    м — 7%;

    СОЭ — 3 мм/час.

    Сұрақтары:

    Медбикелік диагноз қойып негіздеңіз

    Аурудың ауырлығын анықтаңыз

    Медбикелік күтімді жоспарлаңыз


    написать администратору сайта