Главная страница
Навигация по странице:

  • Əрекеттер алгоритімі

  • Хирургтың киіну техникасы. Мақсаты

  • Стерильді халатты кию. Ота блімі медбикесіні кмекші кмегімен стерильді халатты кию техникасы Масаты


    Скачать 1.52 Mb.
    НазваниеОта блімі медбикесіні кмекші кмегімен стерильді халатты кию техникасы Масаты
    Дата24.09.2021
    Размер1.52 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСтерильді халатты кию.docx
    ТипДокументы
    #236517

    «Ота бөлімі медбикесінің көмекші көмегімен стерильді халатты кию техникасы»

    Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.

    Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.

    Əрекеттер алгоритімі:

    1. Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.

    2. Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.

    3. Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін

    бағалаңыз.

    4. Бикстен халатты жағасынан сол қолмен алып, созылыңқы қолмен айналасындағы

    заттарға тигізбей жазыңыз, оң қолыңыздан киіңіз.

    5. Кейін жағасын оң қолмен ұстап сол қолдан киіңіз.

    6. Екі қолды кеуде тұсына созып, жеңдерін бекітіңіз.

    7. Халаттын артқы жоғарғы бауларын бекітіңіз.

    8. Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын

    көмекшіге беріңіз.

    9. Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз. Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын

    көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.

    Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық əдіспен өңдегеннен кейін

    киіледі.





    Хирургтың киіну техникасы.

    Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.

    Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.

    Əрекеттер алгоритімі:

    1. Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.

    2. Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.

    3. Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін

    бағалаңыз.

    4. Халатты жағасынан алып, хирургтың созылған қолына киюге ыңғайлы етіп ұстаныз.

    5. Халатты хирургтың иығына тастаңыз.

    6. Халат артындағы бауларды санитар көмекші байлайды.

    7. Хирургтын жеңіндегі бауларды байлаңыз.

    8. Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын

    көмекшіге беріңіз.

    9. Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз.

    10. Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді

    қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.

    11. Бауларды көмекші байлайды.

    Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық əдіспен өңдегеннен кейін

    киіледі.



    написать администратору сайта