Главная страница

останай облысы Жангелдин ауданы Н. Г. Иванов атындаы орта мектебі Диктанттар жинаы


Скачать 38.25 Kb.
Названиеостанай облысы Жангелдин ауданы Н. Г. Иванов атындаы орта мектебі Диктанттар жинаы
Дата29.03.2022
Размер38.25 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаe6ddd28c611323f47e11a97d90a2c404.docx
ТипДокументы
#424040





Қостанай облысы Жангелдин ауданы

Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі

Диктанттар жинағы

3- сынып

Құрастырған:Мырзағалиева Фарида Шамбыловна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2014-2015 жылы



Түсінік хат


Тіл – адамдардың қарым – қатынас құралы, ол үнемі толықтырып, жетілдіріп отыруды қажет етеді. Бұл ретте оқушының грамматикалық ережелерді жалаң жаттап алып, дайын мысалдарды мүдірмей айтып беруі жеткіліксіз. Оқушы тіл сабақтарынан алған білімдерін із жүзінде толықтырып , шығармашылық жұмыстарымен жалғастырып отырса ғана тілді толық игереді.

Жинақты құрастыруда 3- сыныпқа арналған қазақ тілінің бағдарламасы негізге алынды. Мектеп оқушыларының сауатты болуы мұғалімнің білім дәрежесіне, тәжірибесіне, іскерлік қабілетіне байланысты екені белгілі. Оқушылардың сауаттылығын арттырып , сөздік қорларын молайтуда үнемі диктант алып отырудың манызы жоғары. Диктант латынша «дикто» деген сөз. «Естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді.

Диктант тек сауаттылықты тексеру үшін ғана емес, оқушының танымдылық білімін арттыруды да көздейді. Таңдалып алынған мәтіндердің тәрбиелік мәніне де назар аударылады. Әр мектептің, әр сынып оқушыларының ерекшелігін күні бұрын дәлме- дәл болжау қиын, мәтіндерді мұғалімнің өз сыныбының ерекшелігі мен жүргізейін деп отырған жұмысының мақсатына әр қарай таңдап алуына болады. Диктант жұмысын жүргізу көбісіне оқушылардың оқулықтан алған білімдерін тексеруге қолданады. Диктант жаздыру арқылы олардың білімді қаншалықты меңгергендігі анықталады. Соның нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықты анықтап, сол олқылықтын орнын толтыру жолын қарастырады.

2


І. Диктант мәтініне қойылатын талап.

а) көлем сынып ерекшелігіне сай болуы тиіс;

ә) мазмұны тәрбиелік болуы керек;

б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек;

в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн.

ІІ. диктантты өткізуге (жазғызуға) қойылатын талап.

  1. Диктанттың түрі (мақсаты, өтілетін күні, оқушы тарапынан жүргізілетін даярлықтың түрі ескертіліп, 2 – 3 күн бұрын хабарланады).

  2. Диктанттың қай түрі болсын мәтіні орфоэпиялық заңға сүйеніп, тиісті кідірістерді сақтай отырып оқылады.

  3. Мәтін құрамында өтілмеген, оқушыға таныс емес емге тыныс белгісі кездессе, ол ескертіліп айтылады. Ескертетін жай: тәптішетеп түсіндіріліп, оқушы көңілін негізгі мақсаттан ауытқытып алмау керек.

  4. Жазылуы қиын байырғы сөздер мен халықаралық термин сөздері кездессе, тақтаға жазып көрсетіледі.

  5. Мағынасы түсініксіз көнерген сөздер сөйлеу тілінде кездессе оларға түсінік беріледі.

  6. Мұғалім мәтінді оқушы үлгіріп жаза алатын жылдамдықпен, анық, барлығы еститіндей дауыспен, бір орында тұрып оқуы керек.

  7. Жазу барысында орынсыз ескертпе жасай берген, бөгде сөздер қосуға арлы – бері жүрген болмайды.

  8. Бастауыш сыныптарда мазмұнымен таныстыру мақсатында 2 рет оқылады;

а) жазғызу мақсатында;

ә) толық тексерту мақсатында.

ІІІ. Оқушыға қойылатын талаптар.

  1. Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындау керек.

  2. Сабақ барысында зейін қоя тындап, асықпай, қатесіз жазуға тырысуы керек.

  3. Шала тындап, қалай жазу керектігін қасындағылардан, мұғалімнен сұрап басқаларға кедергі жасамауы керек.

  4. Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.

3

Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрлымдық

кезеңін шамамен былай көрсетуге болады:

а) тілдік дайындық (өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру)- 4 – 5 минут.

ә) берілген тапсырманы орындату – 4 – 5 минут.

