Главная страница
Навигация по странице:

  • Стафилококктар 1897 ж Л.Пастер тапқан. 1882 ж А.Огстон, 1889 ж Ф.Розенбах зерттеген.Морфологиясы

  • Стафилококктардың патогенді ферменттері

  • Стафилококктың сезімталдығы

  • Инфекция көзі

  • Арнайы алдын алу: Стафилококк анатоксинін, стафилококқа қарсы иммуноглобулинді қолдану.Емдеуі

  • Стафилококкты микробиологиялық зерттеу Мақсаты

  • Негізгі зерттеу әдістері: 1.Микроскопиялық2.Микробиологиялық3.БиологиялықЗерттеу жолы

  • I-Плазмокоагуляция реакциясы.

  • II -Гемолитикалық қасиетін анықтау 5% қанды агарға егеді. Стафилококк-гемолиз зонасын түзу керек.III-ДНК-заны анықтау

  • IV.Анаэробты жағдайы маннитті ыдырату.

  • Культуралдық қасиеттері.

  • Стрептококктардың төзімділігі.

  • Жануарлардың сезімталдығы.

  • Иммунитеті: 1.Антитоксиндік2.АнтибактериалдықАлдын алуы.

  • Патогенді кокктар Кокктар


    Скачать 28.71 Kb.
    НазваниеПатогенді кокктар Кокктар
    Дата21.09.2022
    Размер28.71 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаÏàòîãåíä³ êîêêòàð Êîêêòàð.docx
    ТипДокументы
    #688276

    Тақырыбы: Патогенді кокктар
    Кокктар- микроорганизмдердің үлкен тобын құрайды, олар патогенді,

    патогенді емес және шартты патогенді болып бөлінеді.

    Берги классификациясы бойынша патогенді кокктардың 3 топқа бөлінеді:

    1.Микрококктар

    2.Стрептококктар

    3.Нейсериялар

    1.Тұқымдастығы:Микрококктар

    Туыстығы:Стафилококктар

    Түрі:Стафилококктар

    2.Тұқымдастығы:Стрептококктар

    Туыстығы:Стафилококктар

    Түрі:Стрептококктар және Пневмококктар

    3.Тұқымдастығы:Нейсериялар

    Туыстығы:Нейсерия

    Түрі:Менигококктар және гонококктар

    Барлығына тән қасиет- іріңді қабыну процесін тудырады, оларды іріңтудырушылар

    /пиогенділер/ деп атайды. Олар қозғалмайды, сеппе (спора) түзбейді. Пневмококктар капсула түзеді. Тинкториалды қасиеттері бойынша:

    Грам+ стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар

    Грам- менигококктар, гонококктар

    Қоректік орталары мен биохимиялық қасиеттеріне қарай бір-бірінен айырмашылықтары бар. Мысалы: Стафилококктар қоректік ортаға онша талғампаз емес, ал биохимиялық қасиеті белсенді. Гонококктар керісінше, қоректік ортаны талғайды, биохимиялық қасиетінің белсенділігі төмен.

    Стафилококктар
    1897 ж Л.Пастер тапқан. 1882 ж А.Огстон, 1889 ж Ф.Розенбах зерттеген.

    Морфологиясы.

    Стафилококк-грек сөзінен аударғанда-staphyle-жүзім деген мағынаны береді, шар тәрізді (0,5-1,5мкм).Көбейе келе жүзім тәрізді болып шоғырланады. Кейде іріңде бір-бірден де орналасуы мүмкін. Қозғалмайды, сеппе түзбейді, Грам + боялады, кейде микрокапсула түзуі мүмкін.

    Дақылдануы.

    Стафилококктар- факультативті анаэробтар.Жай қоректік орталарда, қан қосқан ортада да өсе береді. t-37С рН-7,2-7,4

    Элективті ортасы:ЖСА және тұзды агар. ЕПА-да стафилококктар дөңес, мөлдір емес, жылтыр, дөнгелек келген көлемі 2-4 мм шеттері тегіс колониялар түзеді.Олар ақ, лимон-сары, алтын тәрізді жылтыр пигменттер түзеді.Шашыранды сәуледе, бөлме t-да, сүт қосылған агарда пигмент жақсы түзіледі.Стафилококк пигменті суда ерімейді, ацетон, эфир, спиртте ериді.

    Ферментативтік қасиеті:

    Стафилококктар сахаролитикалық және протеолитикалық ферменттерді бөледі. Сахаролитикалық ферменттер көптеген көмірсуларын ыдыратады.Олар: лактоза,глюкоза,сахароза,мальтоза және глицеринді қышқылға дейін ыдыратады.

