Павлодар педагогикалы университеті Жаратылыстану жоары мектебі
Скачать 80.41 Kb.
|
Павлодар педагогикалық университеті Жаратылыстану жоғары мектебі Дәріс 1 Құрастырушы: аға оқытушы: Жунусова Р.А. Пән: Элементарлық математика Павлодар, 2022 ЖИЫН ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЛДАНАТЫН АМАЛДАР Жиын деп белгілі бір объектінің белгілі қасиеттеріне байланысты топтастырылуы. Жиынның құрамындағы жеке объектілер оның элементтері деп аталады. X жиынының элементі екенін көрсету үшін, xX белгісі қолданылады. Ал x X белгісі (жазбасы) x элементі X жиынына тиісті емес екенін көрсетеді. А жиыны В жиынының ішкі жиыны деп аталады, егер, А жиынының кез – келген элементі В жиында жатса. Бұл факт арқылы белгіленеді. (кейде, бұл жиындар әртүрлі екені нақты белгілі болса, онда: АВ деп белгіленеді). Бір де бір элементі жоқ жиын құр (бос) жиын деп аталады. Оны деп белгілейміз. Жиындарғы қолданылатын амалдар және қасиеттері. Жиындарға элементар алгебрадағы қосу, көбейту сияқты амалдарды қолдануға болады. Жиындарға қолданылатын амалдарды графикалық бейнеде кескіндеу үшін Эйлера-Венн деп аталатын диаграмманы қолданамыз. X және Y жиындарының бірігуі (кейде қосындысы) деп, X, Y жиындарының тым болмаса біреуінде жататын элементтер жиыны. X және Y жиындарының айырмасы деп, X жиынына тиісті ал, Y жиынына тиісті емес элементтердің жиынын айтамыз X және Y жиындары қиылыспайтын деп аталады, егер оларда ортақ элемент болмаса, яғни, егер XY = . X және Y жиындарының симметриялы айырмасы деп, жиындардың біреуіне тиісті ал екіншісіне тиісті емес элементтердің жиынын айтамыз A,B,C, X, Y, Z кез – келген жиындар болсын.
|