|
Сабақ жоспар архимед заңы. Кері итеруші күш. Архимед заңы. Педагогті атыжні Осипова Аида Канатовна
Бөлімі:
| 7.3А Қысым
| Педагогтің аты-жөні:
| Осипова Аида Канатовна
| Күні:
| 17.02.2023
| Сыныбы:
| Қатысушылар саны: 9 Қатыспағандар саны: 0
| Сабақтың тақырыбы:
| Кері итеруші күш
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады: Кері итеруші күштің физикалық мағынасын түсінеді;
Көптеген оқуышылар істей алады: Кері итеруші күшті түсіне отырып анықтама береді және формуласын қолданады;
Кейбір оқушылар істей алады:Кері итеруші күштің формулаларын түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.
| Бағалау критерийлері
| -Кері итеруші күштің анықтамасын біледі табиғатын түсінеді
-Кері итеруші күштің пайда болу себебін біледі
-Кері итеруші күшті тәжірибеде тексереді
-Кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтай алады
| Құндылықтарға баулу
| Ұлттық қауіпсіздік – ауа тазалығы, кемеде өзен-су жағалауларында құтқару шеңбері, құтқару желетінде кері итеруі күш арқылы қауыпсіздікті ұйымдастыру.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
| Сабақтың басы
10 минут
| Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сергіту сәті. Сабақты «Кубик рубик» атты сергіту сәтімен бастау.
Топқа бөлу. «Лампа» әдісі арқылы оқушыларға лампа суреттері беріледі, оқушылар лампаға фонарик жағу арқылы қай топқа баратыны белгілі болады. 1 топ – Архимед, 2 топ - Күш
Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру
Ой қозғау.
Проблемалық сұрақтар: 1.Допты қолмен суға батырғаннан кейін қолымызды жіберсек, доп қайтадан су бетіне шығады. Неліктен?
2. Неге ауыр денелерді суда көтерген жеңіл? (Оқушылардың жауабынан соң): Демек, сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан кері итеруші күш әсер етеді. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет көне грек ғалымы Архимед есептеп шығарған болатын. Сондықтан бұл күшті Архимед күші деп те атайды.
| Оқушы кубик рубикті лақтыру арқылы, түскен сергіту сәтін орындау.
Лампаға фонарикпен жағып, топқа бөлінеді.
Оқушы проблемалық сұрақтарға жауап береді.
| ҚБ. «Смартфонмен бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
| Сабақтың ортасы
20 минут
| Судағы кері итеруші күш (видео)
1-жаттығу. Динамометрді қолдана отырып, салмақтары мен көлемдері әртүрлі объектілерді бірінші ауада, сосын суда өлшеңіз, нәтижесін кестеге жазыңыз.
Архимед күші объект салмағына байланысты ма?
2-жаттығу.
Көлемдері әртүрлі денелерді бірінші ауада, сосын суда динамометрмен өлшеңіз, нәтижесін кестеге жазыңыз.
3-жаттығу.
Денені алдымен ауада, сосын суда және сынапта динамометрмен өлшеңіз, нәтижесін кестеге жазыңыз.
Архимед күші сұйықтың тығыздығына байланысты ма?
Сергіту сәті. «Мозайка» әдісі Архимедтің кері итеруші күшті анықтауы
Аңыз бойынша Сиракуз патшасы Архимедке қолөнер шеберінің тәжді таза алтыннан жасаған, жасамағанын анықтауға тапсырма береді. Архимед тәжді сындыра алмады. Тәжді тексеру үшін оған басқа тәсіл ойлап табу қажет болды.
Архимед (287 – 212 б.з.б)
Ежелгі Грекиядағы ең танымал физик, математик ғалым. Ол конустың көлемі мен бетінің ауданын есептеу формуласын және сфера мен сфералық қақпақтың көлемін есептеп шығарудың жолын тапты. Ғалым Пидің дұрыс мәнін анықтап оны грек алфавитінің бірінші әрпі perímetros-пен белгілеген, ол шеңбер деген мағынаны білдіреді. Ғалым Архимед заңы деп аталатын заңды зерттеп, тұжырымдаған.
Архимед және тәж (видео)q
4-жаттығу.
Мына иллюстрацияда көлемдері бірдей, тығыздықтары әртүрлі және бір сұйықтыққа батырылған денелердің суреттері көрсетілген. Ең ауыр денеден ең жеңіл денеге дейінгі ретпен орналастырыңыз.
Архимед заңы
Сұйықтық ішіндегі денелерге қандай күштер әсер етеді? Архимед заңы бойынша сұйықтыққа батырылған денелерге жоғары бағытталған кері итеруші күш әсер етеді. Ол күштің шамасы дене ығыстырған сұйықтықтың салмағына тең.
m – дене массасы, ρ – сұйықтықтың тығыздығы, V – дененің көлемі, g – еркін түсу үдеуі.
Сұйықтыққа батырылған денеге әсер ететін Архимед күші (видео) Архимед заңын тексеру.
Сұйықтыққа батырылған денеге кері итеруші күш әсер етеді. Және оның шамасы дене ығыстырған судың салмағына тең.
Архимед шелегі (видео)
| Оқушы динамометрді қолдана отырып, салмақтары мен көлемдерді, әртүрді объектілерді суда өлшеп, нәтижесін кестеге жазады.
Көлемдері әр түрлі денелерді бірінші ауада, сосын суда динамометрмен өлшеп, нәтижесін кестеге жазады.
Денені ауада, суда және сынапта динамометрмен өлшейді, нәтижесін кестеге жазады.
Оқушылар мозайка қиындыларынан сурет құрастырады.
Ең ауыр денеден ең жеңіл денеге дейін ретпен орналастырады.
| Дескриптор:
-Судағы кері итеруші күш табиғатын түсінеді.
-Қорытынды жасайды.
Жалпы балл-2
Дескриптор:
Кері итеруші күш формуласын біледі.
-Есептер шығаруда қолдана алады.
Жалпы балл-3
Дескриптор:
-Архимед күшінің тығыздығы жайлы біледі.
Жалпы балл-4
Дескриптор:
- Тығыздықтардын ауыр және жеңіл дене айырмашылығы жайлы біледі.
Жалпы балл-5
| ДК экран
Слайд
Сұрақтар
Таратпа материал
ДК экран
Слайд
Сұрақтар
Таратпа материал
ДК экран
Слайд
Сұрақтар
Таратпа материал
|
| Сабақтың соңы.
10 минут Рефлексия Бағалау
Үй тапсырмасы
| Рефлексия: «Кері байланыс» әдісі арқылы «Сабақта маған ұнағаны...», «Ұсынысым» және «Сұрағым бар» атты сұрақтарға жауап жазу
Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау 128 бет, 4.6 жаттығу
| Оқушылар кері байланыс жасайды.
|
| Үлестірме қағаздар
|
| Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|
|
| Барлық оқушылар:
Архимед күшінің формуласын біледі
Көпшілік оқушылар:
-қысым ұғымын түсінеді;
-Кері итеруші күш ұғымын түсінеді;
-Архимед заңын түсінеді
Кейбір оқушылар:
Архимед күшінің формуласын пайдалана отырып есептер шығара біледі.
| - «Смартфонмен бағалау» әдісі арқылы жетонмен бағалау;
| Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Демонстрациялық тәжірибелер көрсету барысында приборлармен мұқият болу.
| Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
| |
|
|