Главная страница
Навигация по странице:

  • «ИЫҚПЕН КӨТЕРУ» ӘДІСІ (АВСТРАЛИЯЛЫҚ КӨТЕРУ)

  • Қарсы көрсетілімдері

  • АҚЖАЙМА КӨМЕГІМЕН ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТЕН КӨТЕРУ (екі не одан да көп адам орындайды, пациент көмек бере алады) Қолдану көрсетілімдері

  • ПАЦИЕНТТІ КӨТЕРУ, БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ (екі адам орындайды)

  • КЕҢ КЕРЕУЕТТЕ БАС ЖАҒЫНА ПАЦИЕНТТІ ЖЫЛЖЫТУ (екі адам орындайды)

  • ПАЦИЕНТТІ ТӨСЕЛГЕН ЖАЯЛЫҚ КӨМЕГІМЕН КЕРЕУЕТ ШЕТІНЕ ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ (екі адам орындайды) Мақсатты

  • ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ

  • ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады) Қолдану көрсетілімдері

  • ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ ШЕТ ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ (бір медбике орындайды) Қарсы көрсетілімдері

  • ПАЦИЕНТТІ «ҚЫРЫМЕН ЖАТҚАН» ҚАЛПЫНАН, «АЯҚТАРЫН ТҮСІРІП ТҮРЕГЕП ОТЫРУҒАН» ҚАЛПЫНА АУЫСТЫРУ (бір медбике орындайды) Қолдану көрсетілімдері


  • ПАЦИЕНТТІ ҚЫРЫМЕН ЖАТҚАН ҚАЛПЫНАН, АЯҚТАРЫН ТҮСІРІП ТҮРЕГЕП ОТЫРУ ҚАЛПЫНА АУЫСТЫРУ (бір медбике орындайды)

  • Стандарттар. Пациентті иытары мен басын ктеру (бір медбикемен орындалады) олдану крсетілімдері


    Скачать 2.56 Mb.
    НазваниеПациентті иытары мен басын ктеру (бір медбикемен орындалады) олдану крсетілімдері
    Дата13.06.2022
    Размер2.56 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСтандарттар.docx
    ТипДокументы
    #587490



    ПАЦИЕНТТІҢ ИЫҚТАРЫ МЕН БАСЫН КӨТЕРУ

    (бір медбикемен орындалады)
    Қолдану көрсетілімдері: көпшікті түзету; киімдерін жазу; іш киімдерін ауыстырудың

    бір сатысы.

    • Пациентке шараны орындау жолын түсіндіріп, оның түсінгеніне көз жеткізіп және шараны орындауға келісімін алыңыз.

    • Кереует тежегішін бекітіңіз.

    • Бір жақ бүйіріндегі тұтқаны төмен түсіріңіз (егер ол болса).

    • Бас жағына қарап, кереуеттің жанында тұрып, аяқтарды 30 см-дей бір-бірінен алшақ қойыңыз.



    • Аяқтарды тізеден бүгіп, алға қарай еңкеймеңіз!

    • Пациенттен сізге көмектесуін сұраңыз (егер ол орындай алатын болса): қолын қолтық астынан сұғып, сізді иығыңыздан құшақтауын несеме кереует тұтқасынан ұстауын түсіндіріңіз.

    • Сізге жақын пациент қолы астынан өз қолыңызды өткізіп, екіншісін — оның мойны мен иығы астына салыңыз.

    • Өз салмағыңызды артқа, пациент аяғына қарай ауыстырып, пациенттің басы мен иығын көтеріңіз. Көтерген кезде, пациентті бұруға болмайды!

    • Пациенттен бос қолымен сізге көмектесуін сұраңыз. Пациентті иығы мен мойнын көтеріңкіреп, қолмен көпшігін түзетіңіз.

    • Көпшікке пациент иығы мен басын түсіріңіз. Оның ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.





    «ИЫҚПЕН КӨТЕРУ» ӘДІСІ (АВСТРАЛИЯЛЫҚ КӨТЕРУ)

    (екі не одан да көп адам орындайды, пациенттің көмектесуіне болады)

    Қолдану көрсетілімдері: пациентті кереуеттен көтеру; кереуеттен отырғышқа ауыстыру және керісінше.

