Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабаққа қатысқан ата-ананың аты-жөні: Игнатова Марина Васильевна ______________

  • Күні 21.12.2022 ПІКІР сабаққа/қатысуы ( Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна)

  • Сабаққа қатысушы: Әдістеме бірлестік жетекшісі ______ Аширбекова С.Е. Күні: 22.11.2022ж ПІКІРІ сабаққа/қатысуы (

  • «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ Тусупбекова Ж.Р. Күні: 06.02.2023ж ПІКІРІ сабаққа/қатысуы (

  • Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары: Такауиева С. Р. Күні: 30.01.2023ж ПІКІРІ сабаққа/қатысуы

  • Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары: Ковалева Т.В. Күні: 16.02.2023ж

  • дурыс пыкыр (2). Пікір атаананы сабааатысуы


    Скачать 23.37 Kb.
    НазваниеПікір атаананы сабааатысуы
    Дата17.04.2023
    Размер23.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладурыс пыкыр (2).docx
    ТипДокументы
    #1066547



    ПІКІР

    ата-ананың сабаққа/қатысуы
    Мұғалімнің аты-жөні: Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна

    Сабақтың өткен күні: 21.12.2022

    Сынып: 7 «А»

    Пән: қазақ тілі мен әдебиеті

    Тақырыбы: Киім кию мәдениеті. Стиль және сән.

    Жаңа сабақ болғандықтан мұғалім өткен тақырыпта өтілген сөздерді қайталатып , жаңа сөздерді байланыстырып, оқушылармен сөз тіркесімен, сөйлем құрау арқылы ойлау қабілеттерін дамытты. Оқылым дағдысын жұптық жұмыс арқылы тексерді. Жауап интербелсенді тақта арқылы көрсетіліп отырды. Сөздік диктантты өте жақсы орындаған оқушылардың есімдері анықталып, мадақтаулар айтылды. Қате жіберген оқушылардың қателеріне талдау жасалды. Жұмыс әрі қарай топтық жұмысқа жалғасты. Мұғалім Жаңа жылдың жақындағанына байланысты өткен барыс және келген қоян бейнесінде пазл құрастыруға арналған тапсырмалар берді. Балалар белсенді жұмыс атқарды. Келесі жұмыс түрі тақтамен жұмыс болды, оқушылар оқулықта берілген тапсырманы тақтада орындады. Жалпы оқушылардың өткен тақырыпты жақсы түсінгені байқалды, тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне сай жасалған.

    • Сабақтың мақсаттары, іс-әрекет жоспары оқушыларға қолжетімді және түсінікті болды, оқуға ынталандырды;

    • Оқу материалын көрсету сипаты (қол жетімді);

    • Мұғаліммен және оқушылар арасындағы жеке қарым-қатынасқа жағдай жасалды;

    • Мұғалім оқушыларды қызықтыра білді;

    • Білім беру ортасының жайлылығы (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жұмыс орындарын орналастырудың қарапайымдылығы) жақсы;

    • Психологиялық жайлылық: қолайлы климат (оқушыларға деген ізгі ниет, жеке және адамгершілік қатынас) сабақ барысында оқушылармен қарым-қатынасы жақсы, оқушыларды мадақтап жақсы, жарайсың деп қолдап отырды;

    • Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас стилі жақсы.

    Сабақ барысында мұғалім сабақты жақсы ұйымдастырды әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды, оқушылар сабаққа жақсы қатысты. Интер белсенді тақта, көрнекіліктер, кесте қағаздарын тиімді пайдаланды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы жақсы.

    Мұғалімге алғыс айтамын. Осындай жоғары деңгейде сабақ өткені үшін
    Сабаққа қатысқан ата-ананың аты-жөні: Игнатова Марина Васильевна ______________

    Оқушының толық аты-жөні: Шлякис Дмитрий Константинович

    Күні 21.12.2022

    ПІКІР

    сабаққа/қатысуы

    ( Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна)
    Сынып: 7 «А». Тақырыбы: «Отырар - өркениет ордасы».

    Сабақтың түрі, сабақтың мақсаттары, іс-әрекет жоспары білім алушыларға қолжетімді және түсінікті болды, оларды оқуға ынталандырды;

    • Сабақтың мазмұны оңтайлы, оқушылардың түсінігі үшін қолайлы құрылған;

    • Оқу материалын оқушылар жақсы түсінген және ізденушілік қабілеттері жоғары деңгейде;

    • Білім алушылар үшін жұмыстың әр түрлі формалары топтық, жұптық және жеке жұмыс, оқулықпен жұмыс түрлері қарастырылған;

    • Білім алушылардың тәжірибесін жаңартуға, олардың жеке қарым-қатынасына жағдай жасалды;

