аттестация слайд 2022 ж 533. аттестация слайд 2023ж 533. Педагогтерді аттестаттаудан ткізу аидалары мен шарттары Педагог біліктілік санатына тиісті бейін бойынша педагогикалы немесе зге де ксіптік білімі бар немесе педагогтаылымдамашы
Скачать 1.1 Mb.
|
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары «Педагог» біліктілік санатына: тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе «педагог-тағылымдамашы» санатына қойылатын талаптарға сәйкес келетін қайта даярлау курстарынан өткен және кемінде 1 жыл педагогикалық өтілі бар адамдар; тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, бастапқыда «педагог-тағылымдамашы» санатын беруге ұсынылатын, Біліктілік тестілеуінен сәтті өткен адамдарды қоспағанда, оның ішінде: педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (жалпы педагогикалық өтілі 1 жылдан кем емес 5 жылдан аспайтын педагогикалық лауазымға қайта бастау мерзімі) және біліктілік санаты жоқ; «Педагог» санатына үміткер педагогтер № 338 бұйрыққа немесе кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік талаптарына және мынадай кәсіптік құзыреттерге сәйкес келуі тиіс: оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, оқыту және бағалау әдістемесін біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады; лессон стади Lesson Study сабақты зерттеуді жүргізеді, акшин ресерч Action Research әдісін қолданады; «Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларын сақтайды; «Педагог-модератор» біліктілік санатына: 1. Педагогикалық білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар 2. кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар адамдар: 3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар; 4. лессон стади Lesson Study сабақты зерттеуді жүргізеді, акшин ресерч Action Research әдісін қолданады; 5. аудандық/қалалық/облыстық деңгейдегі іс-шараларға қатысады, аудан/қала/облыс деңгейінде сабақ көрсетеді, сабақ рефлексиясын жүргізеді, өткізілген сабақтарға әріптестерінің оң пікірлеріне ие; «Педагог-сарапшы» біліктілік санатына:
лессон стади Lesson Study сабақты зерттеуді жүргізеді, акшин ресерч Action Research әдісін қолданады; аудандық/қалалық/облыстық деңгейдегі іс-шараларға қатысады, аудан/қала/облыс деңгейінде сабақ көрсетеді, өткізілген сабақтарға педагогтер мен әдіскерлердің оң пікірлеріне ие; «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген; білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді; оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді; 3. облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін); 4. кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар; 5. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, «Үздік педагог» атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады; 6. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (бар болса) деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын сындарлы айқындайды; 7. тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады; 8. интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады; 9. облыс/республика деңгейінде сабақтарды көрсетеді, өткізілген сабақтарға педагогтер мен әдіскерлердің оң пікірлеріне ие; лессон стади Lesson Study сабақты зерттеуді жүргізеді, акшин ресерч Action Research әдісін қолданады; басқа педагогтердің сабақтарын талдайды; 10. облыстық және (немесе) республикалық деңгейлердегі педагогтер үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады; «Педагог-шебер» біліктілік санатына: 1. жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, келесі кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар адамдар: 2. «педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа: 3. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе 4. Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болып табылатын адамдар; 5. Республикалық немесе халықаралық кәсіби конкурстардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады 6. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлерін немесе жеңімпаздарын дайындаған; 7. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, «Үздік педагог» атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады; 8. интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады; 9. тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды (болған жағдайда); 10. республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады; 11. Еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған (болған жағдайда) бейне -, телесабақтар дайындаған. 12. Lesson Study сабақты зерттеуді жүргізеді, акшин ресерч Action Research әдісін қолданады, өз шешімдері мен іс-әрекеттерін басқару, түзету және бағалау дағдыларын жүргізеді; 13. Облыс/Республика деңгейінде сабақтарды көрсетеді, өткізілген сабақтарға педагогтер мен әдіскерлердің оң пікірлеріне ие; 14. Басқа педагогтердің сабақтарын талдайды; 15. Педагогтерге арналған облыстық және (немесе) республикалық деңгейлердегі семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Біліктілік санаты келесі жағдайларда педагогтердің өтініші негізінде ұзартылады, бірақ бір жылдан аспайды: «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде; жүктілікке және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін; білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан ауысқан жағдайда. Педагогтер біліктілік талаптарына сәйкес санатқа біліктілікті тестілеуді бір жылдан кейін тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы Біліктілік тестілеуін тапсырған сәттен бастап бір жыл ішінде жүргізеді. Бұл ретте педагогтің осы кезеңде қолда бар біліктілік санаты сақталады. 30 және одан да көп жылдық педагогикалық өтілі бар зейнеткерлік жастағы педагогтер бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде Біліктілік тестілеуін тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан өтеді. Мынадай санаттағы педагогтерге: «санаты жоқ» біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына теңестіріледі; «екінші санат» біліктілік санаты «педагог-модератор» біліктілік санатына теңестіріледі; «бірінші санат» біліктілік санаты «педагог-сарапшы» біліктілік санатына теңестіріледі; «жоғары санат» біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» және (немесе) «педагог-шебер» біліктілік санаттарына теңестіріледі. 88. Біліктілік тестілеуі: педагогтер: күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз; күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде; Біліктілік тестілеуінің нәтижесі екі жылға (2023 ке дейін 1 жыл) жарамды деп есептеледі. Бейіні бойынша 30 және одан да көп жыл педагогикалық және өндірістік өтілі бар педагогтер жаңа жүйе бойынша берілген біліктілік санатын растаған кезде Біліктілік тестілеуін тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан өтеді. Біліктілік санатын арттыру кезінде тест негізде өтеді. Ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагогтер «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысқан кезде Біліктілік тестілеуін тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жалпылаудан өтеді. «Педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын алған кезде тестілеу негізінде өтеді. 2-параграф. Эссе жазу тәртібі 127. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы міндетті аттестаттау кезінде эссе жазады. Берілетін уақыт – 60 минут. Қолданылатын сөз саны – 250-300 сөз. Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған эссе тиісті сілтеме бойынша педагогтің жеке кабинетінде немесе педагог профилінде көрсетіледі. 128. Жазылған эссе педагогтің профиліне жіберіледі немесе ақпараттық жүйеде көрсетіледі. 129. Жазбаша эссе біліктілік санатын беруден бас тартуға негіз болып табылмайды. Біліктілік санатын беру (растау) үшін жалпы орта білім беру ұйымдары педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Орта білім беру ұйымдарының педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін
Дене шынықтыру мұғалімдері үшін:
|