    Қарсы көрсетілімдері: пациент отыра алмайды; иық, кеуде, арқаның жоғарғы бөлігі ауырады не зақымдалған.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

    • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

    • Кереуетті өз саныңыздың ортасы тұсына дейін төмен түсіріңіз. Кереует тежегішін бекітіңіз.

    • Пациенттің отыруына көмектесіңіз:

    • бір медбике пациентті сүйемелдейді;

    • басқасы — басының астына көпшік салады (немесе кереуеттің бас жағын көтереді).

    • Кереуіттің екі жағынан түрегеп тұрып:

    • бір-біріне бетімен;

    • кереутке жақын;

    • медбикелер иығы пациент арқасы деңгейінде;

    • аяқтарын алшақ қояды;

    • кереуіттің бас жағына жақын аяқ қимыл бағытына бұрылған;

    • аяқтарды тізелерден бүгіп;

    • арқаны тік ұстап;



    • Пациентке жақын иықты пациент қолтығы астына және пациент кеудесіне тіреп, осы қолдың басы пациенттің саны астына енгізіледі. Пациент өз қолдарын медбикелердің арқасына салады.

    • Егер пациент қолтығы астына иықты тіреу мүмкін болмаса не ол қолдарын медбикелер арқасына қолдарын қоя алмаса, өз қолыңызды пациет иығы мен кеудесі арасына қойыңыз. Осы жақтағы қолды пациент саны астына енгізіңіз.

    • Бір қолымен кереует арқалығына тіреу (шынтақ бүгілген), сан астындағы екінші қолымен көмекшіңіздің білезік тұсын ұстаңыз («қос білезіктен ұстау»).

    • Егер сіз лидер болсаңыз, әріптесіңізді және пациентті үш деп есептегенде көте- ретіңіз. Пациенттің аяғы тұсына орналасқан аяғыңызды жазыңыз және өз денеңіздің салмағын кереует бас жағына жақын екінші аяғыңызға ауыстырып, пациентті сәл көтеріңіз. Тіректі қамтамасыз еткен шынтақты жазыңыз.

    • Пациентті төсек үстіне толық көтеріңіз, оны кішкене қашықтыққа ауыстырыңыз және бас жаққа жақын аяғыңызды және тіреуді қамтамасыз ететін қолыңызды бүгіп қайтадан төсегіне түсіріңіз.

    • Пациентті қажетті қашықтыққа ауыстырыңыз.

    • Пациентке төсекте қажетті қалыпты қамтамасыз етіңіз.


    АҚЖАЙМА КӨМЕГІМЕН

    ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТЕН КӨТЕРУ

    (екі не одан да көп адам орындайды, пациент көмек бере алады)
    Қолдану көрсетілімдері: иықпен көтеруді қолдану мүмкін болмағанда көтеру.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

    • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

    • Кереуетті өз саныңыздың ортасы тұсына дейін төмен түсіріңіз. Кереует тежегішін бекітіңіз.

    • Кереуеттің екі жағынан бір-біріңізге қарсы тұрыңыз (егер пациент толық болса, кереуеттің әр жағынан екі адам тұрады):

    • кереуетке жақын тұрыңыз;

    • медбикелер иығы пациент арқасы деңгейінде;

    • аяқтарын алшақ қояды;

    • кереуеттің бас жағына жақын аяқ қимыл бағытына бұрылған;

    • аяқтарды тізелерден бүгу;

    • арқаны тік ұстау.

    • Ақжайма шетін аз-кем жиырып бүктеңіз (кеуде тұсына дейін бір жағынан, сан астынан — келесі жақтан).

    • Пациентті көтеріңіз.

    • Ақжайманың жоғары ұштарынан ұстаңыз.

    • Ақжайманың төменгі ұштарынан ұстаңыз.

    • Аяқты қимыл бағытына қойып, бірте-бірте пациентті кереуетті тігінен қалыпқа ауыстыру («үш» деп есептегенде — басшы береді).

    • Одан арғы қимылдар пациентті көтеру мақсатына байланысты).


    ПАЦИЕНТТІ КӨТЕРУ, БАС ЖАҒЫНА

    ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ (екі адам орындайды)
    «Австриялык көтеру» пайдаланылады.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды онын түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

    • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

    • Пациентке отыруға көмектесу: бір медбике оны сүйемелдейді, екіншісі басының астына көпшік салады.

