4 сынып. 4 сынып үйірме. Оушылара айнала оршаан ортаны адам мірімен байланыстыра отырып білім беру
Скачать 54.61 Kb.
|
Мақсаты: Оқушыларға айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру. Оқушыларға қоршаған ортаның бір–бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамыту. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу, қосымша пәндерді оқып- үйренуге негізгі біліктіліктермен қаруландыру. Оқушыны өз пікірі бар, құзыретті тұлға ретінде бағыттап тәрбиелеу. Оқушыға сенімділік білдіру, пәнге деген қызығуларын арттыру, жеке шығармашылық деңгейін көтеру. Міндеттері: Оқушылардың ойлау мен танымдық қызметі, түсініктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ауызша, жазбаша әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқулық арқылы тіл мәдениетін, сөздік қорын, дүниетанымын молайту. Адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс Күтілетін нәтиже: Адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой-өрістері дамиды. Оқушылар оқу материалын негізге ала отырып, көрген – білгенін көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шешен сөйлеуге жаттығады. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады. Оқушылардың өзіндік ізденісі нәтижесіндегі күнделікті өмірдегі оқиғаларды және фактілерді түсінуі арқылы танымдық қызығушылығы дамиды, зерттеу, тұжырым жасау дағдылары қалыптасады және назар аудару, елестету,есте сақтаулары арта түседі. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, өзін – өзі тану, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, математика. Курсты ұйымдастыру формасы: Іздену, есептеу, пікір алмасу, топпен жұмыс, танымжорық, зерттеу жұмысы әдістерін пайдалану. Курсты қорытындылау формасы: Өз тұжырымдары,есептеулері, ізденістерін презентациялау, тест, сайыс түрінде. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: Рефлексия.Өз - өздерін бағалау, сайыс, тест Арнайы курстың мазмұны мен құрылымы. І. Біз –табиғат қорғаны Табиғат сыйы. Пайдалы қазбалар. Су-тіршілік көзі. Экологиялық проблемалар. Кездейсоқ оқиғадан шығу. Тау жыныстары мен минералдар. II. Өсімдік пен жануарлар әлемі. Қазіргі экологиялық жағдайлар. Қазақстан қорықтары. Ұлттық бақтар. Қызыл кітапқа енген құстар мен балықтар. Табиғат достарының ережелері.Танымжорық III.Қазақстан флорасы Қазақстандағы жалпы өсімдіктер түрлерін таниды, арам шөптер мен дәрілік шөптерді ажырата алады .Қазақстандағы өсімдіктердің біраз түрін жеке жеке ажырата алады ІV.Қазақстан тарихынан. Қазақ мемлекеті (хандығы). Егеменді қазақ елі.Үш би, билік айту өнері. Шешендік өнер. V. Салт -дәстүр,әдет- ғұрып. Қазақтың киіз үйі. Ұлттық киімдер, оған қатысты ырымдар мен тыйымдар. Ұлттық музыкалық аспаптар. Ұлттық ойындар. Сандар мағынасы. VІ.Туған ел .Отан Отан отбасынан басталады. Адам және мәдениет. Қазақстан – ғарыштық мемлекет. VІІ. Қорытынды. Тест . «ХI ғасыр көшбасшысы» сайысы. «Білгіштер клубы» Жас табиғаттанушы үйірмесі бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 4 сынып. (Барлығы 102 сағат. Аптасына 3 сағат.)
«Жасыл желек» үйірмесінің күнтізбелік жоспары 5-сынып (барлығы 102 сағ, аптасына 3сағ) «Жасыл желек» үйірмесінің мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету . Әр оқушыға экологиялық білімді қалыптастыра отырып , денсаулықты қорғауға,экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын үйрете отырып, табиғат байлықтарын ұтымды пайдаланып, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Міндеттері : - Сабақта экологиялық проблемаларды көтере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. - Табиғат заңдылықтарды меңгеру - Дағарыстан шығу жолдарын табуға дағдыландыру. - Ізденушілік,зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру. «Жасыл желек» үйірме бағдарламасының тақырыптық мазмұны Жасыл желек бағдарламасы туралы түсінік қалыптастыру, экологияның ластануының алдын алу шаралары, өсімдіктер мен жануарларды күтіп, баптау. Сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау. Қызыл кітаптың рөлі. Жер-Ананы апаттан сақтар, ең мықты бекініс көгалдандыру жұмысының жандануы туралы түсінік қалыптастыру. I. Теориялық бөлім Жасыл желек бағдарламасы, қоршаған ортаның ластануының алдын алу шаралары, өсімдіктер мен жануарларды қорғау, күту туралы түсінік қарастырылады II. Практикалық бөлім Өсімдіктердегі кездесетін пигменттерді көрсетіп, анықтау. Өсімдіктерден гербарий жасалу жолы. Қалдық заттардан гүл шоғын жасау. Пәнаралық байланыс: 1. Биология, экология 2. Бейнелеу өнері 3. Жаратылыстану Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы: 1.Экология Г.С.Оспанова,Г.Т.Бозташаева Алматы 2002 2.Экология оқу құралы Ә.Бейсенова,Ж.Шілдебаев Алматы 2005 3.Экологиялық білім мен тәрбие беру ерекшелігі (әдістемелік құрал Алматы 2003 4. Биология Ә. Әметов, Ж. Қожантаева, Қ.Қайым, Қ. Жұмағұлова 5. Н.Грин, У.Стаут, Д.Тейлор- Биология 1 том-М: Мир-1990г. 6. Т.Касымбаева, К.Мухамбетжанов Общая биология Алматы:Мектеп- 2010г. 7.К.Кайым, Р.Сатимбеков, А.Аметов, Ж.Кожантаева Биология Алматы: Атамура 2012г. 8. Экология және табиғатты қорғау. А., «Мектеп», 2002 9. География және табиғат. 2008-2013 10. Орынбаева Г. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. А., «Рауан», 1993 «БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН» «ҚАРАЛҒАН» №1мектеп-гимназия директордың оқу ісі Пән бойынша Директоры жөнінідегі орынбасары: ӘБ жетекшісі............ Т.Досметов................. Х.Полатов.................... «-----»----------2021ж «-----»----------2021ж «-----»----------2021ж Үйірме атауы: «Жас табиғаттанушы» Сынып: 4 Жылдық сағат саны: 102 сағат; аптасына 3 сағат |