|
Срс. Асан Р.А. 3 срс пс. ОТстік азастан медицина академиясы неврология, психиатрия жне психология кафедрасы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Неврология, психиатрия және психология кафедрасы
Орындаған: Асан Р.А.
Топ: ВЖМқБ-07-16
Қабылдаған: Еспаева Ж.У
Тақырыбы: Параклиникалық зерттеу әдістері. Электроэнцефалография, реоэнцефалография, компьютерлі томография.
Жоспар: - Психологиялық зерттеу әдістері мен оларға қойылатын талаптар;
- Психодиагностикалық әдістер және оның түрлері;
- Бақылау мен эксперимент;
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер.
- Психологиялық зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістемелерінің арасындағы байланысы.
- Психодиагностикалық әдістер – психодиагностикалық міндеттерді шешетін технологиялық тәсіл.
- Психодиагностикалық әдістеме – белгілі бір міндеттерді шешудің нақты жағдайында, нақты бір адамның психикалық қасиеті туралы ақпарат алу үшін нақты әрекеттер жүйесі немесе дербес бір рәсімделген шара.
Зерттеу әдістерінің түрлері -Клиникалық әдіс -Экспериментальды-психологиялық зерттеу -Электрофизиологиялық зерттеу -Лабораториялық зерттеу -Нейроморфологиялық зерттеу -Эпидемиологиялық әдіс Электрофизиологиялық зерттеу Бұл зерттеу негізінде мидың функциональды жағдайын әр түрлі электрлік құбылыстарды қолдану арқылы анықтайды. - Электроэнцефалография - Реоэнцефалография - Эхоэнцефалография Электроэнцефалография- мидың функциональды жағдайын көрсететін электропотенциалдарды тіркеу болып табылады. Реоэнцефалография-жоғары жиілікті әлсіз электр тогына бас миы тіндерінің қарсыласуындағы өзгерістер көлемін жазу болып табылады. Эхоэнцефалографиялық-эхолокация феноменіне негізделген, миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу әдісі. Лабораториялық зерттеулер Психикалық ауруларды зерттегенде міндетті түрде зәр мен қанның жалпы және клиникалық анализдері болуы керек. - Жұлын сұйықтығын зерттеу - Серологиялық реакциялар Эпидемиологиялық әдіс Бұл әдіс жеке жағдайларды емес, көпшілік дертті жағдайларды зерттеуге және психикалық патологияға тән жалпы заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі барлық популяция мен репрезентативті топты зерттеу нәтижесінде алынған жағдайда ғана маңызды болып табылады. Еңбектік психиатриялық сараптама Уақытша еңбекке қабілеттілігі жоғалған психикалық ауытқуы бар науқастарға аурухана парағы беріледі,бұл көрсаеткіштерге байланысты 10 айға дейін созылуы мүмкін. Ал тұрақты түрде болатын болса мүгедектік беріледі.Бұл арнайы комиссия мүшелерінің ортақ шешімі негізінде жүзеге асырылады.Мүгедектік 1 немесе 2 жылға немесе өмір бойына беріледі. Психологиялық зерттеулердің объективтілігіне қойылатын жалпы талаптар: - Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы зерттеу пәні ерекшеліктеріне тәуеділік көптеген әдіснамалық құралдарымен іске асады. Осыған байланысты бұл қағиданың талаптары бойынша кез келген психикалық құбылыстар сыртқы себептер мен ішкі жағдайлардың бірлігінде қарастырылады.
- Психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу. Психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу болып табылады.
- Жеке тұлғаны талдау-жинақтау түрінде зерттеу әрбір адамның психологиялық келбетінде барлық адамдарға тән жалпылық, даралық қасиеттермен сипатталады. Әрбір адамның бойында жеке тұлға ретінде жалпылық, ерекшілік және даралық қасиеттердің болуы зерттеу жұмысын ұйымдастыруды талдау-жинақтау қағидасын басшылыққа алуды қажет етеді.
- Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланыста болуы қажет, демек, практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы.
