Главная страница

Головы и ноги уровень 2 каз. Пифагор мектебі Таырып. Бастар жне аятар Дегей 2


Скачать 161.86 Kb.
НазваниеПифагор мектебі Таырып. Бастар жне аятар Дегей 2
Дата21.03.2022
Размер161.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГоловы и ноги уровень 2 каз.docx
ТипДокументы
#407324





«Пифагор» мектебі

Тақырып. Бастар және аяқтар

Деңгей 2






Жайлауда балалар қозыларды бағып жүр. Егер балалардың және қозылардың аяқтарын санаса 74 болады, ал бастарын санаса 22 болады. Жайлауда қозылардың саны нешеу?

Балалардың және қозылардың саны, олардың бастарының санына тең, яғни 22. Барлық 74 : 2 = 37 пар аяқ бар. Егер жайлауда тек балалар болса, онда балалардың аяқтарының саны бастарына тең болатын еді, яғни 22, бірақ олар көп. Егер баланы қозыға ауыстырса, онда аяқтың парының саны біреуге артады. Сонымен, бастардың жалпы саны мен аяқтың парларының жалпы санының айырымы – қозылар санына тең. Жайлауда 37 - 22 = 15 қозылар жайылып жүр. Балалардың саны 22 - 15 = 7 .



Есептер



Бір фермерде қозылар және тауықтар бар. Бір күні ол баласын қозы, таукықтарды санауға жіберді. Баласы жануарларды бөлек санамай, жалпы бастарын және аяқтарын санады. 112 аяқ және 46 бас шықты. Фермерде неше қозы және неше тауық бар?









Бірінші торда 4 балапан және 2 қоян бар, екінші торда 5 балапан бар.

а) Қай торда көздер саны көп және нешеге ?

б) Қай торда аяқтар саны көп және нешеге ?










Торда қояндар және балапандар отыр. Олардың барлығында 10 бас, 24 аяқ. Торда неше қоян және балапан бар?









Бірінші кәрзеңкеде 2 мысық, ал екінші кәрзеңкеде – 2 қораз және қаз бар.

а) Қай торда көздер саны көп және нешеге көп ?

б) Қай торда аяқтар саны көп және нешеге көп?











Жол бойымен торайлар мен қораздар жүріп барады. Оларда барлығы 11 құйрық, 30 аяқ. Торайлар саны неше және қораздар саны нешеге тең?









Патшада қозылар және жалғыз мүйізді бұқалар бар. Оларда барлығы 16 аяқ және 5 мүйіз бар. Патша сарайында жалғыз мүйізді бұқалар саны нешеу?









Бірнеше гномдар өздерінің пониларына жүк артып, алыс сапарға аттанды. Оларды троллдар байқап қалып, көшпенділердің 36 аяқ және 15 бас болғанын санады.Гномдардың және понилардың санын тап?









Банкада қоңыздар және өрмекшілер бар, оларда барлығы 10 дене және 68 аяқ бар. Әр қоңызда 6 аяқ бар. Әр өрмекшіде 8 аяқ бар. Банкадағы өрмекшілер мен қоңыздар санын анықтаңыз?









10 велосипедистте 27 дөңгелек бар. Велосипедтер 2 дөңгелекті және 3 дөңгелекті. Төрт дөңгелекті велосипед жоқ. Неше велосипедшінің дөңгелегінің саны үшеу, нешеуінікі екеу?









Дүкеннің жанында көліктер және екі дөңгелекті велосипедтер тұр. Олардың барлығы 10, ал дөңгелектердің саны 30. Қанша велосипед және қанша көлік тұр?









Тұрақта 10 автокөлік бар: жеңіл көліктер және жүк авто көліктер. Жеңіл автокөліктерде 4 дөңгелек, ал жүк автокөліктерде 6 дөңгелек бар. Барлығы 46 дөңгелек. Тұрақта неше жүк және неше жеңіл автокөлік бар?









Бөлмеде орындықтар және табуреткалар бар. Әр табуреткада 3 аяқ, ал орындықтарда 4 аяқ бар. Табуретка мен орындықтарының жалпы саны 5 –еу, ал аяқтарының саны 18.

а) Табуреткалар саны нешеу?

б) Орындықтар саны нешеу?









Инкубаторда 12 жұмыртқа болды. Олардың кейбіреулерінен балалпан, кейбіреулерінен жылан жарып шықты. Балалардың жалпы аяқтарының саны 16. Жыландар саны нешеу?









Инкубаторда 7 жұмыртқа жатты. Кейбіреулерінен қаздар, ал қалғандарынан қолтырауындар шықты. Барлығы 18 аяқ болды. Неше қолтырауын және неше қаздар бар?









Инкубаторда 20 жұмыртқа жатты. Кейбіреулерінен қаздар, ал қалғандарынан қолтырауындар шықты. Барлығының аяғы 54 болды. Жұмыртқаны жарып шыққан қолтырауындардың және қаздардың санын тап?









Инкубаторда 21 жұмыртқа жатты. Кейбіреулерінен үйректер, қалғандарынан үйректұмсықтар шықты. Олардың аяқтарының саны тең болды. Неше үйрек және неше үйректұмсық туылды?









Вова қорапқа өрмекшілерді және қоңыздарды жинады, олардың барлығы 8 дана. Егер қорапта барлығы 54 аяқ болса, өрмекшілердің саны нешеге тең?









Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 қораз және 2 тауық болды. Осында тағы қожайын итімен бірге кірді. Бөлмедегі аяқтар саны нешеге тең?









Хайуанда 2 оң аяғы, 2 сол жақ аяғы, 2 артқы аяғы және 2 алдыңғы аяғы бар. Хайуанда барлығы қанша аяқ бар?








написать администратору сайта