    • Пациенттің артынан кереуетке жақын екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы, медбикелер иықтары пациент арқасы деңгейінде болатындай етіп тұрады.

    • Кереует шетіне жаялық салыңыз.

    • Кереуеттің бас жағына бетімен бұрылыңыз.

    • Салынған жаялық үстіне бір тізені кереуетке қарама-қарсы қойып, балтырды мүмкіндігінше пациентке жақындатыңыз. (Еденде тұрған аяқ пациентті көтергенде таяныш болады).

    • «Австриялық көтеруді» қолданыңыз.

    • Сақтықпен пациентті кереует бас жағына қарай аз-кем қашықтыққа жылжытыңыз.

    • Ауыстыруды аяқтаған соң, пациент жайлы қалыпты таңдаған соң, жаялықты алыңыз.



    Кереует бас жағына орнынан ауыстыру


    КЕҢ КЕРЕУЕТТЕ БАС ЖАҒЫНА ПАЦИЕНТТІ ЖЫЛЖЫТУ

    (екі адам орындайды)


    • «Австриялық көтеру» пайдаланылады.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алңыз. Орын ауыстыруға көмектесетін адамды таныстырыңыз.

    • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

    • Пациентке кереует шетіне жылжуға көмектесу: алдымен оның аяқтарын, соңынан жамбасын, кеудесін және басы жылжытыңыз.

    • Пациентке отыруға көмектесіңіз.

    • Медбикенің біреуі кереуеттің босаған бөлігіне, балтырын пациент санының бойы бағытына қойып тізерлеп отырыңыз (алдымен кереуеттің осы жеріне жаялық төсеңіз) (2.21-сурет). Екінші медбике «австриялық көтеру» көтеру қалпында еденде тұрыңыз.

    • Иықты пайдаланып пациент төсек үстіне көтеріледі және бас жаққа қарай аз-кем жылжытыңыз.

    • Пациентті кереует үстінде сәл көтеріп, оны қажетті қашықтыққа біртіндеп ауыстырыңыз. Жаялықты алыңыз.

    • Пациентке жайлы қалыпты жасаңыз.





    Пациентті кең кереуетте бас жағына қарай орнын ауыстыру


    ПАЦИЕНТТІ ТӨСЕЛГЕН ЖАЯЛЫҚ КӨМЕГІМЕН

    КЕРЕУЕТ ШЕТІНЕ ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ

    (екі адам орындайды)
    Мақсатты: ішкиім ауыстыру, басқа орын ауыстырулардың алғашқы сатысы.

    Қолдану көрсетілімдері: омыртқа жотасы жарақаты; омыртқа жота отасы; эпидуральды анестезия.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз. Орын ауыстыруға көмектесетін адамды таныстырыңыз.

    • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

    • Кереует тежегішін бекітіңіз.

    • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіп, тұтқаларды төмен түсіріңіз (егер олар болса).

    • Сіз көмекшіңізге кереуеттің екінші жағынан тұру қажеттігін айтыңыз.

    • Пациенттен басын көтеруді сұрап (егер оның жағдайы болмаса, сақтықпен басын медбике көтереді), жастықты алыңыз. Жастықты кереует бас жағына қойыңыз.

    • Төселген жаялық шетін пациент бағытына қарай, қолыңыз пациент денесіне тигенше шиыршықтап жинаңыз.

    • Өзіңіз алдыңызға, кереуеттің босаған бөлігіне, пациент денесі бойына көпшікті (протектор) қойыңыз.

    • Сіздің көмекшіңіз екі аяғын ені 30 см-дей қашықтықта қойып түрегеп тұрады, бір аяғы алда, тізелері сәл бүгілген.

    • Мүмкіндігінше кереуетке жақын тұру: бір тізе кереуетте жатқан протекторға қойылады, екіншісі еденде орнықты тұрады.




    Пациентті орнынан төселген жаялық көмегімен ауыстыру

    • Алақанды жоғары бағытта ұстап, шиыршықталған жаялықтан ұстаңыз.

    • Іштің, бөксенің және арқа бұлшық еттері қатайтылады. «Үш» деп санаған сәтте пациентті ептеп көтеріңіз және кереует шетіне төселген жаялықты пайдаланып жылжытыңыз.