б) диктант мәтінімен тагыстыру, жазғызу – 30-35 минут.

в) тексеру , жинау – 2 – 3 минут.

VI. Диктантты тексеру.

1. жұмыс келесі сабаққа тексеріліп әкелуінуі керек.

2. диктанттың соңында орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіледі. Белгілерді оқушы “оқи” түсіне білуі керек . бақылау жұмысын тексерудгі шартты белгілер.

Белгілер мәні

/ - емле қатесі

V- тыныс қатесі

/ - азатжол артық қойылған

? - түсініксіз

/ - қайталанған ойлар

стилдік қателер

сөз қалдырған

/ - жүйе үзілген

V. Диктантты бағалау

Бағдарламада диктанттан кейінгі жүргізілетін қатемен жұмыс – талдау сабақтарына сағат бөлінбегендіктен, оны жылдық, тоқсандық, тақырыптық қайталау сабақтары есебінен алып, өткізіп отыру аса қажет.

4

Көру диктанты оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатымен жүргізіледі. Бұл диктантқа жазылуы қиын сөздермен бірге сөз тіркестері, шағын мәтіндер, жұмбақ, мақал – мәтелдер және өлеңдер алынады.

Диктант мәтіні алдын ала тақтаға немесе плакатқа жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі- үш рет оқып – шығуна, жадында сақтауына 1 -2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім мәтінді жауып қояды. Оқушылар оқығандарын естеріне түсіріп жазады.. Мұндай диктанттарды жазу арқылы оқушылар сол сөздердің жазылуына ерекше мән беруге үйренеді.

Бақылау диктанты оқушылардың грамматика тақырыптарын қандай дәрежеде меңгергендерін, оны із жүзінде қалай пайдалана білетін және сауаттылық деңгейін анықтау үшін қолданылады. Бақылау диктанты үлкен бір тақырыпты аяқтағанда немесе тоқсан және жыл соңында жүргізіледі. Бақылау диктантын жүргізер алдында мұғалім күні бұрын өткен материалдардан алған білімдерін бекіту үшін түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізеді, үйге тапсырма беріп, қайталауға тиісті ережелерді көрсетіп береді, алдын ала ескертеді. Бақылау диктантына, мүмкіндігінше, тұтас мәтін алған дұрыс. Мұғалім диктантты бір орнында тұрып оқиды. Бұл жинақта оқушылардың сауатты жазуы және бағдарлама материалын саналы меңгерту
үшін жүргізілетін диктант түрлеріне қысқаша мәлімет беріледі. Ұсынылып отырған жинақта диктанттың кейбір түрлерінің үлгілері беріледі. Бұл үлгілері мұғалім әр түрлі жазба жұмыстарының түрлеріне қарай пайдаланып, түрлендіріп жүргізе алады. Соңғы өтілген ережені қамти отырып, әсіресе сынып оқушыларына қиындау соғатын орфография мен тыныс белгісінің ережелеріне қатысты сөздер мен сөйлемдерді қамти отырып, диктант мәтінін мұғалім өзі басқа әдебиеттерден таңдай алады.


5

1 –тоқсан.

Көру диктанты.

Ұстазым.

Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс, жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің,ұстазым.

М.Шамкенов.

Өлеңнен зат есімдерді тапқызып, астын сызғызу.
Көру диктанты.

Балқаш көлі.

Дәмін де татып үлгідім,

Балқашқа мен де мың келдім.

Жартысы тұщы суының,

Жартысы ащы суының.
«Щ» әрпі бар сөздердің астын сыздыру.

2 – тоқсан.

Көру диктанты.
Жаңылтпаш.

Жол атасы –тұяқ.

Сөз атасы – құлақ.

Су атасы – бұлақ.

Ауыз әдебиетінен.

Жол, сөз, тұяқ сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
Көру диктанты.
Мақал – мәтелдер.

1. Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

2. Енбексіз бітбейді,

Еріншектің қолы жетпейді.
Бастауыш пен баяндауыштың астын сыздыру.


6

3 – тоқсан.

Көру диктанты.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көруге

(Абай.)

Қарамен жазылған сөздердің түбірін тапқызу, оларға жалғанған Қосымшаның жалғау, жұрнақ екенің ажыратқызу.

Көру диктанты.
Ақ лағым сүйкімді,

Ойнағаны қызыұ – ақ.

Келтіреді күлкімді,

Маңдайымнан сүзіп ап.

Тәуелдеулі зат есімдердің астын сыздыру.
Көру диктанты.

Туған жер.

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

(Е.Ерботин.)

Етістіктердің астын сыздыру.

