Жай және күрделі нәруыздар. Абен срс биохим 3. Отстік азастан медицина академиясы Биология жне Биохимия кафедрасы
Скачать 53.91 Kb.
|
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Биология және Биохимия кафедрасы Эссе Тақырыбы: Жай және күрделі нәруыздар Орындаған: Сейдахметов Ә. Топ: В ПҚ 02-21 Қабылдаған: Шымкент, 2022 ж. Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды. Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді: Қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); Күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады. Ақуыз молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады. Шар тәрізді домалақ – глобулярлы ақуыздар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік жасушасының ақуыздары жатады. Фибриллярлық (талшық тәріздес) ақуыздар. Бұларға бұлшық ет ақуызы – миозин, актин, сіңір ақуызы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары жатады. Қарапайым белоктар гидролиздеу кезінде тек амин қышқылдарына ғана ажырайды. Төменде қарапайым белоктардың негізгі өкілдері жайлы сөз болмақ. Құрамында белоктік белігі және белоксіз белігі бар қосылысты күрделі белоктар — протеидтер, ал мұндағы белоксіз бөлікті простетикалық топ деп атайды. Ол топ белоктың биологиялық қызметінде маңызды рөл атқарады. Күрделі белоктар құрамында кездесетін белокты және белоксіз бөліктер, шамасы коваленттік байланыспен жалғасатын сияқты. Бұл құбылыс былай түсіндіріледі. Егер күрделі белокты басқа заттардан бөліп алғымыз келсе, ол тек белоксіз бөлігімен ғана бөлініп алынады да, белоксіз бөлігі, оның ылғи да негізгі компоненті ретінде бірге жүреді. Күрделі белоктар құрамында болатын простетикалық топтардың сипатына қарай мына төмендегідей топ тармағына бөлінеді. Глоссарий Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс. Альбуминдер – молекулалық массалары жоғары емес, қарапайым глобулярлы ақуызда. Гистондар - бұл ақуыздар негіздік қасиет көрсетеді, олардың құрамына негізінен лизин мен аргинин (20-30%) кіреді. Глобулиндер (глобулины) — тұздардың сұйық ерітіндісінде еритін, бірақ суда ерімейтін глобулалы протеиндер. Пигменттер - теріге, көзге, шашқа табиғи түс беретін хромопротеидке ақуыз Металлопротеиндер - құрамында бір немесе бірнеше металдың иондары кіретін биополимерлер (ферритин, трансферрин, гемосидерин, металлоферменттер) жатады. Ферритин көк бауырда, жілік кемігінде темірдің депосы (қоры) ретінде қолданылады. Трансферин темірді физиологиялық жолмен тасымалдау қызметін атқарады. Нуклеопротеиндер – ақуыздардан және нуклеин қышқылдарынан тұрады. Нуклеопротеиндерді олардың құрамына дезоксинуклеин немесе рибонуклеин қышқылдарының кіруіне байланысты екіге бөледі: дезоксирибонуклеопротеиндерге (ДНП) және рибонуклеопротеиндерге (РНП). Нуклеопротеиндердің ақуыздық компоненттері гистондардан, протаминдерден, қышқылдық альбуминдер мен глобулиндерден тұрады. |