Пікір үлгі. Павлодар облысыны білім беру басармасы, Екібастз аласы білім беру бліміні Абай нанбаев атындаы 2 жалпы орта білім беру мектебі кммні бастауыш сынып малімі Утеубекова Алмагуль Жылкайдаровнаа пікір
Скачать 13.08 Kb.
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Утеубекова Алмагуль Жылкайдаровнаға ПІКІР Утеубекова Алмагуль Жылкайдаровнаның білімі-жоғары. Педагогикалық өтілі -21 жыл, бірінші санатты. Алмагуль Жылкайдаровна –білікті ұстаз, шығармашыл тұлға. Сабақтарында білім алушылардың жеке ерекшеліктері негізінде оқыту процесі мен оқушыларды дамытудың жеке траекториясын жобалайды. МЖӘ тәжірибені зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, оқыту процесінің мазмұнын жоспарлайды. Сабақ барысында қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын басқарады. МЖӘ авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың интеграцияланған процесін жүзеге асырады. Оқушылардың қабілеттерінің дамуы мен дамуын бағалайды және қадағалайды. 2023 жылдың 20 желтоқсан күні 1 Ә сыныбында дүниетану пәнінен «Жыл мезгілдері»деген тақырыбында өткізілген сабақ жоспары сауатты, сапалы құрастырылған. Мұғалім сабақта оқытудың нақты мақсаттарын айқындап, білім алушыларға оларды бағалау өлшемдерін ұсынды. Оқушылардың оқуға ынтасын жақсы біледі. Педагог білім алушыларды сабақ мақсаттарын және күтілетін нәтижелерді қоюға тартады. Оқушылардың жеке жұмыстары ойластырылған. Сабақтың міндеттерінде оқу бағдарламалары мен сабаққа байланысты тапсырмалар көрсетілген. Сабақтың міндеттерінде оқу бағдарламалары мен сабаққа байланысты тапсырмалар көрсетілген. Сабақ барысында жағдайларға байланысты тиімді өзгертулер енгізе алады. Сабақтың кезеңдері толық ойластырылған. Оқушылардың оқу қабілеті, белсенділіктері жоғары. Қойылған сұрақтары оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту бағытында. Үнемі әділ бағалау, мониторинг жүргізеді. Оқушылар шешім қабылдауға тартылады; өздерінің оқудағы жекелей қажеттіліктеріне байланысты тапсырмаларды таңдап, оларды топтастыруға мүмкіндіктері бар. Оқушылар өзінің және өзгелердің оқуындағы олқылықтарды анықтауға мүмкіндік алды. Оқушылардың білімдерін бағалау критерийларын нақты біледі. Бағалау сабақ бойы жүргізіледі. Оқушылар АКТ-ны сабақта қосымша білім алу үшін өз бетінше пайдаланады. Уақытты тиімді пайдаланады. Оқушыларды өздігінен білім алуға ынталандырады, жұмылдырады. Оқушылар өзара, өзін-өзі бағалауға қатысады. Алмагуль Жылкайдаровна - өз ісін жетік білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәжірибелі ұстаз. Ұсынылған педагог-сарапшы біліктілік санатына лайықты Павлодар облысы білім беру басқармасының«Екібастұз қаласының білім беру бөлімі» ММ әдіскері: Амерканова Г.А. |