Көру диктанты.

Мақал – мәтелдер.

1. Бойына мақтанба, ойына мақтан .

2. Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа – түбіне жетер.

3. Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

Болымсыз етістіктердің сыздыру.

7

4 – тоқсан.

Отан туралы.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

(М.Мақатаев.)

Туынды сын есімдерді сыздыру.


Жұмбақ.

Төрт аяқпен жүрсе де,

Тірлікте бір озбаған.

Жүз жыл бойы кисе де,

Кәжекейі тозбаған.

(Тасбақа.)
1 – тоқсан.

3 сынып.
Диктант.

Отаным.

Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та,ойпат та кездеседі. Үлкен – үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.

Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен достық қарым – қатынаста. (46 сөз.)


  1. И й әрпі бар сөздердің астын сыздыру.

  2. «Сәулетті» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

  3. Көп, жақсы, кең, үлкен – сөздеріне қарама – қарсы сөздер жаздыру.

  4. Зат есімдердің астын сыздыру.



8
Бақылау диктанты.

Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Мен құлынның қасына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекелге бел будым. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, осқыра қарап тұрды. Қайта келіп есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. Құлын шөлдеген екен. Мен оған шелекпен су бердім. Құлын суды ұзақ ішті. Осылайша екеуміз достасып кеттік. /49сөз/
Грамматикалық тапсырма.

1 . «Жақындауға » сөзін сөз құрамына талдау.

2. Күрделі етістіктердің астын сыз.

3. «Құлын» сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Диктант.

Аю

Аю-орман қожасы.Дүние жүзінде оның жеті түрі бар. Соның бірі – қоңыр аю. Қоңыр аю Қазақстанда көп тараған. Ол тау арасында мекендейді. Негізгі азығы өсімдіктер. Ағаштардың жаңғағын теріп жейді. Құрт – құмырсқаларды да аулайды. Аю үлкен-үлкен тастарды көтереді. Астынан өзіне жем іздейді. Алғашқы қар жауғанда апанына кіреді. Қыс бойы ұйықтап шығады. (51 сөз)

Грамматикалық тапсырма: 1. «Жаңғақ» сөзін сөз құрамына талдау. 2. 5- сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет. 3. Қоңыр аю Қазақстанда көп тараған. Сөйлемін сөйлем мүшесіне талда.


Бақылау диктанты.

Қар.

Боран таң ата толастады. Ақшақар қуанышты. Тұраш пен Сапашты тысқа еріксіз жетеледі. Олар шаналарын алып далаға шықты. Дәукен қарт ауланы басып қалған қарды күреп жатыр екен. Екі бала қартқа көмектесті. Олардың астау шаналары бар еді. Дәукен қарт күрекпен шанаға қарды үйіп салып тұрды. Екеуі қора бұрышына апарып төге берді. Лезде кең аула қардан тазартылды. (56 сөз)

Тақтаға жазатын сөз: Лезде
9

Грамматикалық тапсырма: І. нұсқа.

1. 3-сөйлемді сөз таптарына талда.

2. Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қойып, сөйлем құраңдар; Күн ..., аязды, көп

ІІ. нұсқа.

1. 5- сөйлемді сөз таптарына талда.

2. Коньки, бала ..., жүр, теуіп.


  • Мүмкіндік деңгей :

1. «Тоқымашыларға» сөз құрамына талда.

2. Мына сөздерден туынды сөздер жаса:

Құлақ, іс, мал, етік, біл, айт, арба.

Мұз астындағы ұйқы.

Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты. Су асты күңгірт тартты. Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар абыржып қалды. Кәрі сазан түсіндіріп жатыр. Аю сияқты сазан тұқымы да қыста тамақ жемейтіндігін айтты.

Кәрі сазан көл астында талай қыстаған. Көлдің терең жерлерінің бәрін білетін. Оның соңынан басқа сазандар ілесті. Бәрі тереңдегі бір қуысқа жиналды. Ұйқыға жатты. Су астын қараңғылық басты. (59 сөз)
Грамматикалық тапсырма:

1. Соңғы сөйлемнен түбір сөз бен қосымшасын тап.

2. Су, көл, қыс сөздерінен түбірлес сөздер жаса.

3. «Күңгірт» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Күтпеген көмек.

Анарды анасы дүкенге жұмсады. Ол дүкеннен нан мен айран алып, үйге қайтып келе жатты. Жолда оған Айдар кездесті. Оның Анарға көмектескісі келді. Анардың азық-түлік салынған сөмкесін қолына алды. Едәуір жүрген соң шаршайын деді. Ал Асқар мен Азамат Анар мен Айдарға көмектесуді ойламады. Анардың иті иесінің шаршағанын көрді. Жердегі сөмкені бауынан тістеп көтеріп алды. (56 с).

