мадениет. Пгс01 Амангельдинов Астам Шкрім дайберділы (18581931)
Скачать 18.99 Kb.
|
ПГС-01 Амангельдинов Астам Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды. Нұр Сұлтан қаласында 7 поликлиника ауданныңда көше Шәкәрім Құдайбердіұлы атымен атанған. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абайдың құрметіне аталған қалалар Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, Киевте, Ташкентте, Делиде, Каирде және тіпті Берлинде бар. Қазіргі уақытта, ұлы ойшылдың туындылары 60 тілге аударылған. Алматы қаласында Абай атындағы педагогикалық университет бар. 2020 жылы қазақ халқы Абайдың 175 жылдығын тойлады Шоқан Уәлиханов (1835-1865) Шоқан Уәлиханов аз уақыт өмір сүрсе де, қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ол өзінің отандастарының мәдениеті мен өмірін сипаттап, көшпелі тайпалардың өмір сүру құрылымы жайлы мәліметтерді көпшілікке таратты. Ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф және шығыстанушы – 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында туылған. Шын есімі Мұхаммед Қанафия, Шоқан деген атты анасы еркелетіп қойған. Ол Абылай ханның тікелей ұрпағы болып саналады, өйткені, атасы Уәли – Абылайдың үлкен ұлы. Уәли қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагері Ғұбайдолла Сібірге жер аударылды. Сол себепті, билік Уәлидің әйелі Айғанымның қолына өтті. Ресей Империясының патшасы Александр, Айғанымға арнап керемет зәулім сарай салып берген. Шоқан осы үйде дүниеге келді. 1961 жылы туберкулез ауруына шалдығып, дәрігерлердің кеңесі бойынша туған жеріне оралды. Қазақ халқының қиын өмірін көріп, оларды шенеуніктердің қатыгездігінен қорғау үшін 1862 жылы Атбасар уезінің аға сұлтаны болып сайланды. Ұлы саяхатшы 1965 жылы Тезек ауылында көз жұмды. Көкшетау қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы университет бар. |