Главная страница
Навигация по странице:

  • Сынып жетекшісі

  • Педагогикалық психологиялық мінездеме. Педагогикалыпсихологиялы мінездеме


    Скачать 12.8 Kb.
    НазваниеПедагогикалыпсихологиялы мінездеме
    Дата11.03.2022
    Размер12.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПедагогикалық психологиялық мінездеме.docx
    ТипДокументы
    #391378

    Педагогикалық-психологиялық мінездеме


    Алматы облысы Іле

    ауданы Ақши ауылы

    №41 мектептің

    4 «Б» сынып оқушысы

    Мақсат Дамирге

    Мінездеме
    Мақсат Дамир дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, мектептің диспансерлік есебіне алынбаған.
    Отбасында жайлы тұрақты қарым - қатынас қалыптасқан. Әлкей толық отбасында тәрбиеленуде. Ата - анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүниетанымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.
    Әлкейдің оқу үлгерімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жұмысы жүйелі және бірізді.
    Сыныптастармен және мұғалімдермен қарым - қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Мектептің, сыныптың қоғамдық өміріне белсене араласады. Қоғамдық жұмыстарды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды. Мұғалімдердің сын ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Әдептілігі мен шыншылдығының, қайырымдылығы мен ізеттілігінің арқасында айналасындағылардың алдында беделді. Мақсатқа жету жолындағы ұмтылысы қуантарлық, өз мінез құлқын реттей алады. Өз мүмкіндігін бағалай алады. Құлшынысты, шығармашыл, еңбексүйгіш
    Қорытынды: Қарым - қатынас ережелері мен нормаларын сақтай біледі.
    Сынып жетекшісі: Усманова Алия


    написать администратору сайта