Ситуационная задача. сит задача. осымша зерттеу дістеріні корытындыларын талдаыз
Скачать 16.9 Kb.
|
6 айлық науқас ентігу, жөтел, физикалық дамуының тежелуіне(кешігуі) шағымданады, ана сүтін емген кезде ентігу және назолабиальды үшбұрыштың цианозы пайда болады, бала емшектен бас тартады. Жүрек аймағындағы шуды алғашқы рет роддомнан шыққаннан соң, жергілікті тіркелген мекеме педиатры тыңдаған. Бала 1 жүктіліктен. Жүктіліктің 1 триместрында анасы 2 рет жедел бронхитпен ауырған, антибиотиктермен емделген. Физиологиялық жедел босанудан туынлған. Туылғандағы салмағы 3300 гр. Туылғаннан ана сүтімен қоректенеді. Объективті қарауда: жағдайы ауыр. Тері жабындылары таза, бозғылт. Тері асты май қабаты жұқарған. Кеуде қабырғасы "жүрек өркеші" түрінде деформацияланған. Тыныс алуда қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ - 56 минутына. Өкпенің артқы-төменгі бөліктерінде перкуторлық дыбыстың қысқаруы, тыныс алудың әлсіреуі, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, крепитация. Жүрек ұшы түрткісі күшейтіліп, солға қарай ығысқан. Жүрек шекаралары: сол жақ – алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен, оң жақ – төс сүйегінің оң жақ жиегінен 2 см сыртқа, жоғарғы – II қабырға аралықта.Аускультацияда - өкпе артериясының II тонының күшеюі және бифуркациясы. V нүктеде эпицентрі бар қатаң(грубый) систолалық шу. ЖЖЖ - 154 соққы минутына. Бауыр қабырға доғасының шетінен 2 см шығады, көкбауырдың шеті пальпацияланады. Гемограмма: эритроциттер 4,6х1012/л, гемоглобин 112 г/л, лейкоциттер 13,4х109 /л, эозинофил 2%, нейтрофил 52%, лимфоцит 38%, моноцит 8%, ЭТЖ 28 мм/сағ. ЭКГ: Синустық тахикардия 160/мин, Жүректің электрлік осі оңға жылжыған. Оң жақ жүрекше, екі жақты қарынша миокарды гипертрофиясының белгілері. ЭхоКГ: Жүректің барлық камераларының кеңеюі. Өкпе артериясының кеңеюі. Қарынша аралық қалқаның ақауы - 1 см. Сұрақтар: Қосымша зерттеу әдістерінің корытындыларын талдаңыз. Клиникалық диагнозды құрыңыз Науқаста сол жақ қарынша және оң жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің қандай симптомдары көрсетілген? Жауабы: Гемограммада: Нейтрофилды лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. ЭКГ да – Тахикардия, комбинирленген миокард гипертрофиясы. ЭхоКГ – үлкен карынша аралық қалқаның ақауы(1 см), жүректің барлық камераларының көлемді жүктелуімен(перегрузка камер), өкпелік гиперволемия. Диагноз: Қарынша аралық қалқаның ақауы. Асқынулары - Қанайналым жеткіліксіздігі, өкпелік гиперволемия. Қосымша патология – ауруханадан тыс екі жақтық пневмония. Сол жақ қарынша жеткіліксіздігі – ентігу, тахикардия , АҚ төмендеуі. Оң жақ қарынша жеткіліксіздігі – гепатоспеленомегалия. |