Грамматикалық тапсырма.

1. Ит сөзін тәуелде.

2. Тұрлаулы мүшелерді тап. Анарды анасы дүкенге жұмсады.

3.Тыныс белгіні қой. Ит адамның досы

10

Ақбөкен.

Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді. Ақбөкендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау.Көздері қайнар суындай тұп-тұнық. Ақбөкендер – өте сақ жану Ақбөкен дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланды. Қазір саны азайып кетті. (57 сөз)

Грамматикалық тапсырма:

1. Бер, қара,кел, ұқса сөздеріне жұрнақтар жалғап болымсыз етістік жаса.

2. Ақбөкендер – өте сақ жануарлар – сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

3. Дәрі – сөзін тәуелде.
Бақылау диктанты.

Көктем келді.

Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды.Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. ( 56 сөз )
Грамматикалық тапсырма:

1- тапсырма

Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, үстіне сөз таптарын жазып көрсет.

1 – нұсқа: Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады.

2 – нұсқа: Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.

2 - тапсырма

Зат есімді жекеше, көпше түрде тәуелде.

1 – нұсқа: Тырна деген сөзді.

2 – нұсқа: Өзен деген сөзді.

11


Орман қабаттары.

Қалың ормандар бес қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабат – қарағай, емен секілді ағаштардың ұшар басы.Төртінші қабат – қайың,терек секілді ағаштардың ұшы. Үшінші қабат – бұталар мен жас ағаштар. Төменгі екі қабатта шөптер, гүлдер, мүктер өседі. Осы бес қабаттың әрқайсысының «өз тұрғындары» бар. Бірінші қабатта құрлар ұя салады. Әнші құстар үшінші қабатты иеленеді. Төртінші қабатты тоқылдақ, сауысқан секілді құстар мекендейді. Орманның бесінші қабатына мысықторғай, қаршыға ұя салады.

Грамматикалық тапсырма

1. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.

2. Жинақтық сан есімдерді жаз.

3. Қалың ормандар бес қабаттан тұрады - сөз таптарына талда.

Қымыз.

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмінің бірі. Ол тегінде тек бие сүтінен ашытылады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп,жылы кезінде күбіде немесе сабада саумалды пісіріп, оның аузын байлап не тығындап қояды.

Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйемін салып сүттен, ол жоқ болғанда, сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Сары қымыз – дертке шипа, денеге күш. ( 59 сөз)


Грамматикалық тапсырма

1. Соңғы сөйлемнен түбір сөз бен қосымшасын тап.

2. 4 – сөйлемнен күрделі етістікті тауып астын сыз.

3. Сыңарын тап : Түбір сөздер қосымшалар

Ашытқы тен Сүт қы Жая ны Қазы ны

12


Қарлығаш.

Қарлығаштар әрқандай жерлерде тіршілік етеді. Олар бір - бірінен тұрпаты жағынан ерекшеленеді. Қыстау қарлығашының құйрығы екі айыр болады. Қала қарлығашы мен ін қарлығашының құйрығы оншалықты ойық емес болып келеді. Қарлығаштар жерге жақын жүре алмайды. Оларға жерден ұшып көтерілу де қиын. Сондықтан олар бунақденелерді ұшып жүріп әуеде аулайды. Тіпті суды да ұшып бара жатып тұмсығымен іліп ішеді.

Грамматикалық тапсырма:

1. Болымсыз етістікті тап.

2. Жер, қала – сөздерді көпше түрде тәуелдеп жаз.

3. Қарлығаштар жерге жақын жүре алмайды – сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Бақылау диктанты.

Адам.

Жер үстінде адам баласы болудан қасиетті не бар дейсің.Тек қандай адамның баласы болу керек,соны айт.Бұған қосатын бір сөз – адамды езетін адамның баласы болма. Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.Онсыз өмірдің өзі де өлімтікпен тең,сұр көлеңке болар еді.Күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық, алыс пен жеңіс болмаса бұл шіркіннің өзі де тоңған мұз,ұйыған айран емес пе? ( 61 сөз )

Грамматикалық тапсырма

І – нұсқа

1) Тұрлаулы мүшелерді тап.

Адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі.

2) Сөз құрамына талда.

Қиындық,адамшылық.

2 – нұсқа

1) Тұрлаусыз мүшелерді тап.

Адамның өмірі қайғы мен шаттықтан тұрады.

2) Өмір сөзін тәуелде.

3)* Сөзді дұрыс жаз.

кереме –

уатық -

зарбық -


13


написать администратору сайта