Главная страница
Навигация по странице:

  • ПІКІР Мақсаты

  • пікір Нұрсұлтан. Пікір масаты


    Скачать 13.79 Kb.
    НазваниеПікір масаты
    Дата28.10.2022
    Размер13.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапікір Нұрсұлтан.docx
    ТипДокументы
    #760168

    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №14 мектептің 6 сынып оқушысы

    Есемурат Аннур мен Меңдіғали Назеркенің

    «Нұр-Сұлтан-асқарлы астанамыз» атты ғылыми жобасына


    ПІКІР
    Мақсаты: Елордамызға қуана,таңғалып барған сапарлары, астанамыз жайлы мәліметтер беру. Баланың ізгілік қасиеттерін дамыту. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің бас қаласы ел ордасын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

    Бұл ғылыми жобаның биылғы жылы еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына сый ретінде Нұр-Сұлтан қаласының тарихын зерттеуіне жол салды.

    Осы тұрғыдан келгенде Назерке мен Аннурдың Нұр-Сұлтан қаласына сапарымен ғылыми жобасының мәні өте зор.
    Тағы бір ескере кететіні, жас ғалымдардың бұрын зерттелмеген тың тақырыпты қарастырып отырғандығы. Ғылыми жобаны жазу барысында көп материалдар қарастырылғаны байқалады.

    Ғылыми жоба мектеп оқушысы деңгейіне лайықты, сауатты жазылған. Қыздарымыз өз бетінше әртүрлі әдебиеттерден бірнеше жаңалықтар таба білді.
    Мектеп оқушысы бола тұра, осындай тың да күрделі такырыпты барынша аша білгендігіне қарап оның болашағынан үлкен үміт күтуге болады деп сенеміз.

    Аннур мен Назерке ғылыми жұмыстарын орындау барысы облыстық мұражай мен кітапханадан бастау алды. Облыстық кітапханада отандық авторлардың еңбектерін оқып, зерттеушілікпен айналысты. Сонымен қатар мектеп кітапханасынан да ізденіп, ойдағыдай қорытынды жасай алды

    Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы ғылыми жұмыстың мазмұны дұрыс жүйелі түрде баяндалған. Әр тарау бойынша қорытынды тұжырымдар жасалды.


    Аталған тақырыпты тыңғылықты зерттеуді қолға алған Назерке мен Аннурға сәттілік тілей отырып, ары қарай жұмысының жалғасын табатынына үлкен сенім білдіремін.

    Пікір білдіруші:

    Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві,коммуналдық

    мемлекеттік мекемесі,архив құжаттарын пайдалану және жариялау

    бөлімінің архивисі,доцент

    Тарих ғылымдарының кандидаты Абланова Э.А.


    написать администратору сайта