Главная страница

Нивелир. Бурение 49б.. P m0 Lg


Скачать 442.05 Kb.
НазваниеP m0 Lg
АнкорНивелир
Дата12.05.2022
Размер442.05 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБурение 49б..docx
ТипДокументы
#524389

Ұңғыдағы апат – бұл ұңғы оқпанының немесе ондағы технологиялық аспаптың бұзылу нәтижесіндегі бұрғылаудың кенеттен тоқтауы. Апаттар геологиялық, техникалық, технологиялық және ұйымдастыру себептерінен болу мүмкін.

Геологиялық себептер күрделі жағдайларда бұрғылауға байланысты: жарықшақты карстелген тау жыныстарын және тектоникалық бұзылым аймақтарын бұрғылаудың нәтижесінде жуу сұйықтығының жұтылуы, ұңғы қабырғаларының құлауы, жоғары қысымды қабаттарды ашу, сальниктердің түзілуі және т.б.

Техникалық себептер ескірген бұрғылау және шегендеуші құбырларды, сонымен қатар тозған аспаптарды қолданудан болу мүмкін.

Технологиялық себептерге бұрғылаудың тиімді технологиялық тәртібін орындамау, ұңғыны бұрғылаудың геологиялық жағдайларын ескермейтін технология қолдану. Ұйымдастыру себептері бұрғылау бригадасының жеткіліксіз біліктілігі, еңбек тәртібінің нашарлығы, бұрғы қондырғысының қажетті материалдармен қамтамасыз етілмеуі және т.б.болып табылады.

Апаттардың алдын алу технологиялық тәртіпті және геологиялық, техникалық құжаттың басқада талаптарын орындау, бұрғы қондырғысын қажетті бақылау, өлшеу аспаптармен, механизмдермен жабдықтау, бұрғылау бригадасының біліктілігін және еңбек тәртібін арттыру, ұңғы бұрғылаудағы ауыр процестерді механизациялау болып табылады.

Аспаптың есептік салмағы кеңес берілетін салыстырмалы самақпен m0 алынады. Жұмсақ тау жыныстары үшін 15/30 кг/см, орташа қаттылықты тау жыныстары үшін 30 / 40 кг/см және қатты тау жыныстары үшін 40 / 50кг/см құрайды. Оның есептік массасы келесідей анықталады.

M
p = m0 × Lg

mo – құралдың салыстырмалы массасы, кг/см

Lg – қашаудың жүзінің ұзындығы, см

М-1 коронкасы. Бұл коронка бұрғыланғыштық категориясы I–III-тің арасындағы таужыныстарын бұрғылауға арналған. М-1 коронкасының диаметрлері: 93, 112, 132, 151.

М-5 коронкасы. Бұл коронка бұрғыланғыштығы II—IV категориялы тау жыныстарын бұрғылау үшін арналған. М-5 коронкасының диаметрлері: 93, 112, 132, 151.

СМ-1М коронкасы. Бүл коронка бұрғыланғыштығы V—VII категориялы тау жыныстарын бұрғылауға арналған. СМ-1М коронкасының диаметрлері: 46, 59, 76, 93, 112, 132, 151.


написать администратору сайта