физиология. Оқушылардың даму физиологиясы. Оушыларды даму физиологиясы пніні рлі
Скачать 24.38 Kb.
|
«Оқушылардың даму физиологиясы» пәнінің рөлі. Оқушылардың өсу мен дамуының жалпы заңдылықтары» Анатомия мен физиология ғылымдары. Бұл ғылым адам мен жануарлар организмдерінің, олардың функциялық жүйелері мен жеке мүшелерінің, ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын, тірі организмдердің сыртқы ортамен қарым-қатынас заңдылықтарын және организмді құрастырушы барлық құрылымдарды (мүшелер, тканьдер, жасушалар) жеке функциялық жүйелер ретінде қарастырып, олардын өзара байланыстарын, ықпалын зерттейді. Анатомия мен физиология бір-бірімен және медицина, гистология, цитология, психология, физика, химия ғылымдарымен тығыз байланысты болғандықтан бүлардың және олардан тараған биофизика, биохимия, молекулалық биология, бионика, эмбриология т. б. жетістіктері мен зерттеу әдістерін кеңінен пайдаланады. Физиология педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары нерв әрекетінің заңдарына сүйене отырып оқу-тәрбие жүмыстарың ғылыми негізде іске асырады. Анатомия мен физиология материалистік көз-қарасты дәлелдеуге қажетті деректермен философияны қамтамасыз етеді. Организмнің функциясы тұралы алғашкы деректер ауруды емдеуге, аңдар мен малды союға байланысты ерте заманда қалыптаса бастағанымен физиология ғылымы жеке болмаған. Ол медицина, анатомия ғылымдарымен катар дамып, тек XVI—XVII ғасырларда жеке ғылым саласы болып бөлінген. Ауруды дұрыс емдеу үшін организмнің қалыпты қызметін білу керек. Сондықтан көне Греция мен Римдегі тәуіптер, дәрігерлер адам организмнің құрылысына қоса қызметін зерттей бастаған. Дегенмен, «тек қана 1628 жылы ағылшын ғалымы Вильям Гарвей организмнің негізгі қызметінің бірі - қан айналысын бақылап, сол арқылы жануарлар функциясы тұралы адам білімінің алғашкы жаңа негізін қалады» (И. П. Павлов, толық жинак, VI т., 425 б., М.-Л., 1952), В. Гарвейдің қан айналысын табуы алғаш рет вивисекция немесе тірідей тілу әдісін пайдалануға байланысты мумкін болды. XVII ғасырда француз философы Р. Декарт (1596-1650) физиологиядағы организм кызметінің рефлекторлы принципін негіздеу арқылы бұл ғылымның дамуына ат салысты. Орыс ғалымдары М. В. Ломоносов, И, М. Сеченов, И. П. Павлов және олардын, әріптестері мен шәкрттері өз үлестерін қосып, бурынғы Совет елінде К. М. Быков, В. Н. Черниговский, Э. А. Асратян, Л. Г. Воронин, И. С. Беритов, В. В. Парин, О. Г. Газенко, П. Т. Костюк, А. М. Уголев т. б. көптеген ғ алымдар физиологияны дамытты. Адам анатомиясының шын дамуы XVI ғасырда А. Везалий (1514-1564) еңбектерінен басталды. Онын «Адам денесінің фабрикасы» - атты еңбегінде анатомия мен физиологиялық мәліметтері қатар берілген. Онтогенез заңдылықтары Онтогенез (грекше ontos-организм, genesis-даму) – жыныс клеткаларының пайда болуынан басталатын және оның өліміне дейін жүретін жеке организмнің дамуының толық тарихы. Онтогенез жайындағы ұғым деректерге организмнің өсуі оның клеткасының жіклеуіне және морфогенезіне негізделеді. Отогенез терминін неміс биологы Э.Геккел 1966 ж. ұсынған. Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп жетіледі және бірігеді. Онтогенез проэмбрионалдық, эмбрионалдық және постэмбрионалдық кезеңдерге бөлінеді. Эмбрионалдық кезең (грекше embrion-ұрық, genesi- шығу тегі)- ұрықтанғаннан бастап туғанға дейінгі немесе жұмыртқаны жарып шыққанға дейінгі ұрықтың даму кезеңі. Ұрықтың дамуының алдында ұрпақ алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмырқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілеті және әртүрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни постэмбрионалдық даму жүреді. Постэмбрионалдық - эмбрион туылғаннан немесе жұмыртқадан шыққаннан бастап өлгенге дейінгі кезең. Адам өмірінің кезеңдері *Нәрестелік кзең *Емшектік кезең *Мектепке_дейінгі_сәбилік_кезең'>Мектепке дейінгі сәбилік кезең *Мектепке дейінгі естияр кезең *Мектеп жасындағы ересек кезең *Жасөспірімдік кезең *Балғын жастық кезең *Кемелденген кезең *Мосқалдық кезең *Қарттық кезең Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Бұл кезеңде сәбидің көп уақыты ұйқымен өтеді. Таиақ қажет болғанда оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақыты мен тазалықты мұқият сақтау керек. Нәрестелік кезең – нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезеңде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мектепке дейінгі сәбилік кезең – бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүріп, сөйлеп, әр нәрсені білгісі келеді және ойлау қабілеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі кезең - бұл кезеңде баланың айналасында болып жатқан заттарға қызығушылы артады және «бұл не?» деген сұраққа жауап іздейді. Мектеп жасындағы ересек кезең – баланың іс әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады бұл баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге бағынады. Балғын жастық кезең – барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің қалыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бір-бірімен үйлесімді жүреді. Мосқалдық кезең – бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды, зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық береді Кемелденген кезең – ақыл-ой, санасы, ойлау қабілеті жетіліп, шығармашылық іс әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Қарттық кезең - бұл кезеңде барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяу жүреді. |