Психодиагностикалық әдістер - Стандартталған тесттік
белгілі бір топтан қысқа мерзімде мәлімет алу үшін. - Клиникалық эксперименттік
адаммен жеке-дара көп жұмыс жасау нәтижесінде мәлімет алу. Бұл Б.Г. Ананьев ұсынған мәліметтерді жинақтау мен алудың эмпирикалық әдістеріне жатады
Нысандандыру дәрежесіне қарай:
| | Төмен ұйымдасқан
| Жоғары ұйымдасқан
| Байқау, бақылау
| Тесттер
| Әңгіме, сұхбат
| Сауалнама,сұрақтар
| Іс-әрекет өнімдері
| Проективті техникалар
| | Психофиологиялық әдістемелер
| Төмен ұйымдасқан Әртүрлі жағдайда байқалатын, мінез-құлық, жүріс-тұрыс реакциялар, эмоциялық күйлер мен тұлғалық қасиеттер анықталады. Бұл әдістемелер психодиагносттың кәсіби даярлығына жоғары талаптар қояды.
Жоғары ұйымдасқан Ерекшелігі: нәтижелерді өңдеу, түсіндіру, стандартизациялау, әдістемелер сенімділігі мен валидтілігі – жоғары ұйымдасқан психодиагностика болып табылады.
Психодиагностикалық әдістер нәтижесіне ықпалы бойынша: - Объективті
ықпалы төмен - Субъективті
психодиагносттың тәжірибесі мен біліміне тәуелді Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатқызады. - Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі, т.б.
Бақылау әдісі - Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.
- Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі.
- Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады.
Бақылау әдісіне қойылатын талаптар: - Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау.
- Үнемі мақсатты болуы қажет,
- Нәтижесін тіркеу.
негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Эксперимент әдісі - Экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды.
- Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы.
- Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады.
Психологиялық зерттеулерде негізінен 2 түрлі эксперимент қолданылады. - Зертханалық (лабораториялық) және табиғи.
- Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі.
- Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі, т.б.
- Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді.
Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады. - Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.
- Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.
- Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.
- Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;
- Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
- Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б.
Табиғи эксперименттің - Өзгешелігі: адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады.
- Байқау әдісі және эксперименттің сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі.
- Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910).
- Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.
Психодиагностикадағы негізгі зерттеу, тексеру құралы - тест “Теst” деген ағылшын сөзі. Ол «сыннан өткізу», «тексеру» мағы- насын білдіреді. «Тест» терминін психологиялық зертеу тәжірибе- сіне XIX ғасырдың соңында американдық ғалым Дж. Кеттел енгізген. Тест - күрделі техникалың құрал-жабдықтарды қажет ете қоймайтын, психологиялық ерекшеліктерді сандық және сапалық жағынан сипаттауга мүмкіндік беретін қысқа мерзімдік стандартты тексеру. Б.Г. Ананьев (1907-1972) тесттердің екі тобын ажыратады: Стандартты - зерделілікті,
- жетістікке жетуді,
- арнайы қабілетті,
- креативтілікті,
- тұлғалық қасиеттерді тексеру тесттері жатады
Проективті - тұлғалық ерекшеліктерді тікелейбақылауға немесе сұрақтамалар арқылы анықтауға болмайтын жағдайда, жанама түрде мәлімет беретін практикалық әдістемелер.
Ф. Бурлачук пен С.М. Морозов бойынша проективті тесттер төмендегідей жіктеледі: 1. Конститутивті тесстер – зерттелуші тест материалына мағына береді (М, Роршах тесті - Г. Роршах,1921ж.). 4. Катартикалық тесттер — зерттелушінің ерекше ұйымдастырылған жағдайда шығармашылық іс-әрекет танытуына бағдарланады (М, психодрама - Дж. Морено, 1946ж.). Қорытынды: - Сонымен, психодиагностикалық әдістер мен әдістемелердің барынша бай арсеналы адамның зияткерлік, тұлғалық ерекшеліктерін және еріктік- афференттік жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда қазіргі кезде стандартты тесттерді психодиагностикалық талап бойынша қазақ қоғамына сай бейімдеу, қазақ тіліне децентрациялық аудару процедурасы өзекті мәселе.
Пайдаланылған әдебиеттер: - "Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы" Бекмурзаева Э.К., Туртаева А.Е., 2013 жыл
- https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B5%D0%B9%D1%80%D0%BE%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F
- http://wikipedia-info.ru/tag/psixofarmakologiya-vikipediya/
Назарларыңызға Рахмет! |
|
|