Главная страница

1 қыркүйек 2023 жыл тақпақтар. Оуда озат боламын ашан да таудай талабым


Скачать 15.44 Kb.
НазваниеОуда озат боламын ашан да таудай талабым
Дата07.09.2022
Размер15.44 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1 қыркүйек 2023 жыл тақпақтар.docx
ТипДокументы
#666455

Оқуда озат боламын
Қашан да таудай талабым
"Тәртіпті" бала атанып
Бәріне үлгі боламын!

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!


Алтын ұя мектептің

Босағасын аттаймын.

Кітабымды қолға алып,

Әріптерді жаттаймын!

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Әлемдегі барша жұрт,

Бас иеді білімге

Қоңырауым күмбірлер

Қыркүйектің бірінде.

Білім күні, біл мұны –

Жүрекке жылу шашады.

Оқушыға бұл күні,

Мектеп есік ашады.

Қыркүйектің бірінде Гүлдерге толды омырау,

Шақырып бізді білімге

Соғылсын алғашқы қоңырау.

Қыркүйектің бірінде

Кеудем толы дірілге.

Еркелікті тоқтатып

Ден қоямын білімге!

Айып етпе мұнымды

Айтайын бір шынымды.

Талмай оқып, ізденіп,

Болып шығам білімді!

Алтын ұя мектептің

Босағасын аттаймын.

Кітабымды қолға алып,

Әріптерді жаттаймын!

Партаға алғаш отырам,

Бұдан асқан бақыт жоқ.

Оқушы болам, мен енді,

Бос жүруге уақыт жоқ!

Мен де келдім мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.
Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.

Мектеп – қамқор анамыз

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз!

Өмірімнің көктемін

Сенде өткіздім деп келдім,

Алтын ұя - мектебім!

Армандарым көп менің,

Атқарамын деп келдім,

Асыл – аннам мектебім

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.
Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.

Білім керек бәріне

Мектепке алғаш барғанда

Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.

Қару - жарақ – сабағым,

Қалам - парақ – садағым.

Жалқау менен наданды

Білімменен қададым.

Күн көзімен таласқан,

Ай мен күнге жол ашқан.

Қазақ қызы мен болам,

Білімменен санасқан.

Есін допқа жеңдірген,

Бала емеспін сен білген.

Алтыға кеп, алып боп,

Біріншіге келдім мен.

Еркелік жоқ кешегі,

Оқушымын көшелі.

Білім алып бойыммен

Ойым да енді өседі.

Салтанаты бек керім,

Міне, сынып - мектебім.

Ұстаздарым аялы,

Достарым да көп менің.

Мен оқушы баламын –

Оқып, білім аламын.

Мектеп - ұям, өзіңе

Арналады бал әнім.

Отанның біз ұл - қызы

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын - жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын.


написать администратору сайта