Главная страница

Бағалау. БОТ ОСӨЖ 1. ОСж таырыбы Дидактикалы дістер мен критериалды баалау сабатастыы Орындаан Султан Динара Тексерген Сдірова лия 20212022


Скачать 16.21 Kb.
НазваниеОСж таырыбы Дидактикалы дістер мен критериалды баалау сабатастыы Орындаан Султан Динара Тексерген Сдірова лия 20212022
АнкорБағалау
Дата11.03.2022
Размер16.21 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБОТ ОСӨЖ 1.docx
ТипДокументы
#392328

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ОСӨЖ
Тақырыбы: Дидактикалық әдістер мен критериалды бағалау сабақтастығы


Орындаған: Султан Динара

Тексерген: Сәдірова Әлия

2021-2022

Дидактика (гр. Didaktikos – оқытушы, didasko – оқушы, үйренуші) – оқыту мен білім берудің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі. Алғаш рет бұл сөз оқыту өнерін белгілеу үшін неміс педагогы Вольфганг Раткенің (Ратихия) (1571 - 1635) шығармаларында кездеседі. Дидактиканы «бәрін барлық нәрсеге оқытудың әмбебап өнері» ретінде Я.А.Коменский де пайдаланды. ХІХ ғ. басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт дидактикаға тәрбиелей оқытудың тұтас және қайшылықсыз теориясы статусын берді. Ратихия заманынан бастап дидактиканың негізгі міндеттері – не нәрсеге оқыту және қалай оқыту мәселелерін зерттеу өзгеріссіз қалып келеді. Қазіргі ғылым сол сияқты қашан, қайда, кімді және неге оқыту мәселелерін жете зерттейді.
Дидактика ғылым ретінде оның пәні аясында әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің жүргізілуі мен барысын айқындайтын тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Сондықтан дидактика екі негізгі қызмет (функция) атқарады: 1) теориялық (негізінен, диагностикалық және прогностикалық); 2) практикалық (нормативтік, құрал-жабдықтық).

Дидактика оқыту жүйесін барлық пәндер және оқу іс-әрекетінің баррлық деңгейлерінде қамтиды. Оның қамтуына қарай жалпы және жеке дидактикаларды бөліп көрсетуге болады. Жалпы дидактиканың пәні – оқыту және оқу процесі, оның ішіне бұл процесті тудыратын, жүргізетін факторлар, шарттар және ол келетін нәтижелер кіреді (Ч.Куписевич).

Жеке (нақты) дидактикалар оқыту әдістемелері деп аталады. Олар процестің жүру заңдылықтарын, әртүрлі пәндерді оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістерін зерттейді. әр пәннің өз әдістемесі болады.

Сонымен дидактика – оқыту және білім беру, олардың мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, ұйымдастырылуы, жететін нәтижелері туралы ғылым.

Дидактикалық жүйе (гр. systema – тұтас, бөліктерден құралған, қосынды) – нақты критерийлер бойынша анықталған тұтас білім. Дидактикалық жүйелер оқытудың құрылымдары, мақсаттар бірлігі, ұйымдастыру принциптері, мазмұны, формалары мен әдістерінің ішкі бірлігімен сипатталады.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу үдерісінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Критериалды бағалау жуйесінің бірнеше тиімділігі бар олар:
· заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

· жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

· оқушылардың білім сапасын арттырады;

· оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

· тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Жалпы алғанда, критериалды бағалау дегеніміз – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.


написать администратору сайта