    • Сабақ жобалау-сараптамалық іс-әрекетте, зерттеу әрекетінде негізгі құзыреттіліктерді дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті;

    • Сабақ жеке тұлғаның коммуникативті дағдылар, тиімді қырым-қатынас пен ынтымақтастық, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық, рефлексивтілік, өзін-өзі бағалау және сыйластық қасиеттерін дамытуға ықпал етті;

    • Білім алушылар өздері үшін маңызды мәселелерді шешуге көмек алды;

    • Мұғалім білім алушыларды қызықтыра білді, аудиторияға ие бола алды;

    • Сынып бөлмесі оқушылардың білім алуына сай жабдықталған, оқушылардың жұмыс орындары сабақ барысына сай оқу құралдарымен қамтамасыз етілген;

    • Үлестірмелі материалдар, электронды тасымалдағыштағы материалдар оқыту және бағалау әдістері сабақтың мақсатына сәйкес келеді және білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес жасалған.

    • Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде;

    • Оқушылардың әр кезеңде жасаған жұмыстарын саралай отырып, мұғалім 10 ұпайлық жүйеде 50%-ын бағалады. Кері байланыс үшін рефлексия жасады. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тақтада ілінген шеңберге жауаптарын ілді;

    • Мұғалім сабақтың құрылымын оқушылардың білім деңгейіне сай құрастырған. Сабақтың әр кезеңін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты етіп өткізе білді. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері болды және әр жұмысқа талдау жасалып отырды.


    Сабаққа қатысушы: Әдістеме бірлестік жетекшісі ______ Аширбекова С.Е.

    Күні: 22.11.2022ж

    ПІКІРІ

    сабаққа/қатысуы

    ( Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна)

    Сынып: 7 «А». Тақырыбы: «Опера театрына барамын».

    Сабақтың басталуында оқушымен амандасып, түгендеп болған соң, сабаққа назар аударту мақсатында психологиялық тренинг жасап оқушылардың ойын бір жерге шоғырландыра алды. Оқушыларға осы сабақ барысында атқарылуы тиісті міндеті жарияланып сабақ мақсаты айтылды. Сабақ мақсаты қолжетімді, оқушылар орындау мүмкіндігіне сәйкес құрылған. Үй тапсырмасын сұрау «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы жүргізіліп, әрбір дұрыс жауапқа «монета» таратпасы берілді.

    Жұмыс әрі қарай топтық жұмысқа жалғасты. Балалар белсенді жұмыс атқарды. Қалыптастырушы бағалау өзара топтардың бірін-бірі бағалауы түрінде жүргізілді. Келесі жұмыс түрі АКТ қолдану арқылы өткізілді. Wordwall тақтасына QR- сканерлеп кіріп тапсырманы орындап, соңынан сол жерден бірден дұрыс нұсқасымен салыстырып өзін-өзі бағалады. Әрбір қате жауабы жалпы ұпайдан шегеріліп отырды. Жалпылама мадақтама арқылы қосымша бағаланды. Сабақтың әр кезеңіне кері байланы, бағалау жүргізіліп отырды. Сабақ соңында рефлекцияда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының жоғары болғандығы байқалды.

    Сабақтың мақсаттары, іс-әрекет жоспары оқушыларға қолжетімді және түсінікті болды, оқуға ынталандырды;

    • Оқу материалын көрсету сипаты (қол жетімді);

    • Мұғаліммен және оқушылар арасындағы жеке қарым-қатынасқа жағдай жасалды;

    • Мұғалім оқушыларды қызықтыра білді;

    • Білім беру ортасының жайлылығы (АКТ материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жұмыс орындарын орналастырудың қарапайымдылығы) жақсы;

    • Психологиялық жайлылық: қолайлы климат (оқушыларға деген ізгі ниет, жеке және адамгершілік қатынас) сабақ барысында оқушылармен қарым-қатынасы жақсы, оқушыларды мадақтап жақсы, жарайсың деп қолдап отырды;

    • Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас стилі жақсы.

    Сабақ барысында мұғалім сабақты жақсы ұйымдастырды әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды, жеке, жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастырылды, оқушылар сабаққа жақсы қатысты. Интер белсенді тақта, QR-тиімді пайдаланды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы жақсы.

    Мұғалімге алғыс айтамын. Осындай жоғары деңгейде сабақ өткені үшін
    «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ Тусупбекова Ж.Р.

    Күні: 06.02.2023ж

    ПІКІРІ

    сабаққа/қатысуы

    ( Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна)

    Сынып: 8 «А». Тақырыбы: «Ұлым – аспандағы жұлдызым ».

    Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна – жалпы 26жыл 8 ай жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар,оның ішінде осы мекемеде 17 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаз. Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өз білімі мен біліктілігіне сай жұмыстарын жасайды. Сабақтарында «оқушы -мұғалім» қарым- қатынасы өзара сыйластық пен жылы көзқараста қалыптасқан, жайлы орта құрастыра алатын ұстаздардың бірі.

