Главная страница
Навигация по странице:

  • Жүкті әйелдің универсалды патронажын

  • Босануға дейінгі патронажды

  • Босануға дейінгі патронаждың мақсаты

  • Босанғаннан кейінгі патронаж

  • Патронаж жасау. Патронаж жасау Патронаж


    Скачать 14.75 Kb.
    НазваниеПатронаж жасау Патронаж
    Дата10.04.2021
    Размер14.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПатронаж жасау.docx
    ТипДокументы
    #193183

    Патронаж жасау
    Патронаж – медицина қызметкерінің үй жағдайында сауықтыру алдын – алу шараларын жүргізу. Жеке бас гигиенасын сақтауды енгізу және тұрмысына санитарлық – гигеналық жағдайды жақсарту.

    Патронаж универсалды (жоспарлы) және прогрессивті (қосымша) модельде жасалады.

    Жүкті әйелдің универсалды патронажын – жүкті әйел есепке алынғаннан кейін (12 аптаға дейін) және жүктіліктің 32 аптасында акушерка немесе мейірбике екі рет жасайды.

    Жүкті әйел белгіленген уақыттан үш күн ішінде дәрігер тексеруіне келмегенде немесе жүктілік асқынуының даму қаупі бар әйелдерге прогрессивті модельдегі патронаж жүргізіледі.

    Акушерка немесе мейірбике тонометр мен стетоскоп алып жүреді. Яғни үй жағдайында жатырішілік ұрықтың жүрек соғысын тыңдап, қан қысымын өлшеп, жалпы жағдайын біліп, дәрігер тексеруіне шақырады. Сонымен қатар жүкті әйел стационарлық емнен бас тартқанда, дәрігер үйде ем тағайындаған жағдайда, оның орындалуын қадағалап отырады.

    Медицина қызметкері патронаж кезінде тамақтану, демалу, жеке бас гигиенасы туралы кеңестер береді.

    Туу көрсетіші жоғары болса, көп босанушы әйелдер басым аймаққа арнайы патронаж акушеркасы бөлінеді.

    Босануға дейінгі патронажды – балалар кеңесінің мейірбикесі де әйелдер кеңесінен түскен ақпарат бойынша жүргізіледі. Бірінші рет ақпарат алынғаннан кейін он күн ішінде екіншісі 31-32 аптасында жүргізіледі.

    Босануға дейінгі патронаждың мақсаты:

    • Балалар кеңесі мен болашақ ана арасындығы байланысты орнату.

    • Туылатын сәбидің болашақта қандай тұрмыс жағдайында өсетінін анықтау

    • Жанұяның әлеуметтік жағдайы мен үйдің гигиеналық жағдайын бағалау.

    • Болашақ ананың денсаулық жадайын білу, оған еңбек демалыс, тамақтану баланың сібидің бұрышын дайындауда кеңестер беру.

    • Сәбиді тамақтандыру оны күту ережелерін үйрету, жас ана мектебіне қосылуын қадағалау.

    • Жанұядағы әлеуметтік тұрмыстық қиындықтарда мейірбике әйелді заңгердің кеңесіне жолдау.

    Босанғаннан кейінгі патронаж – босанған әйел жаңа туған сәбиді медициналық тұрғыда жүйелі бақылау болып табылады. Бұл патронаж босану күннен шыққан соң алғашқы 2-3 күннің ішінде, егер босану асқынып өтсе – дәрігер, ал егер босану қалыпты өтсе – акушерка немесе мейірбике жүргізеді. Босанғаннан кейін патронаждың мақсаты үй жағдайында сауықтыру мен алдын – алу шараларын жүргізу, жеке бас гигиенасы ережелерін үйрету, тұрмыстық санитарлық – гигиеналық жағдайды жақсарту.


    написать администратору сайта