    Протеолитикалық қасиеті: сүтті ұйытады, желатинді сұйылтады (өте жай), басқа да ақуыздарды ыдыратады.

    Стафилококктардың патогенді ферменттері:

    Коагулаза (қан плазмасын ұйытады)

    Лецитиназа (клетка қабығындағы лецитинді ерітеді)

    Фибринолизин (фибринді ерітеді)

    ДНК аза (ДНК-ны деполимеризациялайды)

    Фосфатаза-

    Гиалуронидаза- ( тарату факторы)

    Стафилококк-экзотоксин түзеді.

    Ол токсиннің:

    гемолитикалық ( эритроциттерді гемолиздеу)

    дермонекроздық ( некроз тудырады- тері ішіне жібергенде жансыздану)

    летальдық-жануарлардын жансыздануы ( тамырға микробын жібергенде)

    Сондай-ақ:

    а) лейкоцидин- лейкоциттерді жояды

    б) энтеротоксин-астан улану тудырады

    в) эксфолиатиндер-жаңа туған балалардын эпидермисінің сылынып түсуі

    Антигендік құрылысы:

    1.Протеиндік А-антигені бар

    2.Полисахаридтік А,Б,С антигендері бар

    Стафилококктар-бактериоциндер бөліп шығарады ( стафилоциндер)- өз туысына антагонист болады.

    Патогенді стафилококктың 40 фаговары бар ( сондықтан фаготипирлеу жүргізіледі).

    Классификациясы: St-аureus St-epid St-sap

    Плазмокоагуляция + - -

    ДНК аза + - -

    Фосфатаза + + -

    Гемолиз + - -

    Маннит + - -

    Новобиоцин - - +

    Стафилококктың сезімталдығы

    Стафилококктың қоршаған ортада төзімді, оларды ауадан, топырақтан, судан, тағамдардан, қоршаған жиһаздардан табуға болады.100 0С-та тез жансыздалады, 700 С-10-15 мин кейін төмен t 0-ға төзімді. Мұздатылған күйінде бірнеше жыл сақталады . Кептірілген күйінде де жақсы сақталады. Күннің тіке түскен сәулесі бірнеше сағаттан кейін әсер етеді, дезинфекциялық ерітінділер 15-20 мин кейін өлтіреді. Бриллиант жасылға-сезімтал. Стафилококқа- ірі және ұсақ қара малдар, жылқы, шошқа, тауықтар сезімтал. Лабораториялық жануарлардан- қояндар, ақ тышқандар, мысықтар сезімтал.

    Инфекция көзі: ауру адам және микробтасымалдаушы

    Тарау жолы:

    1.тұрмыстық-қатынас

    2.ауа тамшысы

    3.ауа шаңы

    4.тағамдар арқылы

    Аурулары:

    120 дан астам ауру түрі бар:пиодермия, шиқан, сыздауық, панариций, абсцесстер, ангина, цистит, холецистит, мастит, сепсис, астан улану ( токсикоинфекция) т.б.

    патогенезі:

    Стафилококктар тері және клегейлі қабат арқылы организмге енеді. Адам патологиясында S.aureus –тің ролі зор. Көбінде тері зақымдалады және тері асты клетчаткасы. Олар пиодермиттер, шиқан, сыздауық, панарицийлер.Акушерлік тәжірибеде-жаңа туған нәрестелер сезімтал. Астан улануда- кұсу, іш өту, бас ауру симптомдары болады. Иммунитеті:

    Адамда бұл микробқа қарсы табиғи резистенттік қалыптасқан. Ол механикалық факторлармен, фагоцитозбен және антиденелермен байланысты. Иммунитеттің негізгі факторы-антитоксиннің түзілуі ( ауру пайда болған кезде) Жүре пайда болған иммунитет-тұрақты емес.

    Алдын- алуы:

    Санитарлық гигиеналық жағдайды жақсарту, микробтасымалдаушы мен ауруларды дер кезінде анықтау, ауруханалардағы санитарлық-гигиеналық жұмыс режимын жақсарту.

    Арнайы алдын алу:

    Стафилококк анатоксинін, стафилококқа қарсы иммуноглобулинді қолдану.

    Емдеуі:

    Антибактериялы-препараттар, поливалентті.бактериофагын пайдалану

    Созылмалы түрінде-аутовакцинаны қолдану қажет.

