Главная страница

Дәрілік өсімдіктер кмж. Педагогті атыжні Ынтыма Абота Серікбайызы


Скачать 126.55 Kb.
НазваниеПедагогті атыжні Ынтыма Абота Серікбайызы
Дата16.05.2022
Размер126.55 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДәрілік өсімдіктер кмж.docx
ТипДокументы
#533011



Пәні:

Экология

Педагогтің аты-жөні

Ынтымақ Ақбота Серікбайқызы

Күні:




Сынып: 6 ә,б,в,г,д,з,и,е

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер туралы біледі.

Көбі: Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер түрлерін ажырата алады.

Кейбірі: Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау шаралары туралы біледі.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

10

Мин


15 мин

10 мин

5 мин


І. Ұйымдастыру.
Қызығушылығын ояту. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді пысықтау.

Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Өсімдік өсуі үшін қандай жағдайлар керек екен?
- Өсімдік жыл мезгілдеріне байланысты қандай күйге ұшырап, қандай өзгеріске түседі?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Дәрілік өсімдіктердің суреттері көрсетіледі.
- Суреттегі өсімдіктер қалай аталады?
- Неліктен бұл өсімдіктерді дәрілік өсімдіктер деп атайды?
- Тағы басқа қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?
- Олар қайда өседі?

ІV. Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді оқу.
- Мәтінді жете түсіндіру, мазмұнын ашу.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы,
мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар.
Шырғанақтың жемісінен күйікке және жараға жағатын май алынады.
Итмұрынның жемісінен дәруменге бай дәмді қайнатпа және шырындар жасайды.
Таңқурай жаңа піскен, кептірілген, тоспа түрінде де өте пайдалы. Оны суық тиген кезде шайға салып ішу керек.
Шайқурайды халық 99 аурудың емі деп санайды. Онда пайдалы заттар өте көп. Жұпаргүл ас қорытуды жақсартады, суық тигенде көмектеседі. Бұл өсімдіктің атауының өзі оның жұпар иісі туралы айтып тұр. Жұпаргүлді шайға қоссаң, ерекше дәм және хош иіс береді.
Жолжелкеннің жараны емдеп жазуда көмегі көп. Жолжелкенді жараға жапсырып қойсаң, тез жазылады. Жолжелкеннің шырынынан жөтелді басатын дәрі дайындайды.

V. Шығармашылық тапсырма
А) Жұмбақтар шешу.
1 - топқа:
Өзіне шап - шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. ( Бақбақ)
2 - топқа:
Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз)
3 - топқа:
Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)
Ә) Осы жұмбақ шешуіндегі өсімдіктердің суретін салу.
Кері байланыс «Еттартқыш, қоқыс жәшігі, чемодан» әдісі бойынша



Үйге тапсырма: Дәрілік өсімдіктер туралы қосымша ақпарат жазып келу


Оқушылар сабаққа зейін қояды.

Үй тапсырмасын айтады.

Пысықтау сұрақтарына жауап береді.


Жаңа сабақ бойынша көрсетілген суреттерге байланысты жауап береді.

Мәтін бойынша жұмыс жасайды.Жаңа ақпараттармен танысады.

Шығармашылық тапсырма орындайды.Бірінші жұмбақтарды шешеді.Екінші

осы жұмбақ шешуіндегі өсімдіктердің суретін салады.

-Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқышқа салыңыздар.
- Сабақтағы керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар
-Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар.



Суреттер

Қима қағаздар

Суреттер

   







написать администратору сайта