логопедия. Павлодар Педагогикалы Университеті Педагогика жоары мектебі Баяндама
Скачать 14.63 Kb.
|
Павлодар Педагогикалық Университеті Педагогика жоғары мектебі Баяндама Негізгі логоритмиканың ерекшеліктері Тексерген: Курманалинова Р. Павлодар, 2020 Жоспар 1.Логопедиялық ритмиканы логопедиялық түзетудің бір бөлімі ретінде 2.Логоритмика бойынша тәрбиелеу 3.Логоритмиканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері Логопедиялық ритмика логопедия мен дефектологияның жалпы әдістемелік негізінен шығады және оның бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол сөйлеу патологиясы синдромында психомоторлы ққызметтер бұзылысының, дамуының, тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Логопедиялық ритмиканы логопедиялық түзетудің бір бөлімі ретінде ерекше маңыздылықты анықтайтын маңызды міндет сөйлеу патологиясы бар балаларда сөйлеу бұзылыстарын қайта тәрбиелеу мен жою, сөйлеуді тәрбиелеу негізі ретінде қозғалыстық қабілеттерін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Логопедиялық сабақтардың ұйымдастырылуының барлық түрлерінде тәрбиелеуші, логопед және музыка жетекшісінің назары баланың жан-жақты дамуына, қимылдық және сенсорлы сферада сөйлеулік емес бұзылыстарыды жою мен қайта тәрбиелеуге, сөйлеуді дамыту немесе қалпына келтіруге, өз қызметінің шығармашылыққа ұмтылуын көрсету қабілеттілігіне бағытталады. Логопедиялық ритмика сол не басқа бұзылыстардың болуы кезінде оларды дамыту, сөйлеу патологиясы бар балалардың әртүрлі функционалды жүйелерін зерттеу жолымен алынатын жаңа білімдермен байытылып, дамуда. Сәйкесінше, логопедиялық ритмика адамның қимылдық жүйелерінің дамуы мен бұзылысы заңдылықтарын, олардың сөйлеу-есту және сөйлеуқимылдық жүйелері бұзылыстары мен дамуымен байланысын зерттей отыра, сөйлеу ақауы бар балалармен барлық түзетуші-тәрбилеуші және қалпына келтіруші жұмыстардың жетілуіне әсер етеді. Сөзбен және музыкамен бірге қимылды дамыту бүтін тәрбиелеуші-түзетуші кешенді құрайды. Балаларды логоритмикалық тәрбилеу адамгершіл тәрбиелеумен, моралды сезімдер мен түсініктердің қалыптасуымен, моралды-ерікті қасиеттерінің дамуымен байланысты: тілектес пен өзара көмектесу, мақсатқа ұмтылушылық, балаларда эстетикалық сезім байлығын қалыптастырады. Логоритмикалық тәрбиелеуде екі негізгі бөлімді ажыратуға болады. Біріншісі – сөйлеу атологиясы бар балаларда сөйлеулік емес үрдістерді дамыту, тәрбиелеу мен түзету, соның ішінде: есту назарын, есту есін, оптика-кеңістіктік ұғымын, қимыл координациясын, қозғалыста темп және ырғақ сезімдерін, тұлғаны, мінезді тәрбилеу мен қайта тәрбилеу. Екіншісі –сөйлеу бұзылыстарын түзету мен сөйлеуді дамыту: бұзылыстың механизмі, симптоматикасы мен оны жоюдың әдістемесіне байланысты сөйлеу бұзылыстарын түзету және тыныс темпі мен ырғағын тәрбиелеу Логопедиялық ритмика бойынша сабақтар сөйлеушіге көрулік бағдармен, оптико-кеңістіктік түсініктер мен дағдыларды дамыту үшін кең мүмкіндіктерді көрсетеді. Қозғалысты-музыкалы жаттығуларда уақыт бойынша қимылдардың болуының ұйымдастыратын фактор музыка болып табылады, ол қимылдардың орындалуының кеңістіктік рамкаларын да анықтайды. Қимылдықкеңістіктік жаттығулар балалардың шығармашылық көрінісінің соңғы нәтижесі болып табылады. Қимылдық-кеңістіктік жаттығулардың негізгі элементтері оның табиғи ырғағымен сөйлеу, би қимылдары мен ымдар болып табылады. Оларда ерекше назар сөйлеу ырғағына, акцентке, мелодияның айқындылығына беріледі. Логопедиялық ритмика жалпы қозғалыстар координациясын, жіңішке ерікті моторика мен бет мимикасын дамытуға әсер етеді. Қозғалыстар координациясын дамыту баланың қимылдық икемдер мен қимылдық дағдыларды меңгеруді болжайды. Олар музыканы қолдану кезінде жетіледі, ол орындау сапасына әсер көрсетеді, қозғалыс айқындылығы, ырғақтылық, нақтылық, бірқалыптылық жақсарады. Музыка қабылдау салдарынан қозғалыстардың эмоционалды бояуы оларға энергия немес жұмсақтық, үлкен шек немесе шыдамдылық береді, ал белгілі бір бейнелерді музыка мен қозғалыстар көмегімен жасау мимика мен пантомимиканы дамытуға әсер етеді. Догоритмика көмегімен темп пен ырғақты тәрбиелеуді түзетуші жұмыстың арнайы бөліміне ажырату қажет. Музыка жетекшісі өзіндік музыкалды-қимылдық-сөйлеу негізін жасайды, оны логопед пен тәрбиелеуші таза сөйлеу жоспарымен өз сабақатарында жетілдіреді. Мысалы, есімдерді соғумен, ән салуда ырғақты айту. Есімнің орнына гүл, ағаш, аңдар және т.с.с. атауларын сәйкес ырғақта таңдауға болады; сөйлеу бұзылыстарын түзету сөйлеу патологиясы бар балалардың қимылдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып та жүзеге асырылады. Логоритмикалық сабақтар психикалық үрдістерді дамытады – қабылдау, зейін, еске сақтау мен ойлау, эмоционалды сфераны дамытады. Осы сабақтар мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу үшін де үлкен мәнге ие, ол біздің уақытта өте маңызды - сабақ кезінде өзін ұстауды тәрбилеу, такт сезімі мен балалар мен үлкендердің қарым-қатынасы кезінде мәдени әдеттерді, бір-біріне қайырымдылықты қалыптастырады. Логоритмикалық және музыкалды-ырғақты қызмет бойынша түзетуші жұмыстар мен диагностиканы жүргізудің мүмкін құралдары мен әдістерін таңдай отырып, мектепке дейінгі жастағы балалардың жетекші қызметі ойын болып табылатынын ұмытпау керек, сәйкесінше барлық шаралар ойын түрінде жүргізіледі, сонда ғана олар балаларға қызықты болады, сәйкесінше оларды қызықтырады және елеулі нәтиже мен пайдалы әсер беретін болады. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1.ЕВРАЗИЙСКИЙ СОЮЗ УЧЕНЫХ (ЕСУ) Ежемесячный научный журнал № 9 (54) / 2018 6 часть, стр 5-7 2.www.google.kz Назарларыңызға рахмет! |