Отбасылы таланттар
Скачать 1.52 Mb.
|
Отбасылық таланттар Тақырыбы: Мақсаты: Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту , Оқушылардың сана-сезімін ояту , отбасындағы ата-ана мен баланың ролі , қоғаммен өзара қатынасты жандандыру . Оқушыларды адамгершілікке , мейірімділікке тәрбиелеу. Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды , ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат. Ғ.Мұстафин Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар . Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата-анасы да қыран болуы керек. Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі , бастапқы дәнекері . Бала әкеден ақыл , анадан мейірім алады . Тренинг шарттары : 1.Шаттық шеңбер. 2. «Біз бақытты жанұямыз» . Суреттер әлемі. 3. «Қолынан танып біл!» 4. Сауалнама. 5. «Шаңырақ» ойыны 7. «Жүрек жылу» жаттығуы 8.Қорытындылау Сұрақ – бізден, Жауап - сізден Ата-аналарға сұрақ: Балаңыз сіз үшін кім ? Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба қалай ойлайсыздар ? Оқушыларға сұрақ : Ата-анаң сен үшін кім ? Ата-аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар ? «Біз бақытты жанұямыз» Суреттер әлемі Ендігі кезекте тақтада баларыңыздың өз отбасына салған суреттері бар, сол суреттерді кезекпен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар орындаңызға жайғасуға болады. 1.Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз? 2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма? «Қолынан танып біл!» Көздері байлаулы аналары,әкелері балаларын тауып алулары керек. Талдау: 1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті? Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз? Қорытынды: Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Зейін қойып тындағандарыңызға рахмет!!! |