Главная страница
Навигация по странице:

  • 1) Болжамды диагнозы қандай 2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз4) Аурыдын болжамы қандай

  • ушные заболевания. Құлақ аурулары бойынша есептер. Оториноларингология бойынша ситуациялы есептер 1


    Скачать 14.77 Kb.
    НазваниеОториноларингология бойынша ситуациялы есептер 1
    Анкорушные заболевания
    Дата25.04.2021
    Размер14.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚұлақ аурулары бойынша есептер.docx
    ТипДокументы
    #198550

    Оториноларингология бойынша ситуациялық есептер:

    1

    50 жастағы науқас сол жақ құлағынан ірің ағуына, құлақтағы және құлақ арты аймағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 3 апта болды. Объективті: AS – сыртқы есту жолында 3 ватник шамасында шырышты-іріңді бөлінді, иіссіз. Mt – гиперемирленген, алдыңғы-төменгі квадрантта перфорация, «пульс тәрізді рефлекс», сыртқы есту жолының жоғарғы-артқы қабырғасының салбырауы. Еміздікше өсіндіні пальпациялағанда қатты ауырсынады, ұшында қаттырақ.


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз
    2

    19 жастағы науқас оң жақ құлағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне, бетінің асимметриясына шағымданады. Ауырғанына 1 апта болды, суық тиген. Кеше анық көрінетін бетінің асимметриясы пайда болды.


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз

    3

    32 жастағы науқас клиникаға бас айналу, құсу, тепе-тендігінің бұзылуы, сол жақ құлағындағы шуыл, есту қабылетінің төмендеуі шағымдарымен жеткізілді. Үстама өмірінде бірінші рет нервті күштенуден кейін пайда болды.

    Тексергенде – ЛОР-ағзалары қалыпты, сол жағынан есту қабылеті төмендеген: С.с.- 1 м., Қ.с.- 4 м., сол жақта III дәрежелі SpNy бар, саусақ-мұрын сынамасы –оң жаққа қарай істей алмайды, Ромберг тұрысында – тұра алмайды, оң жаққа қарай құлайды.


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз
    4

    36 жастағы науқас, мономицинмен пневмонияны емдеген кезде екі құлағындада шуыл пайда болды және күрт есту қабылеті төмендеді. Аудиометриялық зерртеуде дыбыс қабылдағыш түрі бойынша екі құлағындада күрт есту қабылетінің төмендеуі анықталды (III дәреже).


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз
    5

    3 апта бойы науқас сол жақ құлағында біртіндеп есту қабілетінің төмендеуін байқады, құлақтан бөлініс бастапқыда аз мөлшерде иіссіз болды, кейіннен сасық көп мөлшерде. Отоскопияда сол жақ сыртқы есту жолында қою ірің; құлағын тазалағанан кейін дабыл жарғағында 4 әр түрлі және көлемді перфорация, 2-і шеттік. Самай сүйегінің Шюллер әдісі бойыншы рентгенограммада – сол жағында жайылған кариес, емізік өсіндіде секвестрлер


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз
    6

    Науқас қабылдау бөліміне келесі шағымдармен келді: құлақ қалқанында ауырсыну, осы аймақта қызу, күйдіру сезімнің болуы, температурасының жоғарлауы және жалпы дімкәстік. Ауырар алдында байқаусыздан 5 кун бұрын құлақ қалқаның түйреуішпен тырнап алған. 3 кун бұрын қабылдау бөліміне келгенше, құлақ қалқаны қызарды, оның көлемі ұлғайды, ісінді, басы ауырды. Науқастың жағдайы біртіндеп нашарлады, температура пайда болды. Тексергенде құлақ қалқанының терісі күрт қызарған, инфильтацияланған. Процесс құлақмаңы аймағына, сыртқы есту жолына тараған. Гиперемирленген бөліктері демаркация сызығымен қоршалған. Сыртқы есту жолында патологиялық бөліді жоқ, дабыл жарғағы өзгермеген.


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз

    №7

    33 жастағы науқас шағымы: сол жақ құлағынан анда-санда іріңді бөліністін болуы, есту қабілетінің күрт төмендеуі. Бала кезден аурады, қызылша отитінен кейін. Отоскопиялық: сол жақ сыртқы есту жолындааз мөлшерде іріңді сасық бөліністер, дабыл жарғағының жоғарғы-артқы квадранттында шеттік перфорациясы. Емізік өсінді рентгенограммасында сол жағында аттико-антральды аймақта шеті ыдыраған қуыс анықталады. Оң құлағы патологиясыз.


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз
    8

    30 жастағы науқас қабылдау бөліміне келесі шағымдармен келді: оң жақ құлағында қатты шыдатпайтын ауырсыну. Ауырғанына 4 – 5 күн болды, суық тигеннен кейін. Жалпы жағдайы қалыпты, белсенді, температурасы жоғарлаған жоқ. Тексергенде құлақ қалқаны өзгермеген, бірақ тартқанда қатты ауырсынады. Сыртқы есту жолы тарылған, ішінде шырыш аралас іріңді бөлініс, сыртқы есту жолына жіңішке құлақ айнасы әзер кіргізіледі, дабыл жарғағының көрінетін бөлігі сұр түсті лайлы.


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз


    9

    21 жастағы науқас жедел жәрдеммен ессіз жағдайда жеткізілді, температура 39,7°, анық желке бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады, симптом Кернига он. Оң жақ құлағынан көп мөлшерде сасық іріңді бөлініс және ірімшік сияқты массалар. Дабыл жарғағының артқы-жоғарғы бөлімінде үлкен перфорация.


    1) Болжамды диагнозы қандай?

    2) Негізгі және қосымша зерттеу әдістерің атаныз

    3) Емдеуді негізденіз және тағайынданыз


    4) Аурыдын болжамы қандай?

    5) Нұскауларды берініз


    написать администратору сайта