    • Кереует үстінде жылжытылмай, пациентті жеткілікті мөлшерде төсектен жайлап жұлқымай көтеріп пациенттің орнынан ауыстырыңыз.

    • Көтерген кезде өз салмағыңыз еденде тұрған аяқтан, кереует үстінде тұрған тізеге ауыстырыңыз.

    • Сіздің көмекшіңіз өз салмағын алға созылған аяқтан, артта қалған аяғына ауыстырады.

    • Пациентке басын және мойнын көтеруге көмектесіңіз және басының астына көпшік салыңыз.

    • Төселген жаялық шетін түзетіңіз.

    • Әрі қарай пациентті кереует шетіне ауыстыру себебіне байланысты шараларды орындаңыз.


    КЕҢ КЕРЕУЕТТЕ БАС ЖАҒЫНА ПАЦИЕНТТІ ЖЫЛЖЫТУ

    (екі адам орындайды)



    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз. Орын ауыстыруға көмектесетін адамды таныстырыңыз.

    • Айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Тұтқаларды төмен түсіріп (егер олар болса),

    кереует тежегішін бекітіңіз.

    • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіңіз, пациенттен басын көтеруді сұрап, (егер оның жағдайы болмаса), сақтықпен басын көтеріп, жастығын алыңыз; кереуеттің бас жағына қарай пациентті көтеріңіз, ол үшін:

    • Екі медбике де бірдей екі жағынан тұрып, қолдарын пациент иығы астына, екінші қолдарын — санының астына қояды (әдіс қауіпсіз емес);

    • Немесе бір медбике пациенттің кеудесінің жоғары бөлігі тұсында тұрып, қолын пациенттің мойны мен иығы астына өткізіп, екінші қолымен пациенттің қасында жатқан қолы мен иығынан ұстайды.

    • Екінші медбике пациент кеудесінің төменгі бөлігі тұсында тұрады және қолдарын оның белі мен санының астына жібереді.




    Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнынан ауыстыру

    • Медбике яқтарын ені 30 см-дей қашықтыққа алшақтатып қояды,бір аяқ сәл кері тұрады..

    • Пациенттен аяқ басын төсектен көтермей, аяқтарын тізеден бүгуін сұраңыз.

    • Пациенттен иегін кеудесіне тақауды сұраңыз.

    • Пациент аяқ басымен төсекті итеріп, орнын ауыстыруға көмектесе алатынына көз жеткізіңіз.

    • Білектеріңіз науқас төсегі деңгейіне келетіндей етіп, өз аяқтарыңыз тізеден бүгіңіз.

    • Пациенттен «үш» дегенде, іштен дем шығарып, аяғымен төсектен итеріп, кеудесін көтеріп және кереует бас жағына жылжуды сұраңыз.

    • «Үш» дегенде әуелі сәл теңселіп, дененің салмағын артқы жақта тұрған аяққа ауыстырылады. Осы кезде пациент өкшесімен итеріп, кеудесін көтереді.

    • Пациент басын, иықтарын көтеріп, жастық салынады. Оның ыңғайлы және қажетті қалыпта жатқанына көз жеткізіңіз.


    ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ

    (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады)
    Қолдану көрсетілімдері: пациенттің шарасыздығы.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

    • Айналадағы жәйттерді бағалап, тұтқаларды төмен түсіріп (егер олар болса), кереует тежегішін бекітіңіз.

    • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіңіз. Пациенттен басын көтеруді сұрап, егер оның жағдайы болмаса, сақтықпен басын көтеріп, жастығын алыңыз; басын кереуетке бас жағына қарай түсіріңіз.

    • Медбике яқтарын ені 30 см-дей қашықтыққа алшақтатып, кереует басы жағында тұрған аяқ басын, бас жаққа қарай бұрып қою қажет.

    • Пациенттен тізелерін бүгіп, аяқ басын және алақандарын төмен қаратып матрацка тығыз қоюын сұраңыз.

    • Медбике бір қолын пациент иығы астына, екіншісін — бөксесі астына жіберу керек. Алға қарай еңкеймей, арқаны түзу ұстап аяқтарды тізеден бүгіңіз.