    Байбосынова Алтынай өз пәнінен теориялык және практикалқ білімін жақсы меңгеріп, сабақтың құрылымын, мазмұнын өткен тақырыптармен сабақтастыра отырып құрайды. Сабақта жаңартылған білім беру мазмұны бойынша: «Топпен жұмыс», «Ақпараттық технологияны», «Теориялық-практикалық оқыту», «Тест технологиясы» т.б. кеңінен қолданады. Сонымен қатар өз сабақтарында заманауи әдістерді пайдаланып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты ашуға талпынатын білікті ұстаз.Әр сабағында тақырыпқа сай , оқушылардың жас ерекшелігіне сай көрнекіліктерді эстетикалық талғамдарға сай пайдаланады. Сондай-ақ өз сабақтарында сараланған тапсырмаларды тиімді пайдаланып,үлгерімі төмен, қабілетті оқушылармен жұмыстары да жүйелі орынға қойылған.

    Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна әр оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, жетістіктері үшін қуанады. Сабақтары әрқашан қызықты өтеді, барлық оқушының белсенді қатысуына жағдай жасайды. Оқушы еңбегін әділ бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін ескеріп отырады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, сабақта оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттері мен ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Ауызша сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын орынды қолданады. Оқушының өз ойын жүйелі жеткізуіне, пікірін дәлелдеуіне жағдай жасайды. Сабақ барысында қосымша материалды тиімді пайдалана біледі. Қазіргі заман талабына сай ақпараттық- коммуникативтік технология нысандарын - компьютер, сабақ презентацияларын кеңінен пайдаланады.

    Адал да ақ жүрегімен өз оқушыларына, ата- аналарына, мектептегі әріптестеріне қиын сәттерде қол ұшын беруге қашан да дайын. Оқушылары мен ата-аналарының, әріптестерінің алдында өзіндік беделі бар. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды.Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз.
    Мектеп директорының оқу- ісі

    жөніндегі орынбасары: Такауиева С. Р.

    Күні: 30.01.2023ж

    ПІКІРІ

    сабаққа/қатысуы

    ( Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна)


    Сынып 7 «А». Тақырыбы: «Киелі жануар»

    Жаңа сабақ болғандықтан мұғалім өткен тақырыпта өтілген сөздерді қайталатып , жаңа сөздерді байланыстырып, оқушылармен сөз тіркесімен, сөйлем құрау арқылы ойлау қабілеттерін дамытты. Оқылым дағдысын жұптық жұмыс арқылы тексерді. Жауап интербелсенді тақта арқылы көрсетіліп отырды. Сөздік диктантты өте жақсы орындаған оқушылардың есімдері анықталып, мадақтаулар айтылды. Қате жіберген оқушылардың қателеріне талдау жасалды. Жұмыс әрі қарай топтық жұмысқа жалғасты. Мұғалім Жаңа жылдың жақындағанына байланысты өткен барыс және келген қоян бейнесінде пазл құрастыруға арналған тапсырмалар берді. Балалар белсенді жұмыс атқарды. Келесі жұмыс түрі тақтамен жұмыс болды, оқушылар оқулықта берілген тапсырманы тақтада орындады. Жалпы оқушылардың өткен тақырыпты жақсы түсінгені байқалды, тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне сай жасалған.

    • Сабақтың мақсаттары, іс-әрекет жоспары оқушыларға қолжетімді және түсінікті болды, оқуға ынталандырды;

    • Оқу материалын көрсету сипаты (қол жетімді);

    • Мұғаліммен және оқушылар арасындағы жеке қарым-қатынасқа жағдай жасалды;

    • Мұғалім оқушыларды қызықтыра білді;

    • Білім беру ортасының жайлылығы (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жұмыс орындарын орналастырудың қарапайымдылығы) жақсы;

    • Психологиялық жайлылық: қолайлы климат (оқушыларға деген ізгі ниет, жеке және адамгершілік қатынас) сабақ барысында оқушылармен қарым-қатынасы жақсы, оқушыларды мадақтап жақсы, жарайсың деп қолдап отырды;

    • Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас стилі жақсы.

    Сабақ барысында мұғалім сабақты жақсы ұйымдастырды әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды, оқушылар сабаққа жақсы қатысты. Интер белсенді тақта, көрнекіліктер, кесте қағаздарын тиімді пайдаланды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы жақсы.

    Мұғалімге алғыс айтамын. Осындай жоғары деңгейде сабақ өткені үшін
    Мектеп директорының оқу- ісі

    жөніндегі орынбасары: Ковалева Т.В.

    Күні: 16.02.2023ж


    написать администратору сайта