Главная страница
Навигация по странице:

  • Карагандинской области Кожахметовой Г. Ш. Отчет о работе школьного клуба « Адал Ұрпақ » по формированию антикоррупционной культуры в школьной среде.

  • Информация о работе школьных клубов «Адал ұрпақ»

  • Мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» мектеп клубының жұмысы туралы есебі.

  • Инфомация о работе адал Ұрпақ. Отчет о работе школьного клуба Адал рпа


    Скачать 6.5 Mb.
    НазваниеОтчет о работе школьного клуба Адал рпа
    Дата09.03.2023
    Размер6.5 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИнфомация о работе адал Ұрпақ.docx
    ТипОтчет
    #975973

    Руководителю Управления образования

    Карагандинской области

    Кожахметовой Г. Ш.

    Отчет о работе школьного клуба «Адал Ұрпақ» по формированию антикоррупционной культуры в школьной среде.
    Информация о работе школьных клубов «Адал ұрпақ»



    № п/п




    № школы



    Количество школьников

    Из них члены школьного клуба «Адал ұрпақ»

    Проведенные мероприятия


    Количество


    Значимые




    Топарская ОШ

    229

    10

    9

    5

    Итого


















    Мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» мектеп клубының жұмысы туралы есебі.
    Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2021 жылдың қыркүйек айында «Топар жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы ұйымдастырылды. Үйірме жетекшісі аға тәлімгер Байкен Ғ.С. Үйірмеге 5-11 сынып оқушылары кіреді. 5-11 сынып оқушылары арасында мектеп парламентіне, сонымен қатар мектеп президентін сайлау өткізілді (бұл шара оқушылардың құқықтық мәдениетін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін арттырады). Клубтың жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. «Парасатты азамат» бұрышы безендірілді.

    Қыркүйек айынан бастап сынып жетекшілері бекітілген жоспарға сәйкес ар-ождан, ар-намыс, әділдік, жауапкершілік, ізеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға баса назар аударылған әңгіме-сұхбаттар мен сынып сағаттарын өткізді.

    2021 жылдың қыркүйек айының 6 күні Топар жалпы білім беретін мектебінің 7-11 сынып оқушыларына Адалдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына адалдықты сіңіре отырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге қалыптастыру.

    https://www.instagram.com/p/CTeI3WXNIfh/?utm_source=ig_web_copy_link

    2021 жылдың қазан айының 21 күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту арқылы жастар арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» мектеп клубының мүшелері «Жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында эссе жұмыстарын ұсынды.

    https://www.instagram.com/p/CVRxFLuNtM8/?utm_source=ig_web_copy_link

    2021 жылдың қазан айының 28 күні Топар жалпы білім беретін мектебінің 5-11 сынып оқушыларына Адалдық сағаты өткізілді.

    https://www.instagram.com/p/CVkbEPlNzG7/?utm_source=ig_web_copy_link

    Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында бейнеролик жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар «Жас Қыран» ұйымының мүшелері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында суреттер сайысы ұйымдастырылды.

    https://www.instagram.com/p/CVmOxhgoRyS/?utm_source=ig_web_copy_link

    https://www.instagram.com/tv/CVuQjO0lUrl/?utm_source=ig_web_copy_link

    «Бала құқығы адам құқығы» Республикалық айлықты ұйымдастыру аясында мектебімізде 1-11 сынып аралығында сынып сағаттары мен 5-8 сынып арасында Бала құқықтары туралы конвенция бойынша челлендждер өткізілді. Айлықты ұйымдастыру аясында "Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі" тақырыбында әлеуметтік педагог А.К.Есимов пен участкелік полиция инспекторы Р.Ж.Абдраимов 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Әңгіме барысында ұрлық, тонау, бопсалау, денсаулыққа зиян келтіру сияқты қылмыстар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптары түсіндірілді. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан бастап келетіні, қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтауды ұсынды, сонымен қатар алкоголь мен темекі шегудің зияны және бұл тәуелділіктердің қаншалықты қауіпті екенін еске салды.

    https://www.instagram.com/p/CXKqXb_IPmG/?utm_source=ig_web_copy_link

    https://www.instagram.com/tv/CWDLzttlWrt/?utm_source=ig_web_copy_link

    https://www.instagram.com/tv/CWSu5AbFK4i/?utm_source=ig_web_copy_link
    Мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық сағаты» өткізілді. Адалдық сағатында оқушылар Қарағанды облысы бойынша «JasOtan» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовтың сұхбатын көрді.

    https://www.instagram.com/p/CWsDMVINqnx/?utm_source=ig_web_copy_link

    Бала құқығы-Адам құқығы айлығының жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларымен "Әр баланың құқығы бар" тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

    https://www.instagram.com/p/CWSxh4HNadO/?utm_source=ig_web_copy_link

    «Топар жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2021 жылдың 7 желтоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз» презентациялар мен суреттер сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың әлеуметтік шығармашылық белсенділігін дамыту. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасын ашып кеңінен ақпарат беру. Оқушылар топпен жұмыс жасап, суреттер мен үндеулер арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз көзқарастарын білдірді.

    https://www.instagram.com/p/CXy5YmEtUkr/?utm_source=ig_web_copy_link


    ФОТО ОТЧЕТ









    написать администратору сайта