    • Пациенттен алдын ала іштен дем шығарып, «үш» дегенде кереуеттен аяқ басымен, алақандармен итеруін сұраңыз, немесе қолдарымен кереует басынан ұстауын сұраңыз; «үш» дегенде, іштен дем шығарып, медбикеге көмектсіп, өзі жоғары тартылуын сұраңыз.

    • Сәл теңселіп, «үш» деп санағанда дененің салмағын кереует бас жағында тұрған аяққа ауыстырып және пациент орнын сол бағытта ауыстырыңыз.

    • Пациент қажетті жеріне орналасқанша осы қимылдар қайталанады.

    • Арқасын зақымдамау үшін пациент біртіндеп аздап жылжытылады.

    • Пациент басын, иықтарын көтеріп, жастық салыңыз. Оның ыңғайлы және қажетті қалыпта жатқанына көз жеткізіңіз.



    Пациенттің көмегімен бір мейіргер кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру


    ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ

    (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады)
    Қолдану көрсетілімдері: пациенттің шарасыздығы; көмекшінің жоқтығы.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

    • Айналадағы жағдайды бағалау. Кереует бас жағы тым қатты болмауы және қабырғадан әрірек болуы тиіс. Кереуетті тежегішпен бекітіңіз (егер олар болса).

    • Пациенттен (мүмкін болса) көмектесе алатынын сұраңыз.

    • Матрац астынан ақжайма шеттерін суырып шығарыңыз.

    • Жастық алынып қасына қойып, кереует бас жағы төмен түсіріңіз.

    • Пациент көлденең жатқанына көз жеткізіңіз.

    • Медбике аяқтарын ені 30 см-дей қашықтыққа алшақтатылып, бір аяқ алға таман қойылады. Кереует басына қарай еңкеймеу керек.

    • Пациент басы мен иығы тұсындағы ақжайма жиналады. Одан тізесін бүгуді (егер мүмкін болса) және аяқ басын матрацқа тіреуін сұраңыз.

    • Алақанды жоғары қаратып, бас жақтан жиналған ақжайма екі қолмен екі жақтан ұсталады.

    • Өз аяғыңызды тізеден бүгесіз, арқаны түзу ұстаңыз.

    • Орын ауыстырарда пациенттен көмектесуді сұраңыз. Алдымен іштен дем шығарылады, «үш» деп санағанда, денені артқа сәл шалқайтып алып, пациентті кереует басына қарай тартыңыз.

    • Пациент басын, иықтарын көтеріп, жастық салынады, ақжаймасы түзетіледі. Оның ыңғайлы жатқанына көз жеткізіледі.





    Пациентті ақжайма көмегімен кереует бас жағына қарай орнын ауыстыру


    ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ ШЕТ ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ОРНЫН АУЫСТЫРУ

    (бір медбике орындайды)
    Қарсы көрсетілімдері: омыртка жотасы жарақаты; омыртқа жотасына жасалған ота;

    эпидуральды анестезия.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіру, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

    • Айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Тұтқаларды төмен түсіріп (егер олар болса), кереует тежегішін бекітіңіз.

    • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіңіз. Пациенттен басын көтеруді сұраңыз, егер оның жағдайы болмаса, сақтықпен басын көтеріп, жастығын алып, басты кереует бас жағына қарай төмендете түсіріңіз.

    • Орнын ауыстыру шарасы пациенттің аяқ жағынан басталады:

    • пациент аяғы тұсында 45°бұрыш деңгейінде тұрыңыз;

    • аяқтарды 30 см-дей арақашықтыққа қойыңыз;




    Пациентті кереуеттің шет жағына қарай орнын ауыстыру


    • бас жаққа жақын тұрған аяқты сәл кейін қойыңыз;

    • тізелеріңізді, қолдарыңызды пациент аяғы тұсына келгенше бүгіп,

    кері қойылған аяққа салмақты ауыстырыңыз;

    • пациенттің аяқтарын қиғаш (диагональ) бойынша бас жаққа ауыстырыңыз.

    • Тізелерді бүгіп пациент кеудесі деңгейіне жеткенше қолдарды ауыстырыңыз.

    • Қиғаш (диагональ) бойынша пациент жамбасын бас жаққа ауыстырыңыз.

    • Бір қолды пациент мойнының астына жіберіп, иығын сүйемелдеу, екінші қолды арқа астына қойыңыз.