    Стафилококкты микробиологиялық зерттеу

    Мақсаты: стафилококктарды бояу және идентификациялау

    Материалдары:

    1.Ірің (фурункул, карбункул, абсцесс)

    2.Кілегей-таңдайдан(баспа-ангина)

    3.Қақырық-(пневмония)

    4.Несеп-(пиелит, цистит)

    5.Өт солі-(холецистит)

    6.Қан-(сепсис)

    7.Құсық, асказан жуындысы, тағамдар-( астан улану)

    8.Мұрын қуысынан кілегей ( микробтасымалдаушылық)

    Негізгі зерттеу әдістері:

    1.Микроскопиялық

    2.Микробиологиялық

    3.Биологиялық

    Зерттеу жолы:

    I- күн

    1) Ірің:

    а)ЖСА және 3%-5 % қанды агарға егу

    ә)жағынды әзірлеу, Грам әдісімен бояу, микроскопиялау

    2) Кілегей: а)ЖСА және қанды агарға егу

    3) Несеп:

    а) центрифугадан өткізу, тұнбасын ЖСА мен қанды агарға егу

    ә) жағынды әзірлеу, Грам әдісімен бояу, микроскопиялау

    4)Қақырық: а) ЖСА мен қанды агарға егу

    5)Өт солі а) ЖСА мен қанды агарға егу

    6)Құсық, тағамдар: а) Алдымен бірқалыпты масса жасап алады (изотониялық ерітіндімен ыдысқа салып эмульгация жасау керек) 1-2 мл эмульсияны ЖСА-ға егеді

    7)Қан: а) Қантты сорпаға егеді: барлық егінділерді термостатқа 37 0С 24 сағатқа қояды. Егер микроскопияның нәтижесінде препараттан стафилококкты көрсе, алдын ала

    стафилококк табылды деп жауап беруге болады.
    II- күн
    Термостаттан сұйық және тығыз қоректік орталарды алып зерттейді.

    ЖСА-дағы стафилококқа ұқсас күмәнді колониялардан қиғаш агарға егеді. Табақшаларды, бөлме t 0-да қалдыру қажет, өйткені стафилококктар пигмент түзетін микробтар.

    Қанды агардағы колониялардан гемолиз байқалса, оларды да қиғаш агарға егу керек.

    Қантты сорпаға егілген қанды термостатқа 10 тәулік ұстайды, 2-3 күн сайын тексеріп тұру және қанды агар мен ЖСА-ға егіп тұру қажет.
    III- күн
    Термостаттан өсінділерді алады(пробиркаларды). Қиғаш агарда өскен микроб өсіндісінен жағынды әзірлейді, Грам әдісімен бояйды.Микроскопиялайды.

    Грам+ стафилококктар табылса:

    1.плазмокоагуляция реакциясын қояды

    2.гемолитикалық қасиетін зерттейді

    3.ДНК-азаны анықтайды

    4.Манниттің ыдырауын анаэробты жағдайды анықтайды

    5.Новобиоцинге сезімталдығын анықтайды

    I-Плазмокоагуляция реакциясы.
    Қоянның қанынан алынған цитратты плазманы изотониялық ерітіндіде 1:4 дәрежесінде ерітіп, 2 пробиркаға 0,3-0,5 мл көлемінде құяды.

    1- пробиркаға-зерттелген дақылды егеді

    2- пробирка-бақылау

    Термостатқа 370 С қойылады. 2-3 сағатттан кейін (кейде ұзақ тұруы мүмкін) реакцияны оқиды. Егер коагулаза ферменті болса 1 пробиркадағы плазма ұйып қалады, ал бақылау пробиркасындағы плазма сұйық күйінде қалады. Бұл стафилококк болғаны.
    II -Гемолитикалық қасиетін анықтау

    5% қанды агарға егеді. Стафилококк-гемолиз зонасын түзу керек.

    III-ДНК-заны анықтау
    Құрамында ДНК бар ортаға-зерттелетін дақылды егеді. Термостатқа қояды. 18-20 сағ кейін өскен колонияларға 5-7 мл HCI хлорлы сүтек қышқылын құяды.Егер ДНК-қышқылмен реакцияға түссе, ортаға лайланады.Егер дақыл ДНК-аза ферментін түзетін болса, ол ДНК-ны деполимеризациялап, ортаны лайланады.

