|
коучинг. Пиза коучинг 2021. Pisa халыаралы зерттеуі тапсырмаларын орындату арылы оушыларды ойлау ккжиегін кеейту
-
Коучингтің тақырыбы
| PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту
| Жалпы мақсат
| 1. PISA бағдарламасы бойынша мұғалімдерге жалпы түсінік беру.
2.Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.
3. Әр тыңдаушының тапсырманы орындау негізінде ойларын, сезімдерін білдіруі.
| Сілтеме
| Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 41-49-б
PISA тапсырмалары
| Оқу нәтижелері
| PISA тапсырмаларын сыни ойлау арқылы бірлескен топтық жұмыста шешімін анықтауға үйренеді, бағдарлама негізінде мәтінді жаңа форматта талдауға үйренеді, істі тәжірибесінде пайдалануға қадам жасайды.
| Негізгі идея
| Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.
| Қолданылатын материалдар
| А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам.
| Дереккөздер
| PISA тапсырмалары , портал материалдары
| Коучинг жоспарының барысы
Кезеңдері
| Коучтің іс-әрекеті
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| 1.Кіріспе кезең
Коучтің кіріспе сөзі
Мұғалімдерге жағымды психологиялық жағдай тудыру
| Сәлемдесу. Өлең шумағын құрастыру арқылы топтастырамын. Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! «Торай мен печенье» мультфильмін көрсету.
Қорытынды: мұғалім де алға қойған мақсатқа жету үшін (печеньені алу үшін) әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданады.
|
Өлең шумағын құрастыру арқылы 3-топ құрылады.
Торайдың іс-әрекеті мен мектептегі мұғалімнің іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?- сұрағына ауызша жауап береді.
| 2.Негізгі кезең
Тақырыптың мазмұнын ашу
Жеке, топтық жұмыс
Теориялық материал
| 1-топ. Оқушының білім алу жетістіктерін бағалау түрлері. «Фишбоун» әдісі бойынша толтыру.
Бағалау түрлері
Жетістіктері
2-топ. Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Постер қорғау.
3-топ. PISA дегеніміз не?
«Идеялар корзинасы» әдісі арқылы түсіндіру.
Топтардың жауабынан кейін қысқаша мәлімет беру
PISA дегеніміз не?
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен жүзеге асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама
PISA халықаралық зерттеуі
-барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды.
- оқушылардың қабілеттерін емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
-білім алушылардың академиялық білімдерін бағалауға емес, білімді өмірде (өмірлік дағды) тәжірибе жүзінде пайдалана алуға бағытталған.
Зерттеу 3 бағытта жүреді: «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылығы», «жаратылыстану сауаттылығы».
|
Берілген схема бойынша жұмыс жасайды. Өз ойларын жазады.
Берілген сұраққа сәйкес ойларын плакатқа түсіреді Берілген «идеялар корзинасына» өз идеяларын жазып, бөліседі Соңынан әр топ өз жұмысын қорғайтын болады.
| Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс
| PISA тапсырмалары:
Интернетпен байланыс
Марк (Австралиядағы Сиднейден) және Ганс (Германияның Берленинен) бір-бірімен Интернет арқылы хабарласып тұрады. Олар интернет арқылы дұрыстап сөйлесу үшін екеуі бірдей уақытта шығуы тиіс.Сөйлесуге тиімді уақытты анықтау үшін, жер шарының әр түрлі бөліктеріндегі уақыттар көрсетілген кестені Марк көріп, Маркмынандай хабарлама тапты:
Гринвич 24.00 (түн ортасы)Берлин 1.00 Сидней 10.00
1- сұрақ
Сиднейде 19.00 болғанда Берлинде қандай уақыт болады?
Жауабы:Азанғы10 немесе 10.00 2-сұрақ
Марк пен Ганс жергілікті 9.00 ден 16.30 аралығында мектепте болғандықтан бір-бірімен хабарласа алмайды. Сонымен бірге олар 23.00 мен 7.00 аралығында хабаласа алмайды себебі бұл кезде ұйқыда болады. Олар асықпай сөйлесу үшін қандай уақыт тиімді болады?
Кестеде әрбір қаланың жергілікті уақытын көрсетіңдер.
| Тапсырманы топпен талқылайды, шешуін табады және осы тапсырмаға ұқсас өз пәндері бойынша тапсырма құрастырады
| Практикалық жұмыс
| 30 ақ парақ пен 1 скотчты пайдаланып мұнара жасау керек және жасалған мұнараға ат қою.
Ескерту: Қағазды қиюға болмайды.
Жұмысты бағалау критерийлері:
Биіктік Мағына Салмақ
| Топпен жұмыс жасайды
Жұмысты аяқтаған соң берілген критерийлер бойынша топтар бірін-бірі бағалайды соңында
| 4. Рефлексия
| Тақтаға «Таным ағашы» ілінген. Бүгінгі коучинг сабақ туралы ойларын стикерге жазып қалдыру
| Мұғалімдер өз пікірлерін жазады.
| |
|
|