    • Басты, кеуденің жоғарғы бөлігін қиғаш (диагональ) бағытымен бас жаққа жылжытыңыз.

    • Бүйірдегі тұтқаны көтеріп (егер ол болса), кереуеттің екінші жағына шығып, тұтқаны түсіріңіз.

    • Кереуеттің бір жағынан екіншісіне шығып, пациент денесі қажетті биіктікке көтерілгенше аталған шараларды қайталау.

    • Алма кезек дененің жоғарғы бөлігін, жамбасын, аяқтарын жылжытып пациентті төсектің ортасына ауыстырыңыз.

    • Пациент басын, иықтарын көтеріп, жастық салыңыз. Оның ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.


    ПАЦИЕНТТІ «ҚЫРЫМЕН ЖАТҚАН» ҚАЛПЫНАН,

    «АЯҚТАРЫН ТҮСІРІП ТҮРЕГЕП ОТЫРУҒАН» ҚАЛПЫНА АУЫСТЫРУ

    (бір медбике орындайды)
    Қолдану көрсетілімдері: Функциональды кереуетте, сол сияқты қарапайым

    кереуетте де орындалады. Мәжбүрлі және пассивті қалыптарда.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

    • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Кереует тежегішін бекітіңіз.

    • . Медбике тұрған жақ қапталындағы тұтқаны түсіріңіз (егер ол болса).

    • 2-27 сурет.

    • Пациентке қарсы тұру: сол қолды иықтарының астына қойыңыз.оң қолды тізелерді құшақтай тақым астына жіберіңіз. Аяқтарды тізеден бүгіп, еңкеймеңіз.

    • Пациентті көтеріп, оның аяқтарын төмен түсіріп және осы кезде денесін төсекте көлденең қалыпта 900 С-қа бұрыңыз.

    • Пациентті бір қолмен иықтан, екінші қолмен денені сүйемелдеп отырғызыңыз.

    • Пациенттің сенімді және орнықты отырғанына көз жеткізіңіз. Арқасына тірек қойыңыз.

    • Егер аяғы жерге тиетін болса, пациент аяғына жеңіл аяқ киім кигізіңіз немесе егер тимесе аяғы астына кішкене отырғыш қойыңыз.


    ПАЦИЕНТТІ ҚЫРЫМЕН ЖАТҚАН ҚАЛПЫНАН,

    АЯҚТАРЫН ТҮСІРІП ТҮРЕГЕП ОТЫРУ ҚАЛПЫНА АУЫСТЫРУ

    (бір медбике орындайды)

    ПАЦИЕНТТІ «орындықта отырған»қалыптан «кереуетке жатқан қалыпқа» ауыстыру

    (бір медбике орындайды)
    Егер пациент орнын ауыстыруға қатыса алса және басы мен қолдары қалпын бақылай алса; пациентті отырғыштан кресло- каталкаға немесе басқа отырғышқа 90° бұрышпен орнын ауыстыру қажеттігі болғанда қолданылады.

    • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

    • Айналадағы жағдайды бағалаңыз. Екі отырғышты қатар қойып, тежегіштерін бекітіңіз, отырғыштардың (креслоның) бүйіріндегі жақтауын алыңыз.

    • Пациентке қарап /бетін бері бұрып/ тұрыңыз.

    • Аяқтарды иық еніндей етіп қойып, бір аяқтың басымен пациент аяғын, екіншісімен – отырғыш аяғын тіреңіз.

    • Пациенттен иығы медбике кеудесіне жеткенше алға еңкеюі сұраңыз.

    • Аяқты алға қойып, пациентті екі жаққа теңселтіп, отырғыш шетіне ауыстырыңыз. Пациент тізесі 90 °С бұрыш деңгейінде, тізелері мен аяқ бастары бірге.

    • Бір аяқты пациентпен қатар қою, екіншісімен оның тізесін тіреңіз.

    • Өз денесінің салмағын алға-артқа ауыстырып, пациентті өзіңмен бірге ұстап, біртіндеп теңселту.

    • Пациентті «үш» деп санағанда сіз теңселту арқылы орнын оның тұруына көмектесетініңізді ескертіңіз.

    • Пациентті 90 °С бұрыш бағытында көтеріп, басқа креслоға (отырғышқа) орнын ауыстырыңыз.




    написать администратору сайта