    IV.Анаэробты жағдайы маннитті ыдырату. Маннит қосылған қоймалжын агарға зерттелетін дақылды егеді. Қоректік ортаның бетіне вазелин майын құйып, термостқа қояды. Егер оң реакция болса-маннит ыдырап, ортанын түсі өзгереді (өйткені индикатор қосылған).Осы қасиеттердің барлығы St aureus , яғни патогенді стафилококқа тән қасиеттер.

    Фаготипирлеу методикасы

    1,5% ЕПА- ның 20 мл ден Петри табақшасына құяды, салқындағаннан кейін термостқа 30-40 минутқа қойып кептіреді.Агардың бетіне 1 мл 4-6 сағаттық дақылды егіп, термостатқа кептіруге қояды. Алдын ала табақшаны секторларға бөлу керек. Секторлардың саны қолданылатын фагтардың санына тең болуы қажет. Әрбір квадратқа немесе секторға бір фагтан тамызып, термостқа қояды 370 С. 6-7 сағаттан кейін нәтижесін оқиды. Бұл реакцияға фагтардың бөлшектенген тесттері қолданылады.Фагтын бөлшектенген тесттісі- стафилококк штамын ерітетін фагтың ең жоғарғы (максимальды) бөлшегі.

    Қоректік орталары
    1.Жұмыртқаның сары уызы қосылған агар (Чистович агары)

    2.Қанды агар

    3.Тұзды сорпа, тұзды агар ЕПА+8-10% NaCI

    ЕПС+8-10% NaCI
    Стрептококктар
    Е алғаш тапқан оқымыстылар: Бильрот 1874 ,Пастер 1879. Стрептококктар екіге бөлінеді:

    St. pyogenes ( гемолитикалық)

    St. pneumonia (пневмококк)

    Гемолитикалық стрептококктар.

    Морфологиясы. Шар тәрізді, микробтың көлемі 0,6-1 мкм, полиморфты, спора түзбейді, қозғалмайды, кейде нәзік капсула түзуі мүмкін. Грамм оң боялады. Жағынды препаратта тізбектеліп моншақтап орналасады.

    Культуралдық қасиеттері. Факультативті анаэробтар. Өсу температурасы 37 С, рН ортасы 7,6-7,8 (оптималды). Қан және қанның сарысуы қосылған ортада жақсы өседі. Тығыз ортада ұсақ, беті тегіс, лайлы, сұр түсті колониялар түзеді. Қант қосылған сорпада ұсақ, түйіршікті тұнба түзеді, сорпа мөлдір болады. Қанды агарда-гемолиз түзеді. Гемолиз-эритроциттің еріп кетуі,ыдырауы.

    Токсин түзуі. Экзотоксиндер түзеді.

    1.Стрептолизин-эритроциттерді ыдыратады.

    2.Лейкоцидин- лейкоциттерді ыдыратады

    3.Эритрогендік (скарлатиналық токсин) интоксикация тудырады

    4.Цитотоксиндер- гломерулонефрит тудырады (бүйрек шумақтарының қабынуы)

    Антигендік құрылысы. Стрептококктарда көптеген антигендер табылған.

    1.Түрлік антиген-барлық стрептококктарға тән антиген, цитоплазмада болады, құрамы-нуклеопротеидті.

    2.Топтық антиген-жасуша қабырғасының сыртында болады, құрамы-полисахаридті, бұл антиген бірнеше топқа бөлінеді. Оларды латын әрпімен белгілейміз:А В С D.....

    3.Типтік антиген (серологиялық типтер)

    А тобын-70 стрептококктардың типтері құрайды. Олар әртүрлі ауру тудырады.

    В тобын-шартты патогенді стрептококктар құрайды.

    С тобын –адам мен жануарларға тән патогенді стрептококктар жатады.

    D тобын-патогенді емес стрептококктар құрайды. Бұған энтерококктар жатады. Бөлінген дақылдардың осы аталған серологиялық топтың біреуіне жататынын преципитация реакциясы арқылы анықтайды. Ал серологиялық типтерді анықтау үшін агглютинация реакциясы жүргізіледі.

    Стрептококктардың төзімділігі. Стрептококктар қоректік ортада төзімді. 60 температурада 50 минуттан кейін жансызданады. Кепкен іріңмен қақырықта айлар бойы сақталады. Зарарсыздандыратын ерітіндіде 15-20 минуттан кейін жойылады, ал энтерококктар басқа стрептококктарға қарағанда төзімдірек. Оларды зарарсыздандыратын ерітінділер 50-60 мин кейін жоя алады.

    Жануарлардың сезімталдығы. Бұл микробқа ірі және ұсапқ малдар, жылқылар, иттер, құстар сезімтал. Лабораториялық жануарлардан-қоян, ақ тышқандар.

    Инфекция көзі-ауру адам мен микробтасымалдаушылар, сирек ауру жануарлармен ластанған тағамдар.

    Тарау жолдары.

    1.Ауа тамшысы

    2.Ауа шаңы

    3.Тағам арқылы

    4.Тұрмыстық қатынас

    Ауру қай кезде пайда болады.

    1.Экзогенді жұққанда-сырттан жұқтырады.

    2.Микроб эндогенді жұққанда-шартты патогенді стрептококктар-мұрын, таңдай, жыныс жолдарының кілегейлі қабатын мекендегенде.

    3.Аутоинфекцияда-иммунитеттің төмендеуінен пайда болады (аштық кезінде, тоңу, шаршау т.б.)

    4.Микроб қанға енгенде-сепсис ауруы (қанның ұлануы)

    Аурулары:

    1.Іріңді инфекция (флегмона, абсцесс, жарақат инфекциясы)

    2.Іріңсіз инфекция: 1) жоғары тыныс жолдарының қабынуы

    2) тілме қабынуы (рожа)

    3) скарлатина

    4) ревматизм

    3.Қосылған немесе екіншілік инфекция-тұмау, қызылша, көкжөтел (стрептококк қосылып әлсіретеді).

    Иммунитеті:

    1.Антитоксиндік

    2.Антибактериалдық

    Алдын алуы. Санитарлық-гигиеналық шаралар, ағзаны шынықтыру.

    Емдеуі. Антибиотиктер-пенициллин, тетрациклин.


    Микробиологиялық зерттеу
    Мақсаты: стрептококктарды бөлу және патогендігін анықтау.

    Негізгі зерттеу әдістері:

    1.Микроскопиялық

    2.Микробиологиялық

    3.Серологиялық

    1 күн
    Кілегей, ірің,несеп,теріден жағынды,5 % қанды агарға егеді. Термостатқа 37 С, 24 сағатқа қояды. Несепті центрифугадан өткізіп, тұнбасынан жағынды препарат әзірлеп, грамм әдісімен бояп, микроскопиялайды.

    2 күн
    Табақшаларды алып өскен колонияларды сипаттап күмәнді деген колониялардан жағынды әзірлеп, Грамм әдісімен бояп, микроскопиялайды.Стрептококктар табылса, колонияның бір бөлігін:

    1.Қанды сорпаға

    2.Сары сулы агарға қиғаш таза дақыл бөліп алу үшін

    Сорпадағы 5-6 сағаттық дақылды немесе таза дақылды 0,25 % глюкозасы бар Мартен сорпасына Ленсфилд әдісі бойынша преципитация реакциясына қою үшін егеді. Пробиркалар мен флаконда термостатқа қояды.
    3 күн

    Термостаттағы қиғаш агарды алып, таза дақылдан тағы да жағынды әзірлеп Грамм әдісімен бояп, микроскопиялайды.

    Таза дақылды Гисса қатарына (глюкоза, лактоза, сахароза, мальтоза ) ,сүтті, желатин, 40 өт, егеді және термостатқа қояды.

    2.Мартен сорпасында (қант сорпасы) өсу байқалса, Ленсфильд преципитация реакциясын қойып серологиялық топты анықтайды.

    4 күн

    Табақшаларда күмәнді колониялар болса, оларды қанды агарға егіп таза дақыл бөліп алып, әрі қарай жалпы кесте бойынша зерттеледі.Егер табақшалардан микроб өспесе,онда флакондардың (қан егілген) термостатта 1,5-2 ай бойы қойып 2 күнде 1 қанды агарды егіп тұрады.

    Ленсфильд преципитация реакциясын қою.
    Мартен сорпасында өскен тәулік дақылды центрифужды пробиркілерге құйып, 3000 айналым/мин 10-15 минут центрифугалайды. Тұнба үстіндегі сұйықтықты зарарсыздандыратын ерітіндіге төгеді, ал тұнбаға залалсыз натрий хлорид ерітіндісін құйып, центрифугалайды. Бүкіл центрифужды пробиркілерден алынған тұнбаға 0,4 мл 0,2% НCI қосады. Содан соң пробирканы су моншасына салып, қайта-қайта араластырып ,15 минут қайнатады. Қайнатқаннан кейін тұнбаны қайтадан центрифугалайды